Пунктуациясы


Қыстырма сөздердің тыныс белгісі



Pdf көрінісі
бет97/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Қыстырма сөздердің тыныс белгісі 
 
Баяндап  отырған  мәселеге  автордың  көзқарасын,  өзіндік  пікірін, 
түрлі  сезімін  аңғарту  үшін  қолданылатын,  сөйлемнің  басқа 
сөздерімен  байланыспай,  оқшау  тұратын  сөздерді  қыстырма  сөз 
дейміз. 
 
Қыстырма болатын сөздер мен сөз тіркестері 
Кісінің 
көңіл 
күйін, 
сезімін 
білдіретін 
сөздер 
Айтылған 
ойға 
нануды, 
жорамалдауды 
білдіретін сөздер 
Айтылған 
ой 
кімнің 
тарапынан 
шыққанын 
білдіретін 
сөздер 
Ойдың  желісін,  ретін 
білдіретін сөздер 
Тыңдаушын
ың  назарын 
аудару  үшін 
айтылатын 
сөздер 
амал 
қанша, 
бақытымы
зға  қарай, 
әрине, 
әлбетте, 
рас, сөз жоқ, сірә, 
мүмкін,  шамасы, 
расында, 
...  айтуынша, 
...  айтқандай, 
меніңше, 
сеніңше,  ...,  ... 
біріншіден,  ...,  ...  әуелі, 
алдымен, 
демек, 
сөйтіп, 
қысқасы, 
ақырында, 
әйтеуір, 
айталық, 
өздеріңізге 
мәлім,  көріп 
отырсыз, 


 
112 
несін 
айтасың 
т.б.  
шынында, 
бәсе, 
бәлкім, 
айтпақшы, 
шынын 
айту 
керек, 
өзіңіз 
білесіз т.б. 
ойынша, 
әлі 
есімде, 
ұмытпасам 
т.б. 
ендеше, 
керісінше, 
мысалы, 
негізінен, 
сосын, бір жағынан, ..., 
бір  сөзбен  айтқанда, 
былайша 
айтқанда, 
сайып келгенде т.б. 
шынында, 
міне, 
әне, 
қане, 
байқаймын, 
байқайсыз 
ба т.б. 
 
ҚЫСТЫРМА СӨЗДЕРГЕ 
БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЙЫЛАТЫН
 
ҮТІР 
 
Қойылатын орындары 
Қыстырма сөздің сөйлемнің 
басында келуі 
Қыстырма сөздің сөйлемнің 
ортасында келуі 
Қыстырма сөздің 
сөйлемнің соңында 
келуі 
Әрине, 
оған 
теңіз 
жағасының  сүреңсіз,  жүдеу 
тірлігі 
ұнамасы 
анық. 
(Ә.Н.) 
Бірақ,  амал  қанша,  баланың  осы 
бір  әділ  арманын  ескеріп,  іске 
асырып  жатқан  үлкендер  жоқ. 
(Ш.А.) 
Қартайған  шақта  жай 
жүруге 
көндігейін 
деген-ау, сірә. (Ш.А.) 
 
Ескерту. Не, немене, қалай, ендеше, осы сияқты сөздер айтушының белгілі 
бір  сезіміне  орай  қолданылғанда,  қыстырма  сөз  ретінде  үтірмен  бөлінеді: 
Қалай, құлағың ашылды ма? (М.Ә.) 
Мағынасы  жағынан  қыстырма  сөздерге  ұқсас  келетін,  дауыс  кідірісімен 
айтылатын ал, тіпті, дегенмен, алайда, бірақ, тек, сондай-ақ, сонымен қатар, 
әсіресе деген сөздер сөйлемнің басында не жай сөйлемнің ішінде үтір арқылы 
бөлінбейді:  Ал  Әмір  болса  сол  балалар  ішіндегі  әнші,  өнерлісі  болып  келеді 
(М.Ә.) 
 
170-жаттығу. 
Сөйлемдерді  көшіріп,  қыстырма  сөздердің  тыныс 
белгілерінің қойылуына назар аударыңыздар. 
Бірақ тайпалма жорға Гүлсары Александровка қырқасынан соңғы 
рет  асқанын,  енді,  міне,  ақырғы  аттам  жерлер  жүріп  келе  жатқанын 
Танабай  білген  жоқ  еді.  (Ш.А.)  Байтақ  бұрын  қазақ  тілінде  зат  есім 
мағынасында  қолданылып,  «белгілі  бір  этникалық-территориялық 
единица»  (мысалы,  хандық  сияқты),  «ел,  жұрт»  деген  мағынаны 
білдірген. (Р.С.) Сөйтіп, тілімізде қазіргі кезде ешбір грамматикалық 
мағына  білдіре  алмайтын  қалдық  формалар  да  бар  екен.  (С.И.) 
Сөйтіп, қаланың ұлығы мен даланың сойқанды бұзығы Абайға қарсы 
іштей  табысқандай  боп  айырылысты.  (М.Ә.)  Еміс-еміс  естуімше, 
қыздың бір дұшпаны (неге дұшпан болатыны айтпай-ақ мәлім!) қызға 
мен  жіберетін  өлеңдердің  біреуін  түсіріп  алады.  (С.М.)  Расында, 
бұрын  бұл  өзін  «аға  сұлтан  Құнанбай  баласымын»  дейтін  де,  «бар 
Құнанбайдың  есебі  түптің  түбінде  бір  жерден  шығады»  деп  білетін. 
(М.Ә.)  Сөз  жоқ,  мұндай  феномендер  ертедегі  әдеби  мұраларды  тілі 


 
113 
жағынан  біршама  өзгертпей  жеткізуге  себепкер  болғанға  ұқсайды. 
(Р.С.) 
 
171-жаттығу.  Мына  қыстырма  сөздерден  сөйлем  құрап,  олардың 
мағыналық жақтарына түсінік беріңіздер. 
Сөз жоқ, бәсе, ендеше, керісінше, байқаймын, мысалы, қысқасы, 
негізінен,  амал  қанша,  шынын  айту  керек,  бір  сөзбен  айтқанда, 
меніңше, әрине, бақытымызға қарай, алдымен. 
 
172-жаттығу.  Қыстырма  сөздерді  тауып,  қаратпа  сөздермен  салыстырып, 
ұқсастық, айырмашылығына тоқталыңыздар. 
Енді, міне, ана баурындағы соңғы алданышы – қырықтан асқасын 
көтерген  сүт  кенжесі...  (Ә.Н.)  Әне,  әншиіндегі  қақпақтай  кең 
жауырыны  күжірейіп  тартып  барады.  (Ә.Н.)  Рас,  ол  кісі  мойнында 
кегін жібермейтін жау. (Ә.Н.) Ендеше, өмір мен өлім сияқты қараңғы 
мен  жарық  та  кезек  жеңіп,  тірлік  үшін  бұлар  да  тартысып  жатады. 
(Ә.Н.)  Шамасы,  сірә,  бұл  ат  та  Кәлен  қолынан  шыққан  болар  деп 
ойлады.  (Ә.Н.)  Рас,  түн  ішінде  адасып  кетуі  де  кәдік  еді,  бірақ 
Танабай  бұл  жерлердің  ой-шұқырын  бұрыннан  бес  саусағындай 
білетін, тек ат шыдаса болғаны. (Ш.А.) Бәлкім, ол жорғаға мінгісі де 
келмеген  шығар.  (Ш.А.)  Рас,  Танабай  әлі  әрі-сәрі,  бірақ  Шора 
көндіретінін  іші  сезеді,  бұ  жолы  да  Шораның  айтқанынан  шыға 
алмас. (Ш.А.) Әлбетте, мал болған соң, шығынсыз болмайды.  (Ш.А.) 
Шынында,  Сарыбек  бүгін  әдейі  бел  шешіп  салғыласуға  кіріскендей, 
досының  да,  басқалардың  да  беделіне  қарамай  сөйлеп  тұр.  (Ш.А.) 
Жалғыз тісінің өзі найзадай болып бес-алты метрге салбырап кеткен 
кереметтен  қорықпауға  болар  ма  екен,  сірә?  (С.Ш.)  Оның 
білдіруінше,  бұл  адамдар  арасында  тағы  да  бітпейтін  кесір  дау  бар. 
(М.Ә.) Міне, жайқалған егін арасынан әлдебір төмпелер қылаң береді. 
(С.Ш.) Қысқасы, бір құдіретті қолдың күшімен үй де, күн де өзгеріп, 
айрықша  нұрланып  кетіпті.  (С.Ш.)  Сөйтіп,  осы  белдің  ойына  қарай 
құлай  бергенде,  жорға  Жұмабай  арт  жағынан,  сол  иығы  тұсынан 
тасырлатып  кеп  қосылған  бір  дүсірді  есітті.  (М.Ә.)  –  Әділет,  сенің 
ойыңша,  біреудің  басына  күн  туса,  соның  орнын  тартып  алу  ғой? 
(М.Ә.) 
 
173-жаттығу.  Өздеріңіз  сүйіп  оқитын  ақындарыңыздың  өлеңдерінен 
қыстырма сөздер кездесетін өлең шумақтарын көшіріп жазыңыздар. 
Мысалы,
 Аспан тұр, міне, күркіреп, 


 
114 
Шөміш қақ, әже, ырымдап. 
Көктер ме егін дүркіреп, 
Көк биең аман құлындап. (М.Мақатаев) 
 
174-жаттығу.  Қыстырма  сөздердің  сөйлемдегі  айтылған  ойға  қандай 
мағыналық реңк үстеп тұрғанын ашып, тыныс белгілерін қойыңыздар. 
Енді  міне  Ақлима  апай  көрінген  жұртқа  балам  келе  жатыр  деп 
күтіп отыр. (Ғ.Мүс.) Әрине негізгі сөзге тіркескен көмекші сөздің бәрі 
бірдей  сөздің  аналитикалық  формасын  жасай  бермейді.  (С.И.)  –  Е, 
төрелер,  жол  болсын!  Қаладан  келесіздер  ме?  Жол  шеті?  Не  ретпен 
шығып едіңіздер? Жай ма, тыныштық па әйтеуір? (Ғ.Мүс.) Сөйтіп сөз 
әртүрлі  тұлғалар  арқылы  түрленудің,  сөзге  түрлі  форма  тудыратын 
тұлғалардың  қосылуы  нәтижесінде  оның  көптеген  формасы  пайда 
болады.  (С.И.)  Айтқанындай  түн  асып,  ертеңгі  күн  бесінге  жеткен 
шақта Шүйгінсу, Қарауыл бойы, мол Шыңғыс қойнаулары түгелімен 
Тәкежанның қалың қос жылқысын тұп-тұтас, қызыл жоса қан қылып, 
қырып салды. (М.Ә.) Грамматикалық форма деген ұғымға ең алдымен 
сөзге,  түбірге  үстелетін  қосымшалар,  сондай-ақ  префикстер  мен 
жүйелі  түрдегі  ішкі  флексия,  супплетивтік  тәсіл  жатады.  (С.И.)  Ең 
әуелі жайдақ суға теңгердіңіз... Екінші ел алатын тәсілді  айттыңыз... 
Үшінші  орысты  айттыңыз.  (М.Ә.)  Бүгін  қойды  кеш  сауып  болған  ба 
немене  ымырт  жабылып  қалыпты.  (М.Ә.)  Ербол  досына  жаны 
ашығандай  сөйледі:  «Бәсе  жүзі  де  ашаң  тартыпты...  Нені  мұңдап 
кеттің  тағы  да?»  –  деп,  енді  Абайға  ұзақ  қарады.  (М.Ә.)  Олардың 
айтуынша дәл осы отырған ұры, исі Арғын, Наймандағы ең бір барып 
тұрған қаныпезер баукеспенің өзі. (М.Ә.) 
 
175-жаттығу.  Мәтіннен  қыстырма  сөздері  бар  және жоқ сөйлемдерді бір-
бірінен  ажыратып,  тиісті  тыныс  белгілерін  қоя  отыра,  бағанға  бөліп 
жазыңыздар. 
Үлгі 
Қыстырма сөзі бар сөйлем 
Қыстырма сөзі жоқ сөйлем 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет