Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016


«Қазақстан  Республикасының  геогра-



Pdf көрінісі
бет67/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ

«Қазақстан  Республикасының  геогра-

Орайлы ұсыныс


71

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

фия лық атау ла рының қазақ тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қазақ 

тіліне берілуібойынша» ұсынымынасәйкес берілуін басшылыққа алу;

11) өзгертілген көшелер, даңғылдар, орамдар және т.б. атауларының көрсет-

кіштері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық онома-

стика комиссиясы мақұлдаған 



«Республикалық, облыстық, аудандық маңызы 

бар қалалардағы, астанадағы, кент, ауыл және басқа да елді мекендердегі 

көше  аншлагтарын  жазу  және  орналастыру  жөніндегі»  ұсынымға  сәйкес 

берілуін басшылыққа алу. 



3. Объектілерге атау беру және қайта атау тәртібі

3. Объектілерге атау беру және қайта атау кезінде:

3.1.Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  жанындағы  Республикалық  онома-

стика комиссия  мемлекет меншігіндегі объектілерге, мемлекет қатысатын заңды 

тұлғаларға және басқа да әкімшілік-аумақтық бірліктердің құрамдас бөліктеріне 

(даңғылдарға, көшелерге, орамдарға, саябақтарға, көпірлерге) атау беру және 

оларды қайта атау жөнінде шешім қабылдау кезінде ең бірінші кезекте Қазақ 

халқының, қазақ елінің тарихында айрықша орын алатын, жалпы халық білетін 

әрі  құрмет  тұтатын  ұлы  тұлғалардың,аса  көрнекті  мемлекет,  қоғам,  ғылым, 

мәдениет қайраткерлерінің, мемлекеттік жоғары наградалармен  марапатталған 

және басқа да  ерекше еңбек сіңірген жеке адамдардың есімдерін беруді негізге 

алуы қажет;

3.2. білім және мәдениет мекемелеріне Қазақстан тарихындағы аса көрнекті 

тұлғалардың, аталған салаларға айрықша еңбек сіңірген республикаға танымал 

адамдардың ғана есімдері берілуі шарт;

3.3.бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң шегiндегi объектілерге (белім беру, мәде-

ниет, спорт және денсаулық мекемелері) бiр атауды бiр мәрте ғана беру тәртібін 

қа  таң бақылау;

3.4. тұлғаларға атау беру олардың қайтыс болған күнінен бастап кемінде 5 

жыл өткен соң ғана жүзеге асырылады;

3.5.  облыстық,  аудандық  маңызы  бар  қалалардағы  объектілерге,  мемлекет 

қатысатын  заңды  тұлғаларға  және  басқа  да  әкімшілік-аумақтық  бірліктердің 

құрамдас бөліктеріне (даңғылдарға, көшелерге, орамдарға, саябақтарға, кө пір­



лерге) атау беру және қайта атауда бірінші кезекте осы ұсынымның 3.1. тәр ті бін 

басшылыққа алады;

3.6. жергілікті атқарушы органдар тарапынан ономастикалық нысандардың та-

рихи және дәстүрлі атауларын қалпына келтіруге қатысты ұсыныстарды(қабылдау/

қарастыру) зерделеу және пысықтау мақсатында құрылған ғалымдар мен онома-

стика саласының мамандарынан тұратын жұмыс топтарының сараптамаларын 

негізге алады;

Орайлы ұсыныс



72

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

3.7. объектілерді көзі тірі адамдардың есімдерімен атауға болмайды;

3.8. объектілерге атау беру, атау берілген (өзгертілген) күнінен бастап он жыл 

өткеннен кейін ғана жүзеге асырылады;

3.9.әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, 

автовокзалдарға объекті орналасқан сол елді мекеннің, қаланың атауы беріледі, 

бірнеше объектілер кездескен жағдайда олар реттік сандармен белгіленеді (мы-

салы, 1- Астана, 2- Астана);

3.10.метрополитен стансаларының атауы объектінің орналасқан аудан, көше, 

әкімшілік  ғимаратының,  табиғи,  тарихи-мәдени,  қала  құрылысы  және  өзге  де 

маңызды объектілерге сәйкес алынады;

3.11.  ұсынылатын  атаулар  Қазақстан  Республикасының  тарихы  мен  мәде-

ниетіне,  мемлекеттік  және  қоғамдық  мүддеге,  моральдық  және  адамгершілік 

қағидаларына  сәйкес  келуі  тиіс,  сонымен  бірге  нысан    атаулары  атқаратын 

қызметіне сай ақпарат беруі тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет