Пунктуациясы


Қазақтың қонағы неше түрлі болады?



Pdf көрінісі
бет153/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Қазақтың қонағы неше түрлі болады
Сырым батыр, үйіне қонып отырған қадірменді қонағы: «Төленді 
биден: 
Биеке қазақтың қонағы неше түрлі болады!» деп, сұрапты. 
«Қазақтың  қонағы  төрт  түрлі  болады.  бірінші  арнайы  қонақ; 
екіншісі құдайы қонақ; үшіншісі қыдырма қонақ; төртіншісі қылқыма 
қонақ».  
«Ал оны қалай айырамыз»? – дегенде 
«Арнайы  қонағымыз,  алыстан  арнайы  келген  жақын,  туыс, 
нағашы, жиен, құда, күйеу, қайын, сияқты жекжаттың немесе сүйікті 
достарың, жақсы жолдас-жораң.» 
Міне – бұл нағыз сыйлы қонағың. 
Құдайы  қонағымыз:  өзің  танымайтын,  білмейтін,  шалғай  елден, 
алыс  жерден,  жолаушылап  жүріп,  ат  басын  тірей  қалған,  тосын  да 
бөгде қонақ. 
Міне: бұл нағыз сауап қонағың. 
Қыдырма  қонағымыз:  ерігіп  те,  желігіп,  үйден-үйді,  ауылдан-
ауылды  кезіп,  сөз  аңдып,  өсек  теріп,  қымыз  ішіп,  ет  жеп,  жүрген 
сандалма қонақ. 
Міне, бұл нағыз далбаса қонағың. 
Қылқыма  қонағыңыз:  үй  арасындағы,  ауыл  ішіндегі,  түтіні  түзу 
шыққан, үйді торып, өзінің құлқыны үшін, аузына тигенін қылқытып, 
жіберіп басы, ауған жаққа, тарта беретін көлденең қонақ. 
Міне, бұл – нағыз сұғанақ қонағың? – депті көпті көрген көне би, 
Төленді қарт... 
(«Шешендік шиырларынан») 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет