Пунктуациясы



Pdf көрінісі
бет168/175
Дата11.05.2020
өлшемі1,36 Mb.
#67099
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   175
Байланысты:
767f84253bd59368c0d3f8a69b50ecc0

Сөздің атасы мен анасы 
Қаздауысты  Қазыбектің  атағы  шығып  тұрған  кезде  аулына  бір 
саудагер келіпті Түстеніп болған соң Қазыбекке 
Сізден  бір  сөз  сұрайын  деп  едім  депті  Бір  керуен  едік  өзара 
дауластық  та  ойластық  та  бірақ  шешуін  таба  алмай  қойдық  Сөздің 
атасы кім анасы кім 
Қазыбек ойланып қалады 
Япырай  өзбектің  саудагері  ғана  білмейді  екен  десек  қазақтың 
Қазыбегі де білмейді екен ғой биыл таппасаңыз ендігі жылы табарсыз 
деп саудагер үйден шығып кетеді 
Қазыбек  орнынан  ұшып  тұрып  іле-шала  тысқа  шықса  саудагер 
асығыс атқа мініп қалған екен 
Япырай  саудагердің  ісі  сарт-сұрт  деген  рас  екен  ғой  Артыңа 
қарамай  аттанғаның  не  Әлгі  сөздің  шешуін  іздеп  ендігі  жылы  тағы 
келіп  саудаңнан  қаларсың  артыңа  қарамайтын  болып  кет  Сөздің 
атасы бірлік анасы шындық Жолың болсын жүрген жеріңе айта жүр 
депті Қазыбек 
(Шешендік сөздер) 
 
274-жаттығу.  Сөйлемнің  тыныс  белгілеріне  назар  аударып,  неліктен 
қойылып  тұрғанын  түсіндіріңіздер.  Сөздің  құдіреті  жайында  өз  ойларыңызды 
білдіріңіздер. 
 
Сөз құдіреті 
Баршамызды да ана тіліміздің көсегесін көгертіп, қолдану аясын 
кеңейту,  мемлекеттік  тілдің  қамы,  туған  тіліміздің  тылсым 
иірімдеріне  деген  құмарлық  толғандырары  аян.  Мен  тіл  маманы  не 
әдебиет  маманы  емеспін.  Тек  ана  тілін  құлай  сүйетін  жандардың 
бірімін. 
Сөз құдіреті! 
Оның  бітпесті  бітірген,  жетпесті  жеткізген,  үзілгенді  жалғаған 
мүмкіндігі.  Бір  ауыз  сөз  опық  жегізіп,  өмір  бойы  өзегіңді  өкінішке 
толтырса,  бір  ауыз  орынды  айтылған  пікір  жадыңда  жатталып, 
қуанышқа, бақытқа жеткізері ақиқат. 
Ұлы ғұламалар сөз құдіреті туралы талай ұлағатты ойлар айтқан. 
Артына  90  томдық  туынды  қалдырған  орыстың  ұлы  жазушысы 
Л.Н.Толстой:  «Сөз  –  ұлы  нәрсе.  Оның  ұлылығы  мынада:  сөзбен 
адамдарды біріктіруге болады; сөзбен оларды алшақтатуға да болады; 
сөзбен  махаббат  отын  тұтата  аласың;  сөзбен  жауласуға  да,  арбасуға 


 
190 
да барасың. Адамдарды бір-бірінен алшақтататын сөзден сақтан. Тіл 
– ұлттың жан дүниесі», – деген. 
Иә,  тіл  –  ұлттың  жан  дүниесі!  Расында  да,  қазақ  халқының 
басында  талай  қиын  нәубеттің,  зұлматтың,  қайғылы  күндердің 
болғаны  тарихтан  белгілі.  Қоралап  айдаған  малдың  қиқулап  қуса, 
жаудікі  екендігін,  борандадып  соқса,  жұттікі  екендігін,  үйге  жиған 
жиһаз-мүлкін,  бағалы  тастарын,  халық  айтқандай,  «Арпа-бидай  ас 
екен, алтын-күміс тас екендігін» өмір талай дәлелдеді. Осындай ауыр 
сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың 
өзімен бірге алып кетер бар байлығы – ана сүтімен санасына дарыған 
ана тілі ғана. 
(Ө.Озғанбаев) 
 


 
191 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет