Сабақ барысы:
Ұйымдатыру кезеңі. (Оқушылармен амандасу.)
Тыныштық сәті. (Баяу әуенмен айтылады. )
Орманға саяхат
Денелеріңізді түзу ұстаңыз. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.Қазір біз бірге орманға саяхатқа барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.
Сабақ барысын
талдау:
Дәйексөз
Арман – жарық жұлдыз, онсыз айқын бағдар жоқ, бағдар болмаған соң, алға басу да жоқ, тірлік те жоқ.
Л.Н. Толстой.
Дәйексөздің мағынасы неде?
Неліктен арманды жарық жұлдызға теңейді?
Бағдар деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Мұғалімнің сыйы
«Арманына қадам бас!»
Қайсар 16 жаста болған кезде, өз арманы туралы шығарма жазу тапсырылған болатын. Қайсар өз арманың жазып суреттеу үшін көп уақыт жұмсады. Өз арманын жазу барысында, ол өзінің Ранчосының, ауыл шаруашылығының армандады. Оның шығармасы 7 парақтан асты. Өзінің шығармасында ол ранчоның көлемін, жобасын, ондағы шаруашылығын.жолдарды, үйдің жобасын жоспарлап қойды. Келесі күні Қайсар шығармасын мұғаліміне береді. Екі күн өткеннен кейін мұғалім шығармасына «2» деген баға қойып, сабақтан кейін қалуын сұрады.
Сабақ аяқталысымен, ол мұғалімнен неліктен «2» деген баға алғаның сұрады. Сол кезде мұғалім былай деп жауап берді: «Себебі сенің арманың орындалмайды. Сен сияқты балада бұндай арман орындалуы мүмкін емес. Өйткені ол үшін көп ақша қажет. Дәл қазіргі кезде сенде осы ақша барма ? Жоқ әрине. Сен кедей отбасынансын, сенің арманың орындалу үшін көп қаражат қажет. Үйге барда шығарманды қайта жызып кел, содан кейін мен саған тиісті басқа баға қойып берем.» Ол үйге келес салысымен әкесінен кеңес сұрайды. Әкесі сонда былай деп жауап берді: « Ұлым, бұл жағдайда мен саған кеңесші бала алмаймын. Менің ойымша, бұл тек сенің шешімін болуы қажет, алдағы уақыта сен үшін ең манызыды шешімнің бірі болатын сияқты. Қайсар әкесінің айтқан сөзін бір апта бойы ойға салды. Сонымен, ол мұғалімге сол шығармасын қайта қайтарып берді де, былай деді: « Сіз өзіңізгі өз «2» қалдыра аласыз, ал мен өзіме өз арманымды қалдырамын».
Уақыт өте келе, Қайсар мектеп бітіріп, ер жетті. Мен осы оқиғаны айтып отырған себебім, оны тындап жатқан адамдарға бұрылып қарап, «Өйткені сіздер дәл уақытта менің үйімде және сол ранчода отырсыздар». Ал менің шығарма рамкада каминнің үстінде ілулі тұр. Осы оқиғаның ең қызықты кезеңі ол, 2 жыл бұрын жаз айларында менің осында өзінің 30 оқушысымен бір аптаға демалысқа келіп кетті.
Кетер кезінде ол маған былай деді: «Қайсар тындашы бұл жайында мен саған қазір ғана айта аламын. Мен сенің мұғалімің болған кезде, арманның ұрылықшысы болған екенмін. Мен қазір өкінемін сол кездері мен көптеген оқушылардың арманынын ұрлап алыппын. Бірақ сен сол кезде өз бойында ерлік тауып, өз арманынды қорғап қалғанына өте қуаныштымын.
Ешкімге өз армандарыңызды ұрлаптып алмаңыз!!!
Сұрақтар
Әңгімекім туралы ?
Әңгіменің негізгі ойы қандай?
Арманға шектеу қоя білу дегенді қалай түсінесіздер?
Ойлаған армандарыңның орындалған кездері болды ма?
Бұл бейнеролик не туралы?
Әңгімемен бейнероликтің айырмашылығы бар ма?
Екеуінің ортақ ойы неде?
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс (баяу музыка қою)
«Менің арманым» эссе жазу.
(Жазып болғаннан кейін өз шығармашылық жұмыстарын бірнеше оқушы оқып береді.)
Топпен ән айту.
«Арман жолдар»
СөзіА. Дуйсенбінікі/ ӘніҰ. ЖолдасовтікІ Жол - жетелейдіарманменмұраттарға,
Соңғы тыныштық сәті.(Баяу музыка ырғағымен көздерімізді жұмып, бүгінгі сабақтағы айтылған жақсы қасиеттерді жүрегімізге түйіндейік. Көздеріңізді ашуға болады.)