111
168-жаттығу. Көркем шығармалардан үтір және леп белгісімен келген,
сөйлемнің түрлі шенінде (басында, ортасында, соңында) орналасқан қаратпа
сөздерді тауып, әр түріне екі мысалдан жазыңыздар.
169-жаттығу. Мәтіндегі қаратпа сөздердің тиісті тыныс белгілерін қойып,
жаттығуды көшіріңіздер.
(Жер хабарын бермесін) Табай сараң адам екен. Жолаушылап
келе жатқан Торғай дуанының елге белгілі екі биі Қорғанбек пен
Дәуренбек Табай ауылының сыртына келіп түсуге рұқсат сұрапты.
– Қонақ күтетін уақытым жоқ, – депті Табай. Бұған қатты
ренжіген екі би аттанып кетіпті.
Келесі жылы сол екі бидің ауылына Табай келіп түсуге рұқсат
сұрапты. Былтырғы іске қатты өкпелеген билер «кет» демесе де, онша
жақсы рай таныта қоймаса керек.
Табай сонда ауыл ортасындағы қотанға келіп ат ойнатып:
– Уа қу құдай Билігіңе таласқан жоқпын қу құдай Мырзалығыңа
таласқан жоқпын қу құдай Байлығыңа таласқан жоқпын қу құдай
Өзің берген сараңдығың бар еді, мына Шақшақ балалары оны да алам
деп сіресіп жатыр қу құдай Енді маған не қалды қу құдай – деп
айнала шапқан екен дейді. Мұны естіген билер:
– Бір ашуыңызды беріңіз Тебеке Қателік бізден екен, – деп ат
үстінен көтеріп алған екен дейді-ау.
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
Достарыңызбен бөлісу: