Түсінік хат Елімізде соңғы жылдары туындап отырған экологиялық проблемалардың тек қана нарықтық-экономикалық факторларға ғана емес, әлеуметтік-экологиялық факторларға да тәуелді екенін көрсетіп отыр. Ең бастысы, экологиялық проблемаларды шешуде адамдардың санасын, психологиясын өзгертумен қатар жаңаша ойлауды қалыптастыру, табиғатқа деген көзқарасты экологияландыру мәселесі тұр. Осы бағытқа орай қазіргі таңда мектебімізде 7 сыныпЭкологиялық тобы үйірмесін ұйымдастыру маңызды. Жоспар оқушылардың жас ерекшеліктері және жаратылыстану пәндерінен өтілетін тақырыптар мен байланысты құрылды.
Мақсаты: Мектеп оқушыларының өзіндік дамуын, ойлау қабілетін қалыптастырып, шығармашылық және интеллектуалдық мүмкіншілігі арқылы өзін-өзі тәрбиелеу қасиетін ашу. Азаматтық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, туған өлкенің табиғатын аялауға, мәдени, рухани мұраларды танып білуге, сақтауға тарту, туған жеріміздегі танымал тұлғаларды дәріптеп, оларды үлгі тұту. Бос уақыттарын тиімді пайдаланып, салауатты өмір салтын ұстануды көздейді.
Міндеті: Әлеуметтік-педагогикалық: жеке тұлға қалыптастыру, «Кіші Отанына» деген сүйіспеншілік сезімін арттыру, өзінің туған өлкесі тарихына деген мақтаныш түйсігін, патриотизмді көтеру, мамандық таңдауға баулу (эколог, өлкетанушы, зерттеуші, жазушы, журналист т.б)
Білімділік: өңірдің табиғат байлықтарын қорғау, қала мен жеке адамдар, тарихи тұлғалар туралы білімдерін кеңейту, іздестіру-зерттеу жұмысының негіздерін үйрету, өзіндік қорытынды, түйін жасауға баулу
Танымдық: биогеографиялық ақпараттарды молынан қамту.
Дамытушылық: туған өлкенің экологиясын, тарихын өз бетімен оқуға деген құлшынысын дамыту, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көтеру.
Экология ғылымы. Экология нені зерттейді? Экология ғылымының қалыптасу кезеңдері мен құрылымы. Адамзат қоғамының дамуының қоршаған ортаға әсері.
қыркүйек
2
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық жағдайлар. Қазақстан полигондары;
Арал теңізінің экологиясы;
Балқаш көлінің экологиясы;
Каспий теңізінің экологиясы;
Қала экологиясы;
Өндіріс экологиясы;
Ауыл шаруашылғын химияландырудың экологиялық мәселелері;
Жарамды жерлердің техногендік ластану мәселелері; Агрохимия және қоршаған орта; Агроэкология
қазан – қараша
3
Экология және қоршаған орта Табиғат қорғаудың экологиялық негіздері;
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі бағыттары;
«Қызыл кітап» және оның рөлі;
Қазақстанның ерекше қорғалатын аумақтары;
Табиғи саябақтар;