Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет156/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Ескерту. Тест тапсырмасында бірнеше дұрыс жауап бар. 
 
Өздік жұмыс тапсырмалары 
 
255-жаттығу. 
Ж.Баласағұнның 
даналық 
сөзіндерін 
оқып, 
есте 
сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріңіздер. 
1)  Тіл  арыстан  есік  баққан  ашулы  Сақ  болмасаң  жұтар  ерім 
басыңды  2)  Қалар  мұра  сөз  кісіден  кісіге  Сөзді  мұра  тұтсаң  пайда 
ісіңе 3) Кісі көңілі түпсіз теңіз ойласаң Білім інжу түбінде анық қойма 
сан 4) Кісі мәңгі болмас мәңгі ат ары Мәңгі қалар оның жақсы атағы 
5)  Тірі  өледі  жер  төсеніш  жастығың  Аты  өлмейді  өлсе  де  өзі 
жақсының 6)  Жамандық от от күйдіріп өтеді  Жолын бөгер күш жоқ 


 
178 
күл  қып  кетеді  7)  Ақыл  көркі  тіл  тілдің  көркі  сөз  Кісі  көркі  жүз 
жүздің  көркі  көз  8)  Ақыл  шырақ  қара  түнді  ашатын  Білім  жарық 
нұрын  саған  шашатын  9)  Білім  байлық  азаймас  һәм  жоғалмас  Еш 
қарақшы  ұрыға  да  тоналмас  10)  Біліктіге  білім  күллі  тон  асы 
Білімсіздің қылығы сұм жолдасы 11) Құттың құты ердің ізгі есімі Ізгі 
аты мәңгілік құт есігі 12) Ұстамды боп һәм көзіңе қарағын Ұстамды 
әзіз  алар  күллі  аларын  Үш  нәрседен  жүр  алыс  сақ  байқағын  Бірі 
қыңыр  қисық  болма  айтарым  Бірі  жалған  сұғанақтық  үшінші 
Үшеуінің  түбі  қорлық  түсінші  Кісі  сөгіп  ұсақ  сөзге  берілме  Дұрыс 
сөйле теріс-қағыс керілме Өзіңді адал ұста адалдық киелі Бектер адал 
адалдықты  сүйеді  13)  Жаһан  заңы  құрмет  тұту  үлкенге  Үлкен  келсе 
тік тұрып күт іркілме Ұлыға кішік құрметі бек жарасар Кішіге ұлық 
құрметтесіп  санасар  14)  Жібек  мінез  қыз-келіншек  шырыны  Біле 
білсең әйел көркі қылығы 
 
256-жаттығу. 
Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  тыныс  белгілерін  тауып 
қойыңыздар. 
Өлсе өлер табиғат адам өлмес 
Ол бірақ қайтып келіп ойнап-күлмес 
Мені мен менікінің айрылғанын 
Өлді деп ат қойыпты өңкей білмес 
 
Көп адам дүниеге бой алдырған 
Бой алдырып аяғын көп шалдырған 
Өлді деуге сия ма ойлаңдаршы 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған
 
 
Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей 
Бақи қоймас фәнидің мінін көрмей 
Міні қайда екенін біле алмассың 
Терең ойдың телміріп соңына ермей 
 
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас 
Екеуі тап бірдей орныға алмас 
Дүниеге ынтық, махшарға амалсыздың  
Иманын түгел деуге аузым бармас 
(Абай) 
 


 
179 
257-жаттығу.  Мәтінді  оқып,  сөздердің  білдіретін  мағынасын  есте 
сақтаңыздар. Тиісті тыныс белгілерін қойып, жаттығуды көшіріп жазыңыздар. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет