Жиынтық бағалауға арналған


Тапсырма  Мәтінді мұқият оқыңыз. Ғарышты игерген ел



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата06.02.2022
өлшемі390,46 Kb.
#65710
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Жиынты ба алау а арнал ан

Тапсырма 
Мәтінді мұқият оқыңыз.
Ғарышты игерген ел 
Ғарыш – алаштың да аяулы арманы еді… 
Себебі ғарыш көгінде самғау, шексіздік әлемімен қауышу дүниежүзі елдерінің 
әрқайсысының-ақ асыл арманы саналатын. Солардың қатарында ежелден өр туған қазақ та 
ғарышқа құлшына қол созды. Армандады… Ел Тәуелсіздігінің қарсаңында сол арманына 
жетті де. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышқа ұшты! Айта салғанға ғана сондай 
жеңіл сөз. Ғарышқа ұшу жеңіл болып па еді?! Жеңіл болса, Юрий Гагариннің өзі неге 2500 
әскери үздік ұшқыштың арасынан іріктеліп, таңдалып алынды? 
Тұңғыш қазақ ғарышкері суы тартылып, тұзды бораны үдеп тұрған Арал теңізінің 
аумағын сегіз күн бойы ғарыштан суретке түсірді. Сурет болғанда қандай! Мәскеу ол тұста 
«Наны көп Қазақстанға» ел аумағынан түсірілген көлемі 18х18см болатын ғарыштық 
суреттің бір данасын мемлекеттік бағамен 30 мың сомға сатқан! (Ол кездегі кеңестің 97 
тиыны 1 АҚШ доллары екен.). 
Ғарыштық тәжірибе жасауға бейім қазақ ғалымдарының кейінгі тәжірибелерін Талғат 
Мұсабаев ұзақ мерзімді ғарышта өткізген үш сапарында (1994, 1998, 2001 жылдар) 
ойдағыдай жүзеге асырды. Зерттеуші-ғарышкер кәдімгі бидай дәнінің клеткасына осы тектес 
әрі тұқымдас дақылдың ДНК-сын салып, генетикалық трансплантация жасады. 
Салмақсыздық жағдайында «буыны» босаған бөгде дақылға осылайша экспансиялық әрекет 
ету арқылы бірегей тәжірибе жасалынды. 
Тәуелсіз Қазақстанның ғарыш саласына қатысты тарихының жаңа парағы 2006 
жылдың 18 маусымы күні ашылды. 
Осы күні «Байқоңыр» ғарыш айлағынан қазақстандық тұңғыш «KazSat» Жер серігі 
ұшырылды. Аса маңызды тарихи салтанатқа Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен 
Ресей Президенті Владимир Путин қатысты. 
13


Қараша айында «KazSat» жер бетіне жиілетіп телехабарлар таратып, жедел интернет-
коммуникациялық қызмет үлгілерін көрсете бастады. 2007 жылдың аяғында да қазақстандық 
Жер серігіне жоспарланған жұмыстың 70 пайызы жүктеліп, ақаусыз әрі қалыпты жұмыс 
істеп тұрды.
Талғат Мұсабаевтың қамқорлығымен АҚШ азаматы Деннис Титоның халықаралық 
ғарыш кешенінде болып қайтуымен ғарыш саласындағы туризм дәуірінің басталғанын да 
көпшілігіміз білеміз. Талғат Мұсабаевтың ашық космоста болған уақыт мерзімінің 
ұзақтығына сәйкес Гиннестің рекордтар кітабына кіргені ше… Мұның бәрі де қазақ ғарышы 
тарихының жарқын беттерінен алынды! 
Күні кеше ғана ғарышта болып қайтқан тағы бір қаһарманымыз – Айдын Айымбетов. 
Ол қазір Ұлттық ғарыш агенттігінде кәсібіне сай лайықты қызметін абыроймен атқаруда. 
Айдын Айымбетов – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келген 1991 
жылғы «Қазақстан-Ғарыш» жобасының бүгінгі заңды жалғастырушысы.
1. 
Кестені толтырыңыз.
Мәтіннің жанры қандай? 
Мәтін қалай рәсімделген? 
Мәтіннің құрылымы қандай? 
Басқа қандай жанрлық ерекшеліктер байқалады? 

2. 
Мәтіндердің мазмұн желісін сақтап, әр бөлігінен алынған ақпараттардан жинақы мәтін 


жазыңыз. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері мен түрлерін, есімді, етістікті сөз тіркестерін 
қолданыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет