169
сөзінің тыныс белгілері олардың орналасу тәртібіне, синтаксистік
ерекшеліктеріне,
интонациялық
және
мағыналық
айырмашылықтарына байланысты қойылады.
Төл сөз бен автор сөзіне байланысты қойылатын тыныс белгілер
Автор сөзі төл сөзден кейін келгенде, төл сөз
тырнақшаға алынады да (немесе алдына сызықша
қойылады), төл сөзден соң үтір (леп не сұрау
белгісі, көп нүкте) және сызықша қойылады.
– Қарным ашқан жоқ, мұғалима
апай нан әкеп берді, – деді немересі.
(Ш.А.)
Автор сөзі төл сөзден бұрын келсе, одан кейін қос
нүкте қойылады да, төл сөз тырнақшаға (немесе
алдына сызықша қойылады) алынады.
Көбен заң жолымен сұрауға кірісті:
– Бөреш баласы Мұрат сені қалай
әкетті? (Қ.К.)
Автор сөзі төл сөздің ортасында тұрса, екі жағынан
үтір мен сызықша (кейде біріншісінен кейін үтір
(леп не сұрау белгісі) мен сызықша, екіншісінен
кейін нүкте мен сызықша) қойылады да, төл сөз
тырнақшаға алынады не алдынан сызықша келеді.
– Тарт әрмен, – деді Оразқұл қолын
бір сілтеп, – онан да ішетін бірдеңе
бар ма, соны әкел! (Ш.А.)
Төл сөз автор сөзінің ішінде келсе, бірінші автор
сөзінен кейін қос нүкте, төл сөз тырнақшаға алынып
(не алдына сызықша қойылады), одан соң үтір (леп
не сұрау белгісі, көп нүкте) және сызықша
қойылады.
Ес:
– Мен ертең ерте жүремін, ішінде
болсам жақсы болар еді, – деп
Көбенге қарады. (Қ.К.)
Төл сөз ортасындағы автор сөзі тиянақсыз болып,
одан кейін төл сөз дербес айтылатын сөйлем
болғанда, автор сөзінен соң қос нүкте қойылады.
– Сүйінші, қайным, көрімдік,
көрімдік! – деп күлімкөз жеңгесі
алдынан шыққан соң: – Алыңыз,
алыңыз, көрейік әуелі, бір көйлек
мойнымда, – деп төргі бөлмеге өтіп
кетті. (Т.К.)
Төл сөздің ішінде төл сөз келсе, алғашқысының
алдынан
сызықша
қойылады
да,
соңғысы
тырнақшаға алынады.
– Әкем «Біреудің ала жібін аттама»
деп отырушы еді, – деді ол
күмілжіп.
Төл сөзден кейін келген
де көмекші етістігінен соң
толық
бір сөйлем келсе, одан кейін үтір қойылады.
– Айт сөзің болса! – деді де, осы
үйдегі жұрт естісін, куә болсын
дегенді ойлады. (М.Ә.)
Төл сөз бен автор сөзінің орын тәртібін сызбамен былай
көрсетуге болады.
р/с
Төл
сөздің сызықшамен келуі
Төл
сөздің тырнақшамен келуі
1
Достарыңызбен бөлісу: