Кәсіптік тәжірибе өту туралы күнделік-есеп


Толғақтың жақындағанының белгілері



Pdf көрінісі
бет6/7
Дата02.05.2020
өлшемі107,8 Kb.
#65478
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Күнделік 29.04

Толғақтың жақындағанының белгілері.

Төменде толғақтың жақындағанын немесе оның 

басталайын деп жатқанын білдіретін белгілер 

келтірілген. Бұл белгілердің кейбіреулерінің 

болмауы немесе түрліше кезектесіп келуі де 

мүмкін.



Қынаптан түссіз не ақшыл-қызғылт 

шырыштың бөлінуі.

Жүктілік кезінде жатырдың аузы шырыштан 

тұратын қалың бітеумен бітелген. Бұл жатыр мен 

нәрестені қабынудан (инфекциядан) сақтайды.

Толғақ жақындап, жатырдың аузы ашыла бастаған 

кезде алдымен осы бітеу шығып, аздап қан да 

ағады.

Қынаптан мөлдір сұйықтың ағып шығуы.

Толғақ басталайын деп жатқанда немесе толғақтың

кез келген мезетінде жатырдағы мөлдір сұйыққа 

толы, ішінде нәресте орналасқан қағанақ 

жыртылуы мүмкін. Оның қаншалықты 

жыртылғанына байланысты, қағанақ суы 

тасқындап немесе сыздықтап ағып шыға бастайды. 

Қағанақ суының түсіне назар аударыңыз, ол 

ақшыл-сұр болуы керек. Кейде түсі жасыл 

қоңырқай тартатын жағдайлар да болады. Бұл жайт

оттегі жетпегендіктен баланың жатыр ішінде үлкен

дәретке отырып қойғандығынан бола алады. Ал 

кейде ол өздігінен солай болады.

Қынаптан қағанақ суы аға бастасымен, сол туралы, 

сондай-ақ оның түсі жайлы да, дәрігерге немесе 

акушерге айтыңыз.



Толғақтың басы.

Басында толғақтардың арасы 10 – 20 минут және 

одан астам уақыт болуы мүмкін. Нағыз босану 

олардың арасы 3–5 минуттай болып, бірқалыпты 

жүргенде басталады. Сол кезде әр толғақ 40 – 60 

секундқа созылады.

Толғақ кезінде сезілетін ауырсынуды баяу 

күшейіп, баяу әлсірейтін толқын ретінде 

сипаттауға болады. Кейбір әйелдердің ішінің

басқаларының белінің төменгі жағы, ал 

кейбіреулерінің ішінің де, белінің де төменгі жағы 



ауырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет