Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет148/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

241-жаттығу. 
Мәтіннің  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріңіздер. 
Жалпылауыш  сөздерге  байланысты  тыныс  белгілерінің  бірде  қойылып,  бірде 
қойылмау себебін түсіндіріңіздер. 
Сондықтан  олардың  шыңына  жетіп  аса  батырып  айтуды  Абай 
Мағаш  Кәкітай  үшеуі  де  көп  машық  етпейтін.  (М.Ә.)  Құйрығы 
желбезегі  қабыршағы  қанаты  барлығы  балықтан  айнымай  тек  қана 
қылқан мойны қалқан құлағы осы бір қауақ басы сол қалпында қалса 
екен  дейді.  (Ш.А.)  Ғажап  жұмбақ  тағы  бір  хал  бір  Тобықтының 
ішіндегі Құнанбай жағына жаһаттас бай-жуандар ғана емес көрші Уақ 
Бура  Сыбан  Найман  Керей  Қаракесектегі  жуан  ауылдардың  бәрі  де 
бірауыздан  Құнанбай  жағына  шықты.  (М.Ә.)  Ас  пісіргіш  еркектер 
мен  қатын  да  отыншы  сушы  қызметшілер  баршасы  да  осы  көшпен 
жөнелді.  (М.Ә.)  Оспан  Ысқақ  Майбасар  сияқты  туыстарының 
барлығын ол өз қасына қоршау етіп соларға ертелі-кеш кінәшіл зілін 
тастап жүр. (М.Ә.) Тайдай арлан бөрімен шаппа-шап ұстасып өлердей 
жағаласқаны  тапжылтпай  ұстап  өлтірткені  бәрі  де  бұл  өңірде  бұл 
заманда болмаған балғын азамат қасиеті боп тарады. (М.Ә.) 
 
242-жаттығу.  Мәтіннің  қажетті  тыныс  белгілерін  қойып,  көшіріп 
жазыңыздар. Қойылу себебін ережемен дәлелдеңіздер. 
Ат пен адам екеуі екі бөлек келе жатқандай. (Ш.А.) Оның осылай 
кетіп  бара  жатқаны  да  қоңырқай  орамалдан  ағараңдап  көрінген  бет-
жүзі  де  қолынан  жетектеген  қызы  да  қасында  қатарласа  жүгірген 
күшігі  де  бәрі-бәрі  Танабайға  шексіз  ыстық  көрінер.  (Ш.А.) 
Шаруаның жаңа өмірі үшін жер мал еңбек арман бәрі де ортақ болу 


 
165 
үшін  Танабай  күреспей  кім  күреседі.  (Ш.А.)  Қолдан  сырланған 
тумбочкалар  есік-терезелердің  полотно-кенеп  мұхарамалары  бәрі  де 
тым  жинақы  сыпайы.  (С.Ш.)  Анау  көрініп  тұрған  төскейдің  сай-
саласы бие бауы ауыл қонысы қой өрісі барлығы да соншалық таныс 
жақын.  (М.Ә.)  Кешкі  суға  келе  жатқан  қалың  жылқының  кісіней 
шапқан  дүбірі  шаң-тозаңы  болсын  немесе  оқта-текте  азынай  кісінеп 
үйірін іздеп шапқан мінуден босаған жас айғырлар дауыстары болсын 
барлығы да осы отырған ауылдардың осы кештегі тіршілік тынысын 
білдірген  сияқты.  (М.Ә.)  Жігітек  Көтібақ  Бөкенші  Торғай  бәрі  де 
әлденеше  қоныс  қыстаулардан  алыс-ты.  (М.Ә.)  Бойдақ  жылқыны 
ауыл қасына ерте айдатып келіп Құдайберді Ызғұтты Абай үшеуі ат 
үстінен  түспей  жүріп  түндегі  аталған  он  байталды  іріктеп  таңдады. 
(М.Ә.) Босқа кеткен күшті көп төкті Біржанға жел су толқын сең бәрі 
жабылды. (Ғ.Мүс.) 
 
243-жаттығу.  Жалпылауыш  сөздері  бар  сөйлемдерді  қатыстыра  отырып 
мамандық  жайында  әңгімелесіңіздер,  тыныс  белгілерінің  қойылу  себебіне 
түсініктеме беріңіздер. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет