Макажанова Назгул Ахметовна
Байғанин ауданы
Тобық Жармағанбетов атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Класы: 9 «Ә»
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер. Үтір.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік
|
2. Дамытушылық
|
3. Тәрбиелік
|
Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын жетілдіру, өз бетемен жұмыс істеуге дағдыландыру. Сөйлем құрамына кездесетін тыныс белгілерінің қызметі мен қолданылу орны, үтір тыныс белгісін қоюда ұстанатын негізгі принциптерін оқып-үйренудің жобасын тұтас қабылдауға көмектесу
|
Үтір қандай орындарда, не үшін қойылатыны, оны қою үшін тілдік қандай белгілерін білу керек екенін түсіндіру. Проблемалық жағдайлар мен күрделілік деңгейі артқан тапсырмаларды шешу кезінде дербес ойлана алуды дамытуға жағдай жасау.
|
Мақала арқылы тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, сөздерді орынды қолдануға, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
|
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, талдау, баяндау, түсіндіру, с.т.о(сыни тұрғыдан ойлау) стратегиясы.
Сабақтың жабдығы: слайд, интерактивті тақта, карточкалар.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу;
- Оқушыларды түгендеу;
- Сабаққа дайындықтарын бақылау;
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 158-жаттығу, ереже жаттау.
ІІІ. Жаңа білімді меңгерту кезеңі.
Жаңа сабақ: Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері. Үтір.
Ой шақыру.
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға сұрақ қою.
1. Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
2.Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілері қандай қызмет атқарады?
3.Қыстырма сөйлем дегеніміз не?
4.Қаратпа сөз дегеніміз не?
5.Одағай сөз дегеніміз не?
6.Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
Айқындауыш мүше дегеніміз не?
Слайд бойынша жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөйлем ішіне қойылатын тыныс белгілер ерекшелеуші қызмет атқарады. Үтір қаратпа, қыстырма, одағай, төл сөздер мен біріңғай және айқындауыш мүшелер қолданылып тұрған сөйлемдерде қойылады.
Үтір (,) Шешендік сөз шешендікке, адамгершілікке тәрбиелейді.
Қос нүкте (:) Ел деген мұз сияқты: ақырын ұстасаң, - түсіп кетеді.
Жақша () Жақсылық–кісінің табандылығында.
(М. Әуезов)
Тырнақша (“”) Қазыбек биден бір адам “кім жақын, не қымбат, не қиын?” деген үш сұраққа жауап беруін сұрапты.
Сызықша (-) Ашу – дұшпан, ақыл – дос, ақылыңа ақыл қос.
Нүктелі үтір (;) Ақылды ісіне сенеді; Ақымақ күшіне сенеді;Әңгүдік түсіне сенеді.
Біріңғай сөйлем мүшелерінің арасында қойылады
|
Қаратпа сөздер (сөйлем басында, соңында, ортасында)
|
Қыстырма сөздер
(сөйлем басында, соңында, ортасында)
|
Оңашаланған айқындауыш сөздер
|
Одағай сөздер
(сөйлем басында, соңында, ортасында)
|
Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің аражігіне қойылады
|
Менің ғашығым бота көзді, қыр мұрынды, шие ерін, ақ құба келген аққу қыз.
|
Жігіттер, ойын арзан, кұлкі қымбат.
Менің сырым, жігіттер, оңай емес.
Ендігі кезек сенде, қарағым.
|
Меніңше, сенің айтқаның дұрыс.
Бұларды, әрине осы жерде жасауға болмайды.
Өзі осында келген шығар, сірә.
|
Сен, Қазыбек би, бұл елдің соты.
Осы елдің алға ұстары сен, Батыр Баян.
|
Пай! Пай! Пай!
Киелі неткен жер!
|
Ел көшсе, жайлау жетімсірейді, құс көшсе, көл жетімсірейді.
|
Бірыңғай мүшелерде қойылатын үтір.
Біріңғай мүше жалғаулықсыз келгенде
|
Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары біріңғай мүшеде қайталанып келгенде
|
Мен, және жалғаулық шылаулары қайталанбайды
|
Да, де, әрі, я, яки, не, немесе, әлде, жалғаулық шылаулары біріңғай баяндауыштар арасында қайталанбай келсе, шылаудан соң үтір қойылады
|
Айгүл, Әсел, Әдемілер келді.
|
Асыл да, Әсел де не үйге кірерлерін, не кері кетерлерін білмей дал болды.
|
Айнұр мен Асыл, Айдын мен Асхат келді.
|
Қоңырау соғылды да, сабақ басталды.
|
Қаратпа сөздерге байланысты қойылытын үтір.
Қаратпа сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады
|
Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында келсе, үтір екі жағынан қойлады
|
Қаратпа сөз сөйлемнің соңында келсе, үтір оның алдынан қойылады
|
-Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба?
-шырақтарым, жұмысты тоқтатпаңдар!
|
-Іше ғой,айналайын, тағы ішші
-асықпаңыз, ата балаларыңызды алі ақ көресіз.
|
-Талаптарың жақсы екен,балалар!
|
Оқшауланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір.
Оңашаланған айқындауыш
|
Біздің ауылдың әу баста ұжымшар боп қалай құрылғанын біз, кейінгі жас ұрпақ, тек үлкендер айтқан әңгімелерден ғана білеміз.
|
Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір.
Қыстырма сөз сөйлемнің басында келсе, үтір одан кейін қойылады
|
Қыстырма сөз сөйлем ортасында келсе, үтір 2 жағынада қойылады
|
Қыстырма сөз сөйлемнің сқңында келсе, үтір алдынан қойылады
|
Меніңше, -
Абырой болғанда,-
Өкінішке орай,-
Сірә,-
Амал не, кітапты қойныма тықтымда, жатаққа келдім
|
-,Әйтеуір,-
-,Қысқасы,-
-,Әрине,
Иә, айтары жоқ, өте сүйкімді балалар.
|
- ,Шамасы
- ,Бәлкім
-,Әйтеуір
Біреу көрсеткен-ау, щамасы.Аман- есен жүріп жатырма, әйтеуір.
|
Одағайға байланысты қойылатын үтір.
Одағай мен қаратпа сөздің ортасына үтір қойылады
|
Одағай сөйлем ортасында келсе, үтір 2 жағына қойылады
|
Сөйлем соңына келсе, алдына үтір қойылады
|
Ойбай, Шегендей емес шығарсың
|
Білем, е, білем!
|
Ол қандай үн болғаны, апыр-ау?
|
Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір
Да, де, та, те, әрі жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтар -дан соң үтір қойылады
|
Бірақ, дегенмен, әйтседе, сондықтан, өйткені, себебі
жалғаулықтары арқылы байланысса, жалғаулықтардан соң үтір қойылады
|
Қайталанып келгенде
|
Жалғаулықсыз ыңғайлас, себеп мәнді салалас құрмаластар арасында
|
Қайтарар жауабы көкірегінде қайнап тұрса да, Сұлтанмахмұттың үні шықпады.
|
Әкесі мен қызы осы жерде бірінші рет кездесті, бірақ бірін – бірі танымады.
|
Кейде олар балаша шуласа, кейде сабырлы болады.
|
Дауыс шыққан жаққа қарап едім, қол созым жерде елік тұр.
|
Жаттығулармен жұмыс:
168-жаттығу.
? Шылаусыз байланысқан бірыңғай мүшелердің арасына шылау қойып, байланыстырып көріңдер. Тыныс белгілерінде және мағыналарында қандай айырмашылық болады екен?
О Қарамен жазылған сөздердің мағынасын түсіндіріңдер.
170-жаттығу.
172-жаттығу.
173-жаттығу.
177-жаттығу.
181-жаттығу.
Сұрақ – жауап.
1. Сөйлемнің ішіне қойылатын тыныс белгілерін ата.
2. Үтір қандай жағдайда қойылады?
Карточкамен жұмыс.
1. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талда. Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тиісті орынға тыныс белгісін қой.
2. Қаратпа сөздерді бірде сөйлемнің алдына, бірде ортасына, бірде аяғына қойып, оларды тыныс белгілерімен айырып жазыңдар.
3. Одағай сөздерді тыныс белгілерін қойып көшіріңіздер.
ҮІ. Үйге тапсырма беру: 186-жаттығу.
ҮІ. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |