Бастауыш пен баяндауыштың арасына қойылатын
сызықша
Бастауыштан кейін қойылатын сызықша
Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен,
заттанған өзге сөз таптарынан болғанда
Сендер үшін ең қолайлы тау – мына бергі
Алмалы. (С.Ш.)
Бастауыш жіктеу, сілтеу есімдіктерінен,
баяндауыш ІІІ жақтағы зат есімнен
болғанда
Бұл – болашақ университет қаласының
құрылысы. (С.Ш.)
Бастауыш
қимыл
есімінен
(тұйық
етістіктен),
баяндауыш
ІІІ
жақтағы
жалғаусыз зат есімнен не керісінше
болғанда
Соны тәрбиелеп адам қылу – міндет. (М.Ә.)
Бастауыш та, баяндауыш та бір сөздің
қайталануынан жасалғанда
Ортасында бес үлкен ақ үйлер бар, көп үйлі
ауыл – Абайдың екі шешесі Ұлжан мен
Айғыздың ауылы. (М.Ә.)
Бастауыш та, баяндауыш та сын есімнен не
сан есімнен жасалғанда
Олақ – меншіл, Қызғаншақ – күншіл, Сырғақ
– сыншыл. Бес жерде бес – жиырма бес.
Бастауыш есімшеден, ал баяндауыш не зат
есім, не есімше, не есімдіктен жасалғанда
Құнанбайға бұлардың ішінен көз алмай,
қырандай қарап отырған – дәл төрдегі Байсал.
(М.Ә.)
Бастауыш бірі, біреуі, біріншісі, алдыңғысы,
соңғысы, көбі деген сөздерден, баяндауыш
атау тұлғадағы зат есімнен не қимыл
есімінен (тұйық етістіктен) болғанда
Жайлауда
Құнанбай
аулының
көбірек
орнығып отыратын қонысының бірі – Ботақан
ошағы. (М.Ә.)
Бастауыш өзінен кейінгі сөзбен тіркесіп,
сөйлемнің басқа мүшесімен шатасып
кететін болса
Жиырма – беске қалдықсыз бөлінеді.
Бастауыш зат есім не заттанған басқа сөз
таптарынан
болып,
баяндауыш
болымсыздықты
білдіретін
емес
сөзі
тіркескен есімдердің бірінен болса
Жоқтық – ұят емес, байлық – мұрат емес.
(Мақал)
Бастауыш
пен
баяндауышты
байланыстырушы дегеніміз, деген, ... сынды
сөз тұрса
Уақыт деген – көзге көрінбеген терең мазмұн,
әлуетті күш, шешегін жармаған гүл,
оқылмаған кітап, болуға тиісті оқиға,
ашылмаған ғылыми жаңалық. (С.Ш.)
Ол – ол ма, бұрынғы – бұрынғы ма, бұл –
бұл ма сияқты қыстырма сөз тіркестерінің
араларына
Ол – ол ма, әңгіме одан сайын күшейе түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |