Кезектен тыс салыстырып тексеру
Кезектен тыс салыстырып тексеруді өлшем құралын пайдалануда (сақтауда)
салыстырып тексерудің аралық интервалы аяқталғанға дейін жүргізеді.
Кезектен тыс салыстырып тексеру мына жағдайларда жүргізіледі:
-салыстырып тексерудің аралық интервалын реттеу қажеттілігі болғанда;
-өлшем құралын қолдануға жарамдылығын растау қажеттілігі болғанда;
-салыстырып тексеру таңбасының, өзі жабысатын лейблдің, пластикалық
пломбаның зақымдануын, сондай –ақ, өлшем құралдарының бастапқы және
мерзімдік салыстырып тексеруден өткенін, олардың сақталуын растайтын
құжаттың жоғалу кезінде;
-сақтаудан кейінгі өлшем құралдарын қолданысқа енгізу кезінде өлшем
құралын консервациялау немесе өлшем құралдары бар бұйымдарға
қойылатын талаптарға байланысты сол сақтау мерзімі ішінде өлшем
құралдарына мерзімдік салыстырып тексеру жүргізілмеген болса;
-өлшем құралдарын, өлшем құралдары қолданылатын бұйымдар жинағын
қайта консервациялау барысында;
-өлшем құралдарын салыстырып тексерудің аралық интервалының жартысы
өткеннен ұзақ сақтауға берген жағдайда;
-өлшем құралдарын салыстырып тексеру аралық интервалының жартылай
ғана аяқталуына орай, әзірлеуші айналымға түсіріп үлгермеген өлшем
құралын тұтынушыға жіберген жағдайда.
Ескерту –сақтау және тасымалдау шараларынан кейін қоймадан алынған
өлшеу құралын қолданысқа енгізбей тұрып салыстырып тексеруден өткізуге
кеңес беріледі.
Инспекциялық салыстырып тексеру
Мемлекеттік қадағалау және метрологиялық бақылау жүргізген кезде
олардың жарамдылығын, дұрыстығын, қабылданған салыстырып тексерудің
аралық интервал дәлдігін және өлшем құралын пайдаланудың дұрыстығын
бекітуде инспекциялық салыстырып тексеру жүргізіледі.
Инспекциялық салыстырып тексерудің нәтижесі актіде еркін түрде
келтіріледі.
Ескерту
–егер
инспекциялық
салыстырып
тексеру
мемлекеттік
метрологиялық бақылау шеңберінде жүргізілсе, онда салыстырып тексерудің
нәтижесі уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша актіде
көрсетіледі.
Инспекциялық салыстырып тексеру өлшем құралдары иегері өкілдерінің
қатысуымен жүргізіледі.
Сараптық салыстырып тексеру
Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға
жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың мәселесіне
келіспеушіліктер туындаған жағдайларда жүргізеді.
Сараптық салыстырып тексеруді өлшем құралдарының бұзылғаны, қолдануға
жарамсыздығы туралы тиісті метрологиялық сипаттардың дұрыстығына,
өлшем құралдарының қлодануға жарамдылығына және өлшем құралдарын
пайдаланудың дұрыстығына келіспеушілік туындаған жағдайда мемлекеттік
органдардың жазбаша түрдегі талабы(арызы), жеке және заңды тұлғалардың
жазбаша түрдегі арызы бойынша жүргізіледі.
Өлшем құралдарын салыстырып тексеру шарасына өтініш берушілер, сондай
–ақ мүдделі талаптардың өкілдері қатыса алады.
Сараптық салыстырып тексеру нәтижелері бойынша үш дана қорытынды
құжат жасалады, оны мемлекеттік метрологиялық қызмет бөлімшесінің
басшысы немесе аккредиттелген заңды тұлғаның метрологиялық қызметі
бекітеді. Қорытындының бір данасы сараптық салыстырып тексеру жүргізген
мемлекеттік метрологиялық қызметтің бөлімшесінде немесе аккредиттелген
заңды тұлғаның метрологиялық қызметінде сақталуы тиіс, екінші данасы –
өтініш берушіге жолданады, үшінші данасы –өлшем құралын сараптық
салыстырып тексеруге ұсынған тұлғаға беріледі.
Ескерту –мемлекеттік органдардың талаптары (өтініш) бойынша жүргізілген
сараптық салыстырып тексеру кезінде қорытынды осы органдардың
талаптарына сәйкес рәсімделеді.
Заңды және жеке тұлғалардың өтініші бойынша сараптық салыстырып
тексеруді жүргізу үшін төлемді өтініш беруші жүргізеді.
соттың және құқық қорғау органдарының талабы (өтініші) бойынша
сараптық салыстырып тексеру жүргізу кезінде, салыстырып тексеру үшін
төлем жүргізетін тараптысараптық салыстырып тексеруге өтініш берген
орган белгілейді.
Достарыңызбен бөлісу: |