174
Солдат күліп жіберді
Саған шпионның керегі не
Мен оны ізіне түсіп жүріп ұстап алатын едім ғой
Мынаның мықтысын қарай гөр ондайға әлі жассың ең алдымен
жігіт
болу керек
Осылайша алтын погоны бар әскери адам Оразқұлмен орман
аралап кеткенде бала шофермен біраз әңгімелескен
Мен барлық машинаны барлық шоферлерді жақсы көремін деді
бала
Оның себебі не деді шофер қызығып
Машина деген жақсы ғой әрі тез жүреді әрі күшті сосын
бензиннің де исі тамаша Шоферлердің барлығы да жас жігіттер бәрі
де Мүйізді
Бұғы ананың балалары ғой
Не дейді не дейді мынау Мүйізді Бұғы ана дегенің немене деді
түкке түсінбей солдат
Ау сен білмеуші ме едің
Жоқ шырағым мұндай ғажайыпнаманы өмірімде
естіген жоқпын
Сен өзің кімсің сонда
Мен қазақпын Қарағандыда туғанмын шахтерлер мектебінде
оқығанмын
Жоқ сен кімнің баласысың соны айтшы
Әке-шешемнің баласымын
Олар кімнің баласы
Олар да
өз әке-шешесінің баласы
Ал олардың әке-шешесі кімнің баласы
Шырағым-ау сен бұлай сұрай берсең дүниенің түбіне жете
алмассың
Ал мен болсам Мүйізді Бұғы ананың балаларының баласымын
Оны саған кім
айтты
Атам айтқан
Шырағым мынауың бір шамаға соқпайтын дүние екен деді
солдат балаға
басын шайқап
(Ш.Айтматов «Ақ кеме»)
254-жаттығу. Мәтіннің тыныс белгілеріне назар аударып, қойылу себебін
түсіндіріңіздер. Ертегілердің тағы басқа қандай жолдармен басталатынын еске
түсіріп, мысал келтіріңіздер.
175
Әже ертегілері
Абай биыл ғана анық бағалады. Бұның әжесі бір түрлі шебер
әңгімеші екен. Қызық сөйлейді. Әңгімесінің барлық жерін дәмді ғып,
қызықтырып айтады. Әуелі Абай ауыра бастағанда бір күні кешке
ұйықтай алмай жатып, әжесінен әңгіме айтуды сұрады. Сонда ол
ойланып тұрып:
– Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп,
кішкене тақпақтап бастап еді. Абай соны ұғып қапты. Келесі жолы
әңгіме сұрағанда әжесін тізесінен қағып:
– Е, е... Бұлдыр-бұлдыр күн өткен. Бұрынғыда кім өткен? – деп,
тағы да әңгіме тілегенін білдіруші еді.
Әжесі әуелде көп-көп ертектер айтқан. «Еділ – Жайық», «Жұпар
қорығы», «Құла мерген» – бәрі де айтылды. Оның әңгімелерін түсте
де, кеште де, тіпті кеш бойы да Абай айтқыза беретін болды.
(М.Әуезов «Абай жолы»)
Достарыңызбен бөлісу: