Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілері
Жалпылауыш сөздер – сөйлемнің бірыңғай мүшелерін жинақтау,
оның мәнін ашып, тұжырымдау мақсатында қолданылатын, олар
сияқты бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесі болатын
сөздер. Оған, негізінен, жалпылау есімдіктері, сан және сын есімдер
т.б. жатады.
239-жаттығу. Жалпылауыш сөздердің тыныс белгілерін қойып, көшіріп
жазыңыздар. Бірыңғай мүше мен жалпылауыш сөздердің қандай сөйлем мүшесі
қызметін атқарып тұрғанын белгілеңіздер.
Маңыраған қозы-лақ, шулаған бала-шаға, саңлаудан қораға кіріп
жатқан қар бәрі де оның қаперіне кіріп-шықпайтын тәрізді. (Т.К.) Бұл
ауылдың өз адамы боп кеткен дағдылы қонақтары Ербол, Көкбай,
скрипкашы-әнші Мұқа, Баймағанбеттер бөлек бір топ боп кірді.
(М.Ә.) Асылып жатқан ет, маздап жанған от, қою қымыз бәрі де
қонақтар көңілін көтере түскендей. (М.Ә.) Қазір бұл ауылдағы
күзетші, сауыншы, түйеші, қауғашы, отыншы, асшы атаулы бәрі де
жаман жыртық киімдерінен жел азынап, бүрсең қағып бай малының
қамында жүр. (М.Ә.) Үш есіктің тұсында қазірде Жақып, Майбасар,
Ызғұтты үшеуі тұрып ап, табақ жақындай бергенде, қонақүйдің
есігіне қарайды да, табақшыларды үндемей нұсқап, рет-ретімен
кіргізіп жібереді. (М.Ә.) Осы жетінші күні Құнанбайлар Төлепберді
мен Қамысбай, Бурахан үшеуін қуып жетті. (М.Ә.) Бұл күнде қаланы
көп жағалайтын, өздері саудагер жас болыстар Темірғали, Айтқазы,
Әлі, Рақыш, Оспан бәрі де мәжілісті қызу, көңілді ету үшін кіршіме
ішеді. (М.Ә.) Дәрмен енді жаңағы Ділдә айтқан сөз, барлық үлкен аға,
кіші іні бәрінің де көкейінде жүрген іс екенін білдірді. (М.Ә.)
164
Достарыңызбен бөлісу: |