235-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерге сызықша қойып, көшіріңіздер.
Қойылу себебін түсіндіріңіздер.
1) Сабыр ақыл серігі. 2) Аргентинадағы Аконкагуа сөнген
жанартауы Батыс жарты шардағы ең биігі. 3) Ғашықтың тілі тілсіз
тіл. 4) Тропиктер Жердің экватордар жер шары ортасының
айналысымен көзге елестетілетін сызықтан оңтүстікке немесе
солтүстікке қарай жатқан өңірлері. 5) Ең үлкен төрт планета Юпитер,
Сатурн, Уран және Нептун алып газ шарлар. 6) Үлкен Шатқал АҚШ,
Аризона штатындағы Колорадо өзені кесіп өткен жер бетіндегі
орасан зор сай. 7) Диктатура дегеніміз бір адамның немесе адамдар
тобының билікке толық ие бола отырып, елді басқаруы. 8)
Акулалардың сүйекті балықтардан айырмашылығы қимыл-қозғалыс
жасамай,
суда
өзін-өзі
ұстап
тұруға
көмектесетін
жүзу
торсылдағының болмауы. 9) Дауылдар Үнді мұхитындағы циклондар
және Тынық мұхитындағы тайфундар деген атпен белгілі ең
қиратушы жойқын желдер.