Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет140/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

229-жаттығу. 
Ақын-жазушылар 
шығармаларынан 
бастауыш 
пен 
баяндауыштың арасында қойылатын сызықшаның әр түріне 3 мысалдан теріп, 
ережемен дәлелдеңіздер. 
 
230-жаттығу.  Көшіріп  жазыңыздар  да,  бастауыштан  кейін  тиісті  жеріне 
сызықша  қойыңыздар.  Егер  бастауыштан  кейін  сызықша  қоюға  болмайтын 
болса, оның себебін түсіндіріңіздер. 


 
159 
Осы  орайда  «Қан  мен  тердің»  шетелдік  зерттеушілері 
(Л.Анинский  т.б.)  автордың  шығармаларына  өзек  етіп  алған 
философиялық  ұстанымының  «адамзат  тарихы  дегеніміз  адам 
баласының өкініштері мен адасуларының тарихы» деген көзқараспен 
үндесіп  айтылады.  (Ә.Н.)  Жотаның  құла  берісіндегі  сайда 
жапырайған  жер  кепелер  жұмысшылар  мекені.  (Т.К.)  Сөйтіп,  ауру 
шешемнің  алғашқы  шипасы  мен,  менің  келуім  болды.  (С.Ш.)  Бір-
бірінен  жасырынып  кеткен  молдалардың  бар  ойы  Шәймерденді 
жамандап  қана  қайту  емес,  өзіне  бәсекеші  боларды  даттау,  сөйтіп, 
өзінің  имам  болсам  деген  арманына  жету.  (Т.К.)  Ішіндегі  есебі 
кемпірді өз үйіне кіріптар ете түсу. (М.Ә.) Тәкежанның өз үйі көл жақ 
шеттегі үлкен абажадай қоңыр үй. (М.Ә.) Шақыртуға келмегені бұғып 
қалып,  бастарын  алып  қашқаны.  (М.Ә.)  Ақымаққа  айтқан  сөз  ағып 
жатқан  сумен  тең,  ақылдыға  айтқан  сөз  қолға  ұстаған  тумен  тең. 
(Мақал) 
 
231-жаттығу.  Бастауыш  пен  баяндауыштың  арасына  сызықша  қойып, 
ережемен дәлелдеңіздер. 
Соңғы  алты  ай  ішінде  барлық  жалын  атқан  қайғысы  жалғыз 
баласы  Құтжан  жайы.  (М.Ә.)  Өзге  жұрттан  бөлініп  көшкен  бұл  бір 
топ  ауылдар  шетінен  Ырғызбай  руы.  (М.Ә.)  Сол  жердің  орта  тұсы 
Жексен  қыстауы  Қарашоқы.  (М.Ә.)  Бұл  екеуі  Бөжейдің  жақын 
ағайындары.  (М.Ә.)  Тегінде  Шыңғыстың  асыл  шөбі  мық  жусан. 
(М.Ә.)  Ол  Өскенбайдың  үлкен  үйі  Зере  отырған  ауыл.  (М.Ә.) 
Тізесімен тербетіп отырғаны Айғыздан туған немере қызы үш жасар 
Кәмшат.  (М.Ә.)  Олардың  тілеуі  мен  қақпайына  еру  өзін-өзі  аямау. 
(М.Ә.)  Құлыншақ  сол  Торғайдың  басты  кісісінің  бірі.  (М.Ә.)  Бала 
атаулының  жаз  болады  десе  ерекше  сағынатыны  бүлдірген.  (М.Ә.) 
Дередей үлкен, өзі жұп-жұмыр ақ тай қысырдың тайы. Енесі асау көк 
бие.  (М.Ә.)  Жиырма-отыз  қойы  бар,  үш-төрт  қорасы  бар  үй  қалың 
елдің  көпшілігі.  (М.Ә.)  Ана  дүниеден  иман  тілеген,  өлімге  бас 
байлаған  үмітсіз  аурудай  ендігі  тілек  жол  амандығы,  денсаулығы. 
(Ж.А.) Асанқайғы, Қазтуған, Шалкиіз, Доспамбет, Шобан, Марғасқа, 
Жиембеттер,  негізінен,  екі-үш  жанрда  жырлаған:  бірі  дидактикалық 
толғау,  оның  тақырыбы  жалпы  ақыл,  насихат  айту,  екіншісі  арнау 
толғау,  яғни  нақтылы  біреуге,  не  оқиғаға,  не  өзіне  қарата  айтылған 
сөз,  оның  тақырыбы  көбінесе  қоғам,  адам,  ел  қорғау,  үшіншісі 
портрет өлеңдер. (Р.С.) 
 


 
160 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет