188
сыпайылық, әдептілік, сый-құрметтіліктің – бәрі де – адамгершіліктің
ұшқыны. Адамдарды қызметіне, жағдайына, киіміне, сырт көрінісіне
қарап бағалау дұрыс емес. Қызмет те, орта да, киім де уақытқа
байланысты өзгеретін нәрсе, өзгермейтін тек жан сұлулығы да;
сонымен бірге, жүрек жылуы болуға тиіс. Адамның адамгершілік
қасиеті әрқашан биіктен ізеттілікпен көрінуі парыз. Ел басына күн
туған қатерлі жылдары – жанын шүберекке түйіп; Отанын, туған
жерін, болашағын қорғаған абзал әке-аталарды, еңбек ардагерлерін,
үлкендерді сыйлау, құрметтеу, кішіге қамқоршы болу (жастардың
абыройлы борышы). Адамгершілік қасиетімізге кір келтірмейік.
ІІ. Тымақ: ерлердің қысқы бас киімі. Оны – аңның, малдың
терісінен тігеді. Осыған орай ол:
түлкі тымақ, елтірі тымақ, сеңсең
тымақ, пұшақ тымақ, – деп атала береді. Бұрын қазақ елі қай жүздің,
қай рудың адамы екенін осы тымағына қарап та тани берген. Яғни,
«Арғын тымағы», «Жалайыр» мен «Найман тымағы» немесе «Торғай
тымағы», «Семей тымағы» деген үлгілері болған.
Тымақ: биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, желке, жотаны
жауып артқы етектен тұратын жылы бас киім. Сыртын берік және
жақсы, қымбат маталармен тыстайды. Екі құлағына ызбалы бау
тағады. Етегін төбеге қайырып қою үшін тымақтың артқы жағына
тобылғыдан немесе арша сияқты берік ағаштан тиек жасап қадайды.
Оны
«құрысқақ» дейді. Ескілік киімі деген өлеңінде данышпан Абай
былай деп жазған:
– Күләпара
бастырған, пұшпақ тымақ,
Ішкі бауын өткізген тесік құлақ.
Тобылғыдан кесіп ап, жіппен қадап,
Артын белге қыстырған бар құрысқақ.
Тымақ: қасиетті бас киім. Оны айырбастауға болмайды: аяқ
тигізбейді. Жақсы кісілердің тымағы атадан балаға мұра есебінде
қалып отырған. Бұрынғы қазақтар шала туған баланы неше күні кем
болса; сонша күн тымаққа салып; кереге басына іліп қоятын болған.
Бұл да – тымақтың қадірі мен қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі
деп түсіну керек.
(С.Кенжеахметұлы «Жеті қазына»)
273-жаттығу. Мәтіннің тиісті тыныс белгілерін қойып, ережесін
түсіндіріңіздер.