Жылқы тарихы – қазақ тарихы. Эоцен кезең



бет1/5
Дата08.10.2023
өлшемі42,49 Kb.
#184181
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Жылкы тарихы 1


Жылқы тарихы – қазақ тарихы.
Эоцен кезеңі – палеоген немесе үштік кезеңнің 35 – 56 млн. жылдар аралығын алып жатқан бөлігі. Эоцен кезенінде құрлықтардың көп жерін басып жатқан теңіз суы азайып, континенттік құрғақ, ыстық климат орын ала бастады. Тетис теңізінің деңгейі төмендеуінен Қазақстанның солт.-батысында Азия мен Еуропаны жалғастырған “Торғай көпірі” пайда болды. Осы кезде Азия мен Еуропа арасында жануарлардың алмасуына мүмкіндік туды. Қазақстан жерінің көпшілігін субтропик ормандар алып жатты. Эоцен кезені жануарлар арасынан сүтқоректілерге қолайлы заман болды. Мезозой дәуірінің соңында және кайнозойдың басында пайда болған алғашқы сүтқоректілердің кейбір топтары даму шегіне жетіп, біразы жойылып кетті. Қазіргі кезде көп таралған дара және жұп тұяқты жануарлардың арғы тегі осы Эоцен кезеңінде дамыды. Қазақстанда Эоцен кезенінде тіршілік еткен жануарлардың қалдықтары Зайсан ойпатының қазба қалдықтарынанҚабанбай а. маңындағы Шынжылы өз-нің бойынан және Жаркенттің батысындағы Ақтау шатқалынан табылған. Бұл кезеңдегі мүйізтұмсықтардың, тапирлердің, халикотерилердің, бронтотерилердің, т.б. тұяқты жануарлардың көптеген түрлері Қазақстан жерінен табылып зерттелген.
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы туралы ғасырлар бойы алуан түрлі гипотезалар, болжамдар қалыптасты. Ең соңында ғалымдар: «эволюция тірі ағзаның қозғаушы күші» дегенге тоқтам жасады. Эволюция ілімінің негізін қалап, оны ең биік шыңына жеткізген ағылшын ғалымы Ч.Дарвин еді. Дарвиннің “табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі” деген еңбегі, барлық эволюционер ғалымдардың еңбегіне арқау болғандығы белгілі. Бір түрден екінші түр пайда болды деген қағида, кез-келген түрдің арғы тегін анықтауына түрткі болды. Палеонтолог ғалымдар қазіргі жер бетіндегі түрлердің арғы ата тегін анықтауға құлшына кірісіп, қазба жұмыстарының арқасында табылған қаңқалар, сүйектер арқылы қалайда болсын қорытынды шығаруға әрекет жасады.
Солардың бірі орыс ғалымы В.О.Ковалевский тұяқты жануарлардың тарихи дамуын зерттеді. Ол көптеген қазба жұмыстар жүргізіп, жылқылардың қаңқасын, тістерін, аяқтарын тексере келіп жылқы жануарының эволюциялық дамуы жөнінде ең алғашқы мағлұмат берді. Оның айтуынша жер бетіндегі жылқылардың арғы тегі түлкі сияқты кішкентай хайуан болған екен. Қазіргі жылқылардың бойшаң болып кетуі ғасырлар бойы жер бетінде болған климаттық өзгеріске байланысты екен. Ең алғашқы жылқылар орман ішінде қысылып, тар жерде өскендіктен бойлары аласа, содан ауа райының өзгеруіне байланысты ормандардың көлемі азайып, ашық далалы жерлердің көбеюі жылқылардың ата тегінің тіршілік ортасын өзгерткен.
Пропалеотерии (лат. Propalaeotherium) – сүтқоректілердің жойылып кеткен түрі. Пропалеотерии қазіргі қалыптасқан жылқылардың арғы тегі болған жоқ, олар бөлек эврлюциялық даму жолымен жүрді бірақ, уақыт өте бұл түрлердің даму жолы тоқтап қалды. Пропалеотериден кейін палеотерии қалыптасты. Бұл жануарлардың биіктігі 30-60 см дейін жеткен. Пропалеотеридің ерекшелігі алдыңғы аяқтарында 4 саусақ болса, ал артқы аяқтарында 3 саусақ болған. Бұл жануарлар тек жапырақтар және өсімдіктермен қоректенген. Пропалеотерии жоғарғы эоценде өмір сүрді, сүйек қалдықтары Еуропа мен Қытайда табылды.
Пропалеотерии Солтүстік Америка жерінде қалыптасып, Еуразия материгіне Америка құрлығымен байланысып тұрған көпір арқылы келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет