Қысқасы жұрт жұмыста жүргенде, біздің бүйтіп шуақтап
отырғанымыз келіспейді, солай емес пе? (Ғ.Мүс.) Жорғаның бүкіл
түр-тұлғасын, тіпті алдыңғы оң аяғының шашасына біткен
қарақошқыл мүйізге дейін көрді. (Ш.А.)Тіпті анамның қыр мұрынды
қызыл жүзі, қалың келген қара қасы, басын әнтек бұрып, төмен
отырып келгенде көрінетін ақ тістері де көз алдымда. (С.Ш.)Сондай- ақ сапалық және қатыстық сын есімдердің ара жігін ажыратуда да
кейде қиындық туып отыратынын да ескерте кеткен жөн. (С.И.) Сондықтан салттылық-сабақтылық сипатты етістіктің лексика-
грамматикалық категориясы деп таныған жөн. (С.И.)Сонымен кәдуілгі жұрттан оқшауланып, үйсіз-күйсіздерге қосыла алмай, көзге
шыққан сүйелдей жалғыз қаңғырдым да қалдым. (Ғ.Мүс.)Әрине үш-
төрт ұрпақты қамтитын бір ғасырлық бұл ұзақ мерзімнің ішінде қазақ
қауымынан шыққан сөз зергерлері бұдан әлдеқайда көп болғаны
даусыз. (Р.С.)
179-жаттығу. Қыстырма сөздерді пайдалана отырып, «Біріншіден, не
жаман?» тақырыбында эссе жазыңыздар.