Қалалық мәслихаттың тұрақты
комиссиясының жария тыңдауының хаттамасы
№ 20 2017 жылғы 14 желтоқсан
КҮН ТӘРТІБІ:
Карл Маркс даңғылын Қазыбек би даңғылына қайта атауды келісу туралы.
ТЫҢДАДЫ:
А.Б. Нұрғалиев – Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облыстық сотының төрағасынан, Ардагерлер кеңесінен және Ақсақалдар кеңесінен, Өскемен қаласының 19 тұрғын ауданының тұрғындарынан Карл Маркс даңғылын Қазыбек би даңғылына қайта атау бойынша ұсыныстар келіп түсті. Қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту мәселесі жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бойынша жұмыс тобы Қазыбек бидің және Карл Маркс даңғылы атауларының материалдарын, өмірбаяндарын, тарихын зерттеді. Зерттеу барысында, «Өскемен қаласының автомобиль жолдарының тізімін бекіту туралы» 2000 жылғы 7 шілдедегі № 2353 Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласының әкімінің шешімінен басқа архивтік мәліметтер жоқ екендігі анықталды. Тарихи мәліметтер бойынша Қазыбек би қазақ мемлекеттілігінің дамуына үлкен үлес қосқан, қазақтың бірыңғай орталықтандырылған мемлекеттін нығайтудың, оның егеменділігін және аумақтың тұтастылығын қорғаудың және білім берудің бастамашыларының бірі. Қазыбек би Төле бимен және Әйтеке бимен бірге үш жүзді біріктірудің бастамашылары ретінде тарихқа енген, ол Тәуке хан кезінде қабылданған және «Жеті жарғы» (Семь устоев) деп аталған заңдар жинағының авторларының бірі. Осы жылы ұлы шешеннің, қоғам қайраткерінің, Ресейде Қазақстанның елшісінің, өз уақытының алдыңғы ойшылының, Қазақстанның заманауи аумағының орталық, солтүстік және шығыс бөліктерін алып жатқан Орта жүздің бас биінің, қазақ ханы Тәукенің кеңесшісінің 350-жылдығы тойланады. Сондай-ақ ол үнемі Ресеймен тату көршілік қатынастарға шақырғандығы белгілі. Қаланың аумақтық жопарына сәкес Карл Маркс даңғылы 14 және 19 шағын аудандардың ортасында орналасқан, көшенің ұзындығы 3000 м, ені 1000 м. Осы даңғылда тұрып жатқан тұрғындардың саны шамамен 5000 адам. Бүгін Сіздерге Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы Заңының тізіміне сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынылған. Осыған байланысты қалалық мәслихатқа Карл Маркс даңғылын Қазыбек би даңғылына қайта атау туралы ұсынысты қарастыруды ұсынамыз.
СӨЗ СӨЙЛЕГЕНДЕР:
А. Абдыкаликов – Қадірлі жиналған қауым бүгін гі күні билердің атын қою өте дұрыс. Қазыбек би бұрынғы ғасырлары өте әділ, өте түзу, көп еңбек сіңірген адам. Оны бағалағандарыңызға көп рахмет. Барлықтарыңа денсаулық береке, жақсылық тілеймін.
Г. Алипова – Армысыздар жерлестер, жиналған қауым. Атауларды беру мәселесі елбасымыздың рухани жаңғыру аясындағы дүниеге келген идея. Бұл идеяны жүзеге асыру ең бірінші Көкшетау, Астана қалаларынан басталған. Астанада көптеген көшелердің атаулары Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің аттарымен аталған. Жақында Шығыс Қазақстан облысымызда ұлттық ғылыми практикалық конференция болып өтті. Сол жерде біздің облыстық сотымыздың төрағасы ұсыныс енгізді. Қаралып отырған мәселе келешек ұрпағымыз үшін маңызды мәселе деп ойлаймын. Біздің конститутциямыздың көптеген тараулары осы жеті жарғыдан алынып отыр. Сондықтан сіздердің қолдауларыңызды сұраймыз.
П.Н. Сушко – Карл Маркс көшесін кездейсоқ атаған. Ол Қазақстанда тұрмаған. Ол кеңес уақытының идеологиялық бағыты болған. Ал Қазыбек би – Қазақстанның ұлы тұлғасы, үздік дипломат, шешен адам. Оны қазақ халқының жаулары құрметтеген. Мен көшеге оның атын қою лайықты деп санаймын.
М.Ш. Екібасова – 2017 жылғы 29 қарашада әкімдік құжаттарды қарастыруға жолдады. «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының және қалалық мәслихаттың регламентінің негізінде қалалық мәслихат хатшысының 2017 жылғы 30 қарашадағы өкімімен жария тыңдауларды өткізу үшін жұмыс тобы құрылды, оның құрамына: Майраш Шайзадақызы Екібасова, Оралхан Рақымжанұлы Тлеукенов, Станислав Александрович Каримов, Маржан Бахыт, Серік Оразбайұлы кіреді.
Жұмыс тобының отырысында жария тыңдаудың тәртібі белгіленген. Әкімдік ұсынған құжаттар тұрақты комиссияның қарауына шығарылады.
М.В. Тесленко – Көшені қайта атау тұрғындар үшін қаншаға шығады?
О.А. Булавкина – «Әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс туралы» ҚР Заңына сәйкес қайта атау бойынша шығындарды жергілікті атқарушы орган қамтамасыз етеді. Бір аншлаг 7000 теңге тұрады, көшеде 41 тұрғын үй орналасқан. Шығындардың сомасы 287 000 теңгені құрайды. Қала тұрғындары қайта атауға кеткен шығындарға жауап бермейді.
С.А. Климов – Қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықтың пікірі ескеріледі. Бұл жерде осы даңғылдың тұрғындары қатысып отырма.
М.Ш. Екібасова – Бүгін бізің отырысқа қала тұрғындары қатысып отыр. Хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған. Бұл ашық отырыс.
С.А. Климов – Ольга Александровна аншлагтың құнын айтып берді, бірақ онда үлкен және шағын кәсіпорындар бар және тұрғындарға мөрлерін, мөртаңбаларын, бланктерін және автокөліктерге арналған техникалық төлқұжаттарын және басқа да көптеген құжаттарды ауыстыру қажет болады.
О.А. Булавкина – Бүгінгі күні даңғылда кәсіпорындар жоқ.
С.В. Коротин –Бұл жерде даңғылды Карл Маркстің атымен атау кездейсоқ болды деп айтылды. Қазір қайта атаудың себебі қандай екенін кім жауап береді?
П.Н. Сушко – Мен негізінен К. Маркс Қазақстанға ешқандай қатысы жоқ деп санаймын.
М.И. Кикина – Мен депутат ретінде емес, қала тұрғыны ретінде сөз айтқым келеді. Мен қалада туғанмын және 50 жылдан аса тұрамын. Қайта атау тақырыбы үнемі дискуссиялық болғанын барлығы түсінеді. Кей кезде қабылданған шешімнің дұрыстығы туралы қайта ойлауға және түсінуге уақыт қажет. Тек қайта атау осы шағын ауданның және қаланың тұрғындарына ғана қатысты және осы мезетте өзекті сияқты көрінеді. Көшелердің атауы қалалардың атауы сияқты ұзақ уақыт бойы тұрады, бірақ мәңгі емес. Ол да орынды процесс. Бір кездері біздің қалада Патрис Лумумба көшесі Потанин көшесіне, Ертіс жағалауы көшесі Славский атындағы Ертіс жағалауына, Металлург кенті А. Куленов атындағы кентке қайта аталған болатын. Ол тұрғындардың мемлекеттің тарихына құрметпен қарайтынының дәлелі. Мен Президентіміздің біздің тарихымызды білу қажет және өздерінің ұлттық тарихын білмейтіндер өте үлкен қате жібереді деп айтқан сөзімен толығымен келісемін. Сондықтан біздің көшелерге ат бере отырып, тарих жағынан ойлап отыру қажет – ол уақыт талабы. Көшелерге атау беру бойынша біз қаланың тарихын бақылай аламыз. Мен Ленин көшесінде дүниеге келдім және Ленин көшесінде тұрдым, ал қазір мен Тәуелсіздік даңғылында тұрамын. Бұдан жан түршігерлік ештеңе көріп тұрған жоқпын. Ол 26 жыл бұрын мемлекетімізде болған оқиғаға құрмет көрсету. Карл Маркстың аты Өскемен қаласының көшелерінің бірі аталғанымен емес, философияның аса зор теорияшылы ретінде әлдеқашан мәңгіге еске сақталған. Біз Қазыбек биді және оның біздің мемлекетіміздың дамуына қосқан үлесі туралы білеміз. Нақты оның заң жинақтарында жермен, мүлікпен, отбасымен, халықаралық қатынастармен байланысты конституциялық тәсілдемелері белгіленген. Біз Қазыбек би өзінің бүкіл өмірінде халық бірлігіне шақырғанын, жүздердің арасында қайшылықты жоюға тырысатынын білеміз. Ол есте қалуға және құрметке лайықты. Мен тұрғындарда қайта атау кезіндегі көптеген пікірталастар ақпараттың жетіспеушілігінен болатынын түсінемін. Сонымен қатар қайта атаумен байланысты көптеген көзқарас бар екенін түсінемін. Мүмкін біреулер келіспейтін болар. Бірақ осы келіспеушіліктің негізінде кез келген мәселе бойынша өзінің оппозициясын көрсету ықыласы тұрмаса екен деймін. Атау беру бойынша шешімді біз депутаттар қбылдамаймыз, оны тұғындар өзінің тұрған орнына тәуелді емес қабылдайды.
О.Г. Фролов – Тақырып түсінікті және айқын. Ұлы адамдардың атын ешкімде таразыға қойғалы жатқан жоқ. Қаланы дамыту жоспары бойынша қала орталығы қаланың сол жақ жағалауына ауысатынын барлығымыз да білеміз. Ұрпағымызда бүгін біз қабылдаған шешімнің дұрыстығы туралы сұрақ туындамайды ма. Мен тұрғындарды қолдауды ұсынамын, бірақ құжаттарды ономастикалық комиссияға жібермес бұрын барлығын тағы бір рет ақылға салғанымыз жөн.
Жергілікті өзін-өзі басқару кеңесі ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қала тұрғыны А. Солтанғалиев – Біз ақсақалдар жиналып осы мәселені талқыладық. Кейін бүкіл күштің активін жинап тағы осы мәселені қарадық. Сонда қалай тұрғындар келіспей отыр деп айтады. Міне бұл жерде Карл Маркстің тұрғындары да отыр. Карл Маркс деп кім қойды? Ол ат бұрын жоқ болатын, сондықтан ол кездейсоқ қойылған ат. Қазыбек би еліміздің тұлғалы азаматы. Қанша қазақ халқына еңбегі сіңген болатын.
С.А. Аухадиев – Мен Өскемен қаласында 27 жыл бойы тұрамын. Біз қарт адамдар жастарды патриоттық тәрбиелеу туралы алаңдаймыз. Біз жуықта біздің делигация құрамымен Барнаул қаласында болдық. Онда азиялық университеттер қауымдастығы бар. Олардың бірінде Назарбаев атындағы кафедра бар. Ресейде біздің тарихымызды жақсы біледі, қазақ халқы туралы жақсы пікірде. Біз осында тұрып, өзіміздің тарихымызды көбіміз жақсы біле бермейміз. Қазыбек бидің өмірбаяны өте қызықты. Ол 14 жасында шешен болған. Бүкіл өмірін өзінің халқына арнаған. Ол біздің жастар үшін үлгі бола алады және 14 жаста мемлекеттің саясатына ықпал етуге болады.
№ 1 жергілікті өзін-өзі басқару кеңесінің төрағасы, қала тұрғыны – Н.В. Окшина – Қайта атау мәселесі бойынша біз осы даңғылдың тұрғындарымен бірге ЖМК шағын ауданының ақсақалдар кеңесін, ардагерлер кеңесін, жергілікті өзін-өзі басқару кеңесін жинадық. Қатысқандардың барлығы бірауыздан даңғылды қайта атауға келісімдерін берді.
Серік Оразбайұлы – Біз қазір тату, тыныш тұра жаңа Қазақстанды құраймыз. Сіздер, құрметті депутаттар, бүгін тарихи шешім қабылдаудасыздар. Мен қалада бұрыннан тұрамын және Толстой көшесін Ленин көшесіне қайта атағаны есімде, одан қорқынышты ештеңе болған жоқ. Карл Маркс даңғылын Қазыбек би даңғылына қайта атау – ол құрмет көрсету болып табылады.
С.А. Денякин – Атау беру және қайта атау мәселесі – ол жаңа тарихтың қалыпты үдірісі. Германияда Карл-Маркс-Штадт қаласы жоқ, ал біз Қазақстанда тұрып не істесек деп ойлаймыз. Қазыбек би Қазақстанның әділ сотына үлкен үлес қосқан. Карл Маркс өз уақытында ұлы теорияшыл болып тарихқа енген, бірақ мен тағы бір рет айтарым Германияның қаласында осы атау жоқ. Біз өзімізде ардагерлер кеңесінде осы мәселені талқыладық, біріңғай пйкір болған емес, бірақ ол дұрыс шешім екеніне және бастаманы қолдау керектігіне келдік.
Қала тұрғыны А. Сайлаубек – Мен тарихшы, қала тұрғыны ретінде Карл Маркс даңғылын қайта атау идеясын қолдаймын. Біз өзіміздің мемлекетіміздің тарихын білуіміз керек. Біз көп ұлтты және өркендеп келе жатқан елде тұрамыз.
Қала тұрғыны Л.В Дворянкина – Сіз қазір орталық қаланың сол жақ жағалауы бөлігіне ауысады деп айттыңыз. Онда көптеген көшелер мен алаңдар болады, неліктен соларға атау бермсеске. Менің Қазыбек биге қарсылығым жоқ, бірақ қайта атауды тоқтатқан жөн деп санаймын.
Қала тұрғыны Б. Кадыров – Біз тарихтан қаланың аумағында кім тұрғанын білеміз және қазір ұлтқа бөлінгеннің қажеті жоқ – біз барлығымыз қазақстандықтармыз. Елбасымыз айтқандай біздің барлығымыз еуропалықтармыз. Мен ономастика мәселелерін білемін. Мен Карл Маркс көшесі Қазыбек бидің атын алып жүруі керек деп санаймын, себебі сол жағында облыстық соттың ғимараты орналасқан, ал біз Қазыбек би судья болғанын білеміз. Біз жастардың атынан қайта атаумен келісеміз. Біз Кеңес Одағында не болғанын білмейміз. Мен 1993 жылы тудым, мен Кеңес Одағы туралы өз пікірімді айтуға құқығым жоқ. Біз жастар сол уақытқа баға бере алмаймыз. Қазір жаңа кезең, жаңа даму, жаңа мәнмәтін, сонымен біз жаңа патриоттықты дамытуымыз қажет. Тәуелсіздігімізге 16 жыл және біз Қазақстанда тұрып, ол ең бейбіт мемлекет екенін білеміз.
ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Карл Маркс даңғылын Қазыбек би даңғылына қайта атау туралы жұмыс тобының шешімімен келіссін.
Дауыс берді: бірауыздан келісті.
Депутаттық өкілеттік және
әлеуметтік-мәдени дамыту
мәселелері жөніндегі тұрақты
комиссия төрағасының орынбасары М. Екібасова
Тұрақты комиссиялардың жария тыңдауына қатысқан
депутаттардың тізімі 2017 жылғы 14 желтоқсан
Ринад Руланұлы Ахметжанов, Маржан Бахыт, Анатолий Анатольевич Белялёв, Әлия Нарбекқызы Досыбаева, Станислав Александрович Каримов, Сергей Николаевич Кондратенко, Сергей Викторович Коротин, Марина Ивановна Кикина, Сергей Александрович Климов, Юлия Вячеславовна Миронова, Александр Александрович Светаш, Максим Владимирович Тесленко, Оралхан Рақымжанұлы Тлеукенов, Олег Геннадьевич Фролов.
Достарыңызбен бөлісу: |