159-жаттығу. Өлеңді мәнерлеп, дауыс ырғағын құбылта оқып, тыныс
белгілерінің ролін түсіндіріңіздер.
Ұран
Қазағым, қақтықпа, қамалма!
Ел болар қамыңды амалда!
Кетті түн, атып таң, шығып күн
Сал малды, сал жанды аянба!
Мал баққан, жай жатқан ел едік,
Бейнетті көп тартқан ер едік,
Қаны жат, тілі жат, діні жат
Жат елден таяқты жеп едік.
Жатқа жем бай едік, кен едік,
Бағың жоқ биліктен кім едік,
Партия сұрқия, қым-қиғаш,
«Басы аман» көп надан сен едің.
Зарыққан, талыққан шағыңа
Тап болды бостандық бағыңа!
Ұйымдас, ұрандас, жағалас!
Сен де мін бабаңның тағына!
Құның жоқ, қорлықта өшіп ең,
Терезең төремен болды тең.
Намыстан, қайраттан қатарға ен!
Басқадан кем болған сенің нең?
Ұраным, қорғаным, сен Алаш!
Жолыңа құрмалдық мал мен бас!
Өнер тап, өрге шап, қару ат.
Аллалап алға бас, ал Алаш!!!
(Ж.Аймауытов)
160-жаттығу. Өздеріңіздің қатты қуанған кездеріңізді еске түсіріп, сол
сезімдеріңізді тиісті тыныс белгілерін қоя отырып жазбаша түрде
суреттеңіздер.
103
Достарыңызбен бөлісу: |