Босанудың ІІ-ші кезеңінің ағымы.
1-ші негізгі кезең –
бастың жамбастың кіреберіс
жазықтығына қондырылуы. Босану басталған
кезде, нәрестенің басы өзінің төбе жігімен
жамбастың кіреберіс жазықтығының көлденең не
қиғаш өлшеміне сәйкес келеді. Қосымша кезең –
бас сәл еңкейіп, баланың иегі көкірегіне
жақындайды. Баланың басындағы кіші еңбегі
үлкен еңбегіне қарағанда төмен жатады. Кіші
еңбек жетекші нүкте болады.
2-ші кезең
–
бастың жамбас қуысына түсуі.
Нәрестенің басы жамбас қуысының кең және тар
жазықтықтарынан өте отырып, біртіндеп ішкі
бұрылысын жасайды (қосымша кезең). Шүйде шат
сүйегіне бұрылып, бас жамбас қуысының түбіне
төмен түседі. Осы кезде бастың төбе жігі
жамбастың шығаберіс жазықтығының тік
өлшеміне сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |