Жиынтық бағалауға арналған


- тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата06.02.2022
өлшемі390,46 Kb.
#65710
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан

3-
тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар 
 
Бөлім «Биоалуантүрлілік. Қызыл кітапқа енген жануарлар мен өсімдіктер. Синтаксис»
Оқу мақсаты 
8.1.6.1 Коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және 
халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды 
қолданып, диалог, монолог, полилогте өз ойын дәлелді, 
жүйелі жеткізу 
Бағалау критерийі 
 
 
 
 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
 
Орындау уақыты 
 
Білім алушы 
• 
Тақырыпқа 
қатысты 
диалог, 
монолог, 
полилог 
құрастырады 
• 
Ғылыми терминдер мен деректерді қолданады 
Қолдану 
15-20 
минут 
Тапсырма 
 
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. 
Биоалуандылық деген не? 
Жер бетінде бір-біріне ұқсамайтын тіршілік иелері өте көп. Ғаламшарымызда
10 миллионнан астам түр тіршілік етеді. Тірі ағзалардың әркелкілігі «биоалуандылық» деп 
аталады. Ол әралуан түрлердің саны мен түр ішіндегі айырмашылықтарды қамтиды. 
Биоалуандылық экожүйелердің саулығы үшін өте маңызды. Биоалуандылық: әралуан 
түрлердің саны. Түрлер арасындағы айырмашылық. Тұрақты экожүйелер үшін маңызды 
әрбір түрдің ерекше рөлі бар, сондай-ақ, түрлердің әралуандығы өзгерістен қорғануға 
көмектеседі. Бірақ жаһандық биоалуандылық үлкен қарқынмен азаюда. 
Жаһандық биоалуандылық қысқаруда. 2100 жылға қарай шамамен 50-75%-ға қысқарады. 
Бұл біздің тіршілігімізге қатты әсер етеді. 
Қор 
Біріншіден, барлық тағамдарымыз, көптеген дәрілер мен материалдар тірі ағзалардан 
алынады. Биоалуандылықтың қысқаруынан болашақ қорларымызға қауіп төнеді. 
Тұрақты экожүйелер 
Екіншіден, бір биологиялық түрдің жойылуы өзге бір түрдің жойылуына әкеледі. 
Әралуан түрлер өсімдіктерді тозаңдау, суды тазалау, топырақты қалпына келтіру, жерді 
эррозиядан қорғау және атмосфераны тазарту қызметтерін атқарады. Биоалуандылықтың 
қысқаруы экожүйе мен бүкіл қоршаған ортаға қауіп төндіреді. 
Құрметті профессор Уилсон Э.О., Гарвард университеті – «Бізге әрбір түр қажет. Бізге 
түрлердің шексіз әралуандылығы қажет. Біз үшін әрбір түр маңызды, себебі олардың 
азаюы аймақтың тұрақтылығын бұзады». 
Барлық тірі ағзалар өзара тығыз байланысқандықтан, биоалуандылықтың азаюы бүкіл 
экожүйені бұзуы мүмкін. Сондықтан өзіміз тірі қалу үшін биоалуандылықты сақтауымыз 
керек. Көп адамның ойынша, адамдар Жердегі биоалуандылықты қорғауға моральді 
тұрғыда жауапты. 
1. 
Мәтінді тыңдай отырып, тақырыпқа сай ғылыми терминдерді теріп жазыңыз.
2. 
Мәтінде ғылыми деректер қалай берілген? Қай деректерді маңызды дер едіңіз?
16 


3. «
Табиғат-ананы аялайық, адамзат!» тақырыбында монолог дайындаңыз. Жоғарыда 
берілген ғылыми терминдер мен деректерді қолданыңыз. Өз ойыңызды дәлелді әрі жүйелі 
жеткізіңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет