109
Қаратай сендерге берілген су егістікке жетпей, тазармаған арқы
табанымен ақпай, беталды қашып, сай-сайды қуалап жоғалып
жатады.
(Ш.А.) Керімбала күлкісін тыйған жоқ: «Әй, білмеймін, кімге
салсақ та, құлқыным таза дей алар ма екенсіз Абай?» – деп, сезігін
айта бастады.
(М.Ә.) – Шырағым-ау осы анада Бөжекең аулына
жіберген қыз не жайда? Айғыз бишара қайтіп қиды соны? Жылатып
айырып, қайтіп қана жіберді екен? – деп, бір жағынан наразы боп,
сұрастыра бастады.
(М.Ә.) – Сүйіндік аға осы мына сіздің жердің
алдындағы Қарауыл дейтін жалғыз биік не себепті Қарауыл атанды
екен? – деді.
(М.Ә.) – Тұра ғой айналайын жылырақ киініп ал, маған
көмектесесің. Тұр, тұра ғой, ұйқыңды аш! – деді сыбырлап шал.
(Ш.А.) – Мынауың тамаша екен Құлбек, – деді бұлармен қатар келе
жатқан шофер жігіт.
(Ш.А.) – Мә балақай бар да ана шоққа салып
пісіріп же! Дүниеде маралдың бүйрегінен тәтті тағам болмады, – деді.
(Ш.А.) – Шыдай тұрыңдар қошақандарым. Ертең кешке дейін ғана
шыдаңдар. Әйтпесе Жәкеңнің пышағы қайраулы көрінеді. Шыдаңдар,
– деп Айгүл әр қозының басын бір сипады.
(Ғ.Мүс.) – Шырағым-ау
мынау бұғылар ғой, бұлар мұнда қайдан жүр?
(Ш.А.)
Достарыңызбен бөлісу: