Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016


Антропоним Кирил жазуы



Pdf көрінісі
бет64/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

Антропоним

Кирил жазуы 

бойынша

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы 

бойынша 

транскрипциясы

deʙǝt   ulь

дебәт ұлы

Дебәтұлы


ǝʙdikǝrim  kelini q.

әбдікәрім келіні қ.

Әбдікәрім келіні Қ.

naƣaj   kelini

нағай келіні

Нағай келіні

nurim  kelini  qazьjna

нұрім келіні қазыйна

Нұрым келіні Қазина

toqtaʙaj  ulь

тоқтабай ұлы

Тоқтабайұлы

өtep  ulь

өтеп ұлы


Өтепұлы

«Әйел теңдігі» журналы, 1931 ж., №11-12



Антропоним

Кирил жазуы бойынша

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы бой-

ынша транскрипциясы

Aqьmet ulь

Ақымет ұлы

Ахметұлы


Bajmaƣamʙet ǝjeli

Баймағамбет әйелі

Баймағамбет әйелі

Cajmardan kelini 

Zaƣьjla

Шаймардан келіні 

Зағыйла

Шаймардан келіні Зағила

Cajsultan qьzь

Жайсұлтан қызы

Жайсұлтанқызы

Çangeldi ulь

Жангелді ұлы

Жангелдіұлы

Çoldaʙaq ǝjeli

Жолдабақ әйелі

Жолдабақ әйелі

Çolman qьzь

Жолман қызы

Жолманқызы

Çumaƣul qьzь

Жұмағұл қызы

Жұмағұлқызы

Çyrgenʙaj ǝjeli ʙǝdece Жүргенбай әйелі Бәдесе Жүргенбай әйелі Бәдесе

Galacөkin

Галашөкін

Голощёкин

Qalaʙaj kelini

Қалабай келіні

Қалабай келіні

Qanapьja ǝjeli Bǝʙic

Қанапыйа әйелі Бәбіш

Қанапия әйелі Бәбіш

Qultajǝjeli Turьmca

Құлтай әйелі Тұрымша

Құлтай әйелі Тұрымша

Qьrçigit kelini Sylkylke Қыржігіт келіні Сүлкүлке Қыржігіт келіні Сүлкүлке

Tөlegen ǝjeli Beʙarap

Төлеген әйелі Бебарап

Төлеген әйелі Бебарап

Tөlek ulь

Төлек ұлы

Төлекұлы

Әʙeken qьzь

Әбекен қызы

Әбекенқызы

Өteʙaj

Өтебай


Өтебай

Антропонимика


65

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Өtep qьzь

Өтеп қызы

Өтепқызы


Ьjsaulь Oraz

Ыйса ұлы Ораз

Исаұлы Ораз

Берілген кісі аттарының тізімінен байқағанымыз 1931 жылы кісі есімдерін 

жазуда ер кісі есімін жазғанда ulь-ұлы (өtep ulь, toqtaʙaj ulь, Çangeldi ulь, Aqьmet 

ulь)  деп  көрсеткен,  ал  әйел  адамның  есімін  жазуда  қызы  не  әйелі,  не  келіні 

(Çetpispaj qьzь, Çumaƣul qьzь, Әʙeken qьzь, Çolman qьzь, Çyrgenʙaj ǝjeli ʙǝdece, 

Çoldaʙaq ǝjeli, Sǝrsemʙaj ǝjeli, Bajmaƣamʙet  ǝjeli, ǝʙdikǝrim kelini. q., naƣaj kelini,  

Qalaʙaj kelinі, Cajmardan kelini Zaƣьjla) деп көрсетіп отырған. Қазіргі кезде кісі 

аттарында «ұлы», «қызы» бірге жазылып жүр. Ал «келіні» сөзі ресми сипаттан 

гөрі, ауызекі сөйлеу стилінде көп қолданылады.

«Әйел теңдігі» журналы, 1931 ж., №1­2­3

Топоним

Кирил жазуы бойынша 

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы 

бойын ша транскрипциясы

ʙǝkyv


бәкүу

Баку


Leuingirat

леұінгірат

Ленинград

Maqancь


мақаншы

Мақаншы


mǝskev

мәскеу


Мәскеу

qazaƣьstan

қазағыстан 

Қазақстан

qostanaj

қостанай


Қостанай

stalingirat

сталінгірат

Сталинград



«Әйел теңдігі» журналы, 1931 ж., №11­12

Almatь qalasь

Алматы қаласы

Алматы қаласы

Arьs aydanь

Арыс ауданы

Арыс ауданы

Maqtalь avdanь

Мақталы ауданы

Мақталы ауданы

Qaskeleŋ kǝmyvnasь

Қаскелең кәмүунасы

Қаскелең коммунасы

Qazaƣьstan

Қазағыстан

Қазақстан

Sozaq aydanь

Созақ ауданы

Созақ ауданы

Temir aydanь

Темір ауданы

Темір ауданы

 

1941 жылы шыққан «Социалистік Алтай» газетіндегі кісі аттарына келсек, бұл 



жылы шыққан мақалаларда кісі аттарының көбі қазіргі қазақ әдеби тілінің нор-

масына сай латын әліпбиі бойынша жазылған.  1940 жылғы латын әліпбиі 1931 



Антропонимика


66

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

жылғы  баспасөз  беттеріндегі  латын  жазуына  қарағанда  едәуір  жеңілдетілген. 

1940 жылғы латын жазуларында қос дыбыстар мүлдем кездеспейді, оларды (қос 

дыбыстарды)  «i»,  «u»,  «ū»  таңбаларымен  алмастырған.  Есесіне  қазіргі  таңда 

қолданыста жүрген «х» (х), «v» (в) таңбалары енгізілген. 1931 жылы қазіргі қазақ 

тіліндегі «у» таңбасының рөлін атқарған «v» 1940 жылы «в» таңбасының орны-

на қолданылған.

1940  жылғы  «Социалистік  Алтай»  газетіндегі  мақалаларда  кездесетін 

кісі  есімдері  1931  жылғы  мақалаларда  кездесетін  кісі  есімдерінен  қарағанда 

айтарлықтай айырмашылықтар бар. 1940 жылғы мақалаларда орыс тілінен ен-

ген ­ov, ­ev, ­ ovа,­ eva (­ов, ­ев, ­ова, ­ева) фамилия жасаушы аффикстер жаппай 

қолданыла бастаған. 1931 жылғы мақалаларда мұндай фамилия жасаушы аффик-

стер мүлдем кездеспейді. Бұл факт орыс тілінің фамилия жасаушы аффикстері 

қазақ есімдер жүйесіне 1940 жылы «мықтап еніп» алғанын көрсетеді. Бұл кезеңде 

орыс тіліндегі әке атын жасаушы ­ович, ­евич, ­овна, ­евна аффикстері мақалада 

кездеспейді. Қазіргі кезде қазақ азаматтары КСРО кезінде ата-анасының, өзінің 

құжаттарында тегі мен әкесінің аты ­ов, ­ев, ­ова, ­ева,­ович, ­евич, ­овна, ­евна 

аффикстерімен жазылғандықтан, осы аффикстерден өз еріктерімен бас тартып, 

тегі мен әкесінің атын қазақ ұлттық есімдер жүйесінде қалыптасқан дәстүр бой-

ынша қайта рәсімдетіп жүр.

1940  жылғы  «Социалистік  Алтай»  газетіндегі  мақалаларда  кездесетін  жер-

су аттарының транскрипциясы қазақ тіліндегі жер-су аттарының қазіргі кездегі 

таңбалануымен сәйкес келеді. Дегенмен, 1940 жылғы мақалаларда жер-су атта-

рын латынша таңбалауда орыс тілінің ықпалы көрініп тұр. Күні бүгінге дейін 

орыс  тілінде  бұрмаланып  жүрген  қазақ  тіліндегі  тарихи  жер-су  аттарының 

бұрмалану  үдерісі  сол  кезден  бастау  ала  бастағанға  ұқсайды.  Мақалаларда 



Alma­ata qalasь, Bolce­Narьn, Sarь­өzek сияқты атаулардың таңбалануында орыс 

тілінің ықпалы сезіледі. Жалпы қазақ тілінің емле ережелеріне қатысты сол кез-

де С.Аманжолов жер-су аттарына байланысты дұрыс жазу ережелерін ұсынған. 

«Қазақстанның географиялық атаулары транскрипциясының негізгі ережелері» 

жобасында: «Составные нерусские названия географических объектов Казахста-

на (казахские, узбекские, киргизские, уйгурские, туркменские, татарские, баш-

кирские, калмыцкие, дунганские, корейские, немецкий и др.) во всех случаях 

пишутся слитно. Например: Всегда пишется Атбасар, Тарбагатай, а не Ат-Басар, 

Тарбага-Тай. Соответсвенно нужно писать Актау (Ақтау), Каракум (Қарақұм), 

Сарысу, а не Ак-Тау, Кара-Кум, Сары-Су (и не Ак-тау, Кара-кум, Сары-су)» [2, 

317] деп көрсеткен. Қазіргі күнге дейін Алматы атауы интернет желідегі фейс-

бук парақшада орналасқан жерді көрсеткенде «Алма­ата» деп шығады. 



Антропонимика


67

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Социалистік Алтай, 1940 жыл 

Топонимдер

Кирил жазуы бойынша

транскрипциясы

Қазіргі кирил жазуы бой-

ынша транскрипциясы

Accьsai

Ашшысай


Ащысай

Alma-ata qalasь

Алма-ата қаласы

Алматы қаласы

Altai

Алтай


Алтай

Aqtөʙe


Ақтөбе

Ақтөбе


Bolce-Narьn

Болше-Нарын

Үлкен Нарын

Ḉapon


Жапон

Жапония


Cjmkent

Шімкент


Шымкент

Emʙa


Емба

Ембі


Ertjs

Ертіс


Ертіс

Germania


Германиа

Германия


Leninaʙad

Ленинабад

Ленинабад

Mǝskeu


Мәскеу

Мәскеу


Qaraƣandь

Қарағанды

Қарағанды

Qьtai


Қытай

Қытай


Sarь-өzek

Сары-өзек

Сарыөзек

Stalinaʙad

Сталинабад

Сталинабад

Zaisan

Зайсан


Зайсан

Zirǝn


Зирән

Зырян


Тәḉjkstan

Тәжікстан

Тәжікстан

Қорыта келгенде, кісі есімдерін, жер-су аттарын жазуда 1931 жылғы латын 

әліпбиі  мен  1940  жылғы  латын  әліпбиінің  арасында  едәуір  айырмашылықтар 

бар. 1931 жылғы латын әліпбиінің кемшіл тұстары көп болғанымен, қазақ ұлт-

тық есімдер жүйесіндегі дәстүр жалғастығы сақталған. Яғни кісі аттарын жаз-

ғанда  ulь-ұлы  (өtep  ulь,  toqtaʙaj ulь,  Çangeldi ulь, Aqьmet  ulь),  қызы,  әйелі,  не 



келіні (Çetpispaj qьzь, Çumaƣul qьzь, Әʙeken qьzь, Çolman qьzь, Çyrgenʙaj ǝjeli 

ʙǝdece,  Çoldaʙaq  ǝjeli,  Sǝrsemʙaj  ǝjeli,  Bajmaƣamʙet    ǝjeli,  ǝʙdikǝrim  kelini.  q., 

naƣaj  kelini,    Qalaʙaj  kelinі,  Cajmardan  kelini  Zaƣьjla)  деп  көрсетіп  отырған. 

1940 жылғы мақалаларда латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуы анағұрлым 

жетілдірілгендігі, толықтырылғандығы көрініп тұр. Дегенмен, осы тұста мақала-

ларда қазақ азаматтарының аты-жөндерінде орыс тілінен енген ­ov, ­ev, ­ ovа,­ eva 



(­ов, ­ев, ­ова, ­ева) фамилияжасаушы аффикстер жаппай қолданыс тапқан. Жер-

су аттары орыс тілінің әсерінен бұрмалана бастаған, екі сөзден бірігіп жасалған 

топонимдерді дефис арқылы жазу белең алған. 

Антропонимика



68

ХАБАРШЫ


Ономастикалық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет