226-жаттығу. Бұрыс қойылған және түсіп қалған сызықшаларды тауып,
тиісті жеріне орналастырып, жаттығуды көшіріп жазыңыздар. Оның қойылу
себебін анықтап, ережемен дәлелдеңіздер.
Баласын, туысқанын қалдыра гөр – деп, біреулер құдайдан тілек
тілеп жүрсе, құзғындар ынты-көңілі етке тою, тері, май пайда қылу.
(Ж.А.) Қартқожа – өзінің жаман ойын жүгіртіп, дүниенің қызығын
көруге екі-ақ нәрсе керек екен деп жорыды: бірі ақша, бірі ғылым.
(Ж.А.) Мұнда төрт старшын – Сақтоғалақтың атқамінері Абыралы,
екі старшын – Жігітектің баласы Бейсенбі, Ерболаттан Оразбай,
Көтібақтан Жиренше, Бөкеншіден Күнту, Жуантаяқтан Байғұлақ,
Топайдан Байділда бар. (М.Ә.) «Базаралы, Тәкежан дауы» деген
бәлеге – бүкіл бір ояз, Семей оязының болысы мен жуандары
атсалыса бастады. Аршалы, Керейінен Рақыш, Бәсентиіннен Әлі,
Бурадан Алдоңғар, Ылди бойынан Нүрекенің Темірғалысы, Көкеннің
Уағынан пысық болыс – Нүрке, Қарағай ішіндегі, ішкі жақтағы
Белағаш болысынан Шынжы сияқты бүтіл бір ояз ел сабағы
қосылған. (М.Ә.) Жол үстінде келе жатқанның барлығы – атты-
жаяулысы болсын, машина-тракторы болсын бәрі де алақандағыдай
айқын көрінеді. (Ш.А.) Базаралының қашып келгені де рас және
«бұрын емес, дәл биылғы жылы қашып келуіне себеп Күнтудың
болыс боп тұрғандығы» дегені де дұрыс. (М.Ә.)
Достарыңызбен бөлісу: |