Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет138/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

227-жаттығу.  Өлеңді  мәнерлеп  оқып,  көшіріңіздер.  Сызықшаның  өлеңді 
оқу мәнеріне әсерін түсіндіріңіздер. 
 
Ақ сәуле күміс жүзді, құндыз қабақ
Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ. 
Болғанда көзің – жақұт, етің – торғын, 
Көзің – ай, шашың – жібек, мамық тамақ. 


 
157 
Көзің – нұр, сөзің – алма, аузың – алтын, 
Самород, қоспасы жоқ нағыз балқын. 
Шомылған сұңқар бойың нақ гауһардай 
Бұрқырап нұр төгілсін, маған талпын!
 
 
Бір сенсің дүние көрген көзім нұры, 
Жарқырап жаным тартар, көңілім гүлі! 
Егілген ер көңілім қол сермейді
Тартса да аспаннан көп жұмақ хоры. 
 
Жан сәуле, кеуде күйген, жүрек жалын! 
Кеудем от, жүрегімнің байқа халін?! 
Дауасы ауыр дерттің – жалғыз сенсің, 
Қолың бер, кетсін қайғы, сөнсін жалын! 
(С.Торайғыров) 
 
228-жаттығу.  Мәтіннің  тиісті  жеріне  сызықшаны  қойып,  көшіріңіздер. 
Оның қойылу себебін талдап түсіндіріңіздер. 
Қазір  бұл  ауылдағы  күзетші,  сауыншы,  түйеші,  қауғашы, 
отыншы,  асшы  атаулы  бәрі  де  жаман  жыртық  киімдерінен  жел 
азынап,  бүрсең  қағып,  бай  малының  қамында  жүр.  (М.Ә.)  Жиналған 
көптің  жүзі  жаз,  көңілдері  жайлау,  езуінде  күлкі,  көзінде  шаттық. 
(Т.К.)  Жас  шалғыны  мол,  кең  қоныс  Барлыбайда  отырған  Абай 
ауылы. (М.Ә.) Олар үлкен үйде Еркежанның қолында өсетін Әубәкір 
және Пәкизат. (М.Ә.) Бұрын жеткен Кәкітай, Дәрмен және Оспанның 
бір  ұл,  бір  қызы  Әубәкір,  Пәкизат.  (М.Ә.)  Ол  ол  ма,  Оразқұл  мас 
болып  келгенде  ол  арсыздың  бетіне  түкірудің  орнына  атам  елпек 
қағып, атының шаужайынан ұстап, аттан түсіріп, үйіне апарып, үстіне 
тон  жауып,  тоңып  қалмасын  деп  жік-жаппар  боп  жүреді.  (Ш.А.)  Ең 
алдымен тіл қатқан Жиренше: ... Бізге де олжа түссін деп, тым құрса 
мезіреті  жасады  ма?  Ол  ол  болсын,  жә,  мынау  көргеніміз  қай 
мазағымыз!? деп қатарында келе жатқан Күнтудің, опырылып қалған 
ерінің қасына қамшысымен салып кетті. (М.Ә.) 
 
 
 
 
 
 


 
158 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет