айналасында шалқайды (қосымша кезең). Жыныс
шұңқыры болып келеді. Бұл кезең нәресте
бұрылуы. Бас туғаннан кейін нәрестенің екінші
анасының сол санына бұрылды. Осы кезде нәресте
аяқталады.
Уақытында босанды, қыз, салмағы 3500 гр, бойы
50 см. Апгар шкаласы бойынша 1 мин кейін – 8
балл, 5 мин кейін – 9балл. Бала басының формасы
– долихоцефалдық. Босану ісігі оң жақ төбе
сүйегінде, кіші еңбектің маңында орналасқан.
Кіндіктің пульсациясы тоқтаған соң кіндік
сақинасынан 10 см қашықтықта бір қысқышпен
және одан 2 см сыртқа қарай екіншісімен кіндікті
қысты да осы аралықта кіндікті кесті.
Акушерлік стетоскоптың көмегімен ұрықтың
жүрек соғысын тыңдау.
Құрал-жабдықтар:Акушерлік стетоскоп,
секундомер, кушетка.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Жүкті әйелге тексеру жүргізілетіндігін
ескертіп, рұқсатын аламыз.
2. Жүкті әйелді кушеткаға аяғын созып
арқасымен жатқызамыз.
3. Леопольд тәсілінің көмегімен ұрықтың
жатуын, позициясын, түрін анықтап аламыз.
4. Жүрек соғысын ұрықтың арқасы жатқан
жақтан стетоскопты алдыңғы іш қабатына
тығыз тіреп, тыңдаймыз. Ұрықтың жүрек
соғысы жақсы естілген жерді тапқанша,
стетоскопты жылжытып отырамыз.
5. Ұрықтың 1 минутттағы жүрек соғысын
санаймыз.
6. Сонымен қатар жүкті әйелдің тамыр соғысын
есептейміз (ұрықтың жүрек соғысы деп
қалмау үшін).
7. Алынған нәтижені бағалаймыз.
8. Жүкті әйелдің кушеткадан тұруына
көмектесеміз.
9. Қолымызды сабынмен жуамыз.
10.Стетоскопты дезифекциялық ерітіндімен
сүртеміз.
11.Алынған нәтижені медициналық құжатқа
енгіземіз.
Достарыңызбен бөлісу: