Жиынтық бағалауға арналған


Қазбалы отындар: қалыптасуы



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата06.02.2022
өлшемі390,46 Kb.
#65710
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан

Қазбалы отындар: қалыптасуы 
Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның 
шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 
40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи 
кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер. 
Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған 
жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша 
қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны 
«фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға 
айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер 
шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық 
энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды 
қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін 
қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды 
қалыптастырады. 
Қазбалы отынның қалыптасуы 
Мұнай мен газ теңіз түбіндегі жануарлардың органикалық қалдықтарынан пайда болады. 
Көмір, негізі, теңіздік заттардан емес, жердегі өсімдік қалдықтарынан қалыптасқан. 
Бүгінде бұл отын терең жер астынан өндіріледі. Қазбалы отын түрлері бізді дайын энергия 
көзімен қамтамасыз етеді. Бірақ олар ұзақ қалыптасатын болғандықтан, қазбалы отындар 
адам өмірінің кезеңінде алмастырылмайды, яғни олардың энергия көзі ретінде 
басымдылығы шектеулі және қалпына келмейді. 
19 


1. 
Мәтін бойынша «дұрыс, бұрыс» кестесін толтырыңыз.
Сөйлемдер
«+» 
«–» 

Қара алтын басқа отын түрлеріне қарағанда көбірек 
қолданылады. 

Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан қазба 
байлық түзілмейді. 

Адамзат кен байлықтарынсыз-ақ күн кеше алады. 

Бұл үш отын түрі теңіз түбіндегі жануарлардың 
органикалық қалдықтарынан пайда болады. 

Энергияның көп бөлігін газ, мұнай, көмір құрайды.
2. 
Мәтінде берілген ақпараттар бойынша SWOT-талдау жасаңыз.
3. 
Берілген үзінді бойынша комментарий жазыңыз. 
«Бірақ олар ұзақ қалыптасатын болғандықтан, қазбалы отындар адам өмірінің кезеңінде 
алмастырылмайды, яғни олардың энергия көзі ретінде басымдылығы шектеулі және 
қалпына келмейді».
4. «
Жастар қылмысына не себеп? Кедейлік пе, әлде бос жүріс пе?» тақырыбы бойынша 
шағын эссе жазыңыз. Жазба жұмысында бірыңғай мүшелер және айқындауыш мүшелерді 
қолданыңыз. 
20 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет