236-жаттығу. Көп нүктенің орнына қажетті сөз не сөз тіркесін тауып
қойыңыздар. Сызықшаның қойылу себебін түсіндіріп, бір мақал-мәтелді
тақырып етіп шағын шығарма жазыңыздар.
1) ... ... – қызыл тіл. 2) Жақсы болсаң – ... , жаман болсаң – ... . 3)
Әдептілік ар-ұят – ... ... . Тұрпайы мінез, тағы жат – ... ... . 4) ... ... –
ұлы ұстаз. 5) ... – білім бұлағы, ... – өнер шырағы. 6) ... – сөздің атасы,
... – ердің опасы. 7) Сөз анасы – ... , су анасы – ... , жол анасы – ... . 8)
... – зор байлық. 9) Денсаулық кепілі – ... . 10) Су жүрген жер – ... , ел
жүрген жер – ... . 11) ... ... – елдің ырысы, ... ... – жанның тынысы. 12)
Жақсының жүрген жері – ... , жаманның жүрген жері – ... . 13) Бірінші
байлық – ... , екінші байлық – ... ... , үшінші байлық – ... ... . 14)
Дүниедегі ең асыл тіл – араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің
ішіндегі гауһары – ... ... . (М.Көпеев) 15) Әркімге ... ... – туған шеше,
Оған бала міндетті сан мың есе. (С.Мұқанов)
Қажетті сөздер: өнер алды, денсаулық, азарсың, өмірдің өзі,
мереке, білім, мақал, құлақ, жақсы жер, бұлақ, тұяқ, денсаулық,
тазалық, береке, озарсың, жақсы адам, базар, азар, ақ жаулық,
надандықтың белгісі, он саулық, оқу, қазақ тілі, уәде, адамдықтың
белгісі, туған тілі.
Достарыңызбен бөлісу: |