Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


К.Р. Поппердің сыншыл рационализмі



Pdf көрінісі
бет39/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122
Байланысты:
toymataev

К.Р. Поппердің сыншыл рационализмі
Карл  Поппердің  тұжырымдамасына  тəрізді  келесі  ұғымдар: демаркация
мəселесі; фальсификация  мəселесі; фаллибилизм  принципі; «үш  əлем» туралы
теория.
Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) - британдық философ. Австрияда
дүниеге  келді, 1937-1945 жж. Вена  университетінде, əуелі  физика, математика
мен  психологияны  содан  кейін  философияны  меңгерген. Жаңа  Зеландияда
философиядан  дəріс  оқыған, кейін 1945 ж. Лондонның  экономика  мен  саяси
ғылымдар  мектебінде  профессор, логикадан  дəріс  оқыған, 1949-1969 жж. сол
мектепте логика мен  ғылым  методологиясының профессоры. Вена ұжымының
дискуссияларына  қатысқан, оның  бағдарламасына  сынау  жасаған; 1946 ж.
бастап, өзінің  шəкірттерімен  бірге  ғылым  философиясында «сыншыл
рационализм» аталатын 
жаңа 
бағытты 
қалыптастырған. Поппердің
шəкірттерінің  қатарына  кіретіндер: Лакатос, Фейерабенд, Агасси, Уоткинс,
У. Бартли т.б.
Поппердің  пікірінше, сынау  ғылымның  негізгі  əдісі  жəне  ғалымның
əдетінің негізгі рационалды стратегиясы.
Поппердің  көзқарасын  ХХ  ғ. басында  физикадағы  жаңа  теориялар,
логикалық  позитивизмнің  идеялары, кантианшылдықтар (Нильсон) өзгертті.
Өзінің  сыншыл  рационализм  атты  философиялық  тұжырымдамасын
неопозитивизмге  антитеза  ретінде  құрастырды: верификацияның  орнына
демаркацияны; индуктивизмге  қарсы  болды; демаркацияның  əдісі -
фальсификация (бəрін  жоққа  шығару). Карл  Поппердің  методологиялық
идеялары  батыс  философиясында - сыншыл  рационализм - əйгілі  бағыттың
негізін  қалыптастырды. Рационализм  ғылыми  білімнің  мінездемесі  жəне
зерттеу  процесінде  ғалымдардың  қызмет  əдеті  ретінде  айқын. Сыншыл
рационализімнің  жарияланған  принциптеріне  ымырасыз  сынау, білімнің
принципиалдық  гипотетикаландырыуы  жатады, себебі, абсолюттік  ақиқаттың
иелігіне шабыт беретін рационалдылықсыз жағдай.
Попперді 
неопозитивистік 
дəстүрмен 
байланыстырады, бірақ
Витгенштейн  сияқты  ол  Вена  ұжымының  қызметіне  қатысы  жоқ. «Өзімнің


94
сынаушыларыма  жауап» немесе «Өмірбаяным» атты  шығармасында  ол  осы
мəселені анықтайды; Отто Нейрат Попперді Вена ұжымының ресми оппоненті
деген. Аналитиктарға  қарсы  ол  өзінің  бағдарламасының  мəні  туралы  былай
деген: «Сөзбен  мағыналарды  қазбаламай, сыналған  теориялармен  олардың
құндылығын анықтауымыз керек».
К. Поппердің, ғылым  философияның  өкілі  ретінде  назарын  ғылыми
білімнің  өсу  мəселесіне  аударады. Бірінші  шешім  қадамы  ретінде  ол
демаркацияны - ғылымды  ғылым  еместен ажыратуды ұсынады. «Демаркация»
терминін  Поппер  ғылымның  шекарасын  анықтауға  енгізген. «Мен  ғылым  мен
ғылым  еместің  аралығын  көрсеткім  келді, себебі, ғылым  көп  жағдайда
қателеседі, ал  ғылым  емес  кездейсоқтықта  ақиқатқа  ұрынуы  мүмкін».
Демаркация  мəселесі (бөлу, ажырату) ғылымды  иррационалды  аңыздар  мен
квазиғылыми  құбылыстардан, экзистенциалдық, идеологиялық  қатпарлардан
босатуға  арналған. Бірақ, демаркация  кең  мағынасында  эмпириялық
ғылымдарды  математика, логика  мен  метафизикадан  бөлу  мөлшерлерді  іздеу.
Демаркация  белгісі  ақиқатты  жалғандық  қатынастырға  теңделмейді, ол  тек
ғылымның  нақты  аймаққа  қатысын  білдіреді. Индуктивті  логика  демаркация
белгісінің  ерекшелігі  мен  лайықтығын  анықтамайды. Поппердің  айтуынша:
«демаркация белгісін келісім немесе конвенцияның ұсынуы деп түсіну керек».
Ғылыми  өлшемнің  ең  əлсіз  нүктесі - тəжірибелік  тексеру - олда
жетілмеген. Яғни, теорияны дəлелдемейтін де фактілер кездеседі.
Л. Витгенштейннен келесі пікір жалғас алады, əр ғылымдылыққа қатысты
теория  фактілерге (хаттамалық  пікірге) сүйенеді  жəне  тəжірибенің  нəтижесі
болады. Ал Поппер  таза бақылаудың  мағынасыздығын  немесе  нақты, бақылау
тек  тандамалы  жəне  мақсатты  деп  жариялаған. Сөйтіп, ол  анық  жариялаған:
«Теорияның ғылыми мəртебесінің белгісі оның фальсификациялануымен жоққа
келтірілуі...». Əр жақсы, жетілген теория тиым салады, теорияның тиым салуы
көп  болса, ол  жетілген, басқа  теориямен  жоққа  келтірілуі  тек  бір  сəтте. Басқа
жағынан қарасақ, Л. Витгенштейннің бақылаудың үстемді шешімімен келіссек,
тəжірибелік  білім  теорияның  ақиқатты  екендігіне  толық  негіз  бола  алмайды,
себебі, тек бір факт арқылы теорияны жоққа келтіруге болады. Дəстүрлі мысал:
биологтар, Австралияда  қара  түстілер  кездескенше  дейін  аққулар  тек  ақ  түсті
деп саналған.
Осыларға назарын аударып, Карл  Поппер верификацияның  келешегі деп
теорияны  принципиалды  түрде  жоққа  шығаруды, оның  фальсификациясын
ұсынады. Осы  жағдайда, ғылыми  деп  соңғы  ақиқат  деп  жарияланған  емес,
жоққа  келтірілгенді  санаймыз. Ғылыми  емес  құрылыстар (қосымша
метафизикада) фальсифицияландырылатын ғылыми теориялар қарағанда жоққа
келтірілмейді, себебі, жоққа  келтіру  эмпириялық, тəжірибеге  негізделген
білімді  дəлелдейді, яғни, оның  ғылымдылығын, фактілермен  байланысын.
Ғылымдылықтың идеалынан алшақ ғылыми емес концепциялар мəнінде жоққа
келтірілмейді. Оны  ешқандай  факт  жоққа  келтірмейді, себебі, ол  фактілермен
жұмыс жасамайды. Поппер өзі осыны түсініп, жазған: «Менің білім теориясына
деген  қатысым  революционды  болған  соң, сол  себепте, мен  ойламағандай,
қабылдауда қиындық тудырды».


95
Оның 
пікірінше, ғылым 
мен 
рационалдылық 
тоталитарлы
иррационалдылықтың  рухына  қарсы  болатын  негіз. Демаркация  мен
фальсифицияландыру  идеясы - оған  əлемде  атақ  əкелген  жетістіктер.
Фальсифицияландыру  қағидасы  верификация  принципіне  альтернативаны
құрастырады  жəне  бірінші  позитивистермен  қорғалатын  индуктивизм
принципіне сынау ретіне тудырады. Индуктивизмге қарсы Поппер эмпириялық
бағдарламалардың  рационалды  құрастырылған  схемалар  үстемді  ғылыми
зерттеудің  гипотетикалық-дедуктивтік  моделін  ұсынады. Эмпириялық
бағдарламалар  өздері  конвенционалды  түрде  қабылданған  эмпириялық  негізге
арқа сүйейді. Сөйтіп Поппер Вена ұжымының қисан эмпиризмінен бет бұрады.
Ол  зерттеудің  теориялық  пен  эмпириялық  деңгейлерінің  теңдігі  мен
байланысын қөрсетуге тырысты.
Фальсифицияландырылу  теориясы 1965 ж. Лондон  коллоквиумінде
жарияланды, келесі бірнеше жылдар  Еуропа мен оның шеңберінен тыс ғылым
философиясының  пікірталасының  орталық  тақырыбы  болды. Күмəнсіз,
фаллибилизм  туралы  тұңғыш  рет  айтқан  Ч. Пирс (1839-1914 жж.), бірақ
артикуляциаландырылған  доктринаға К. Поппер өзінің «Ғылыми  білімнің өсуі
мен логикасы» атты шығармасында (1934 ж.) айналдырды. Фаллибилизмді тек
60-шы  ж. қолдана  бастады. Попперниандік  қозғалысқа  кіргендер: Дж. Агасси,
Дж. Уоткинс, Дж. Фрезер.
Поппер  өзінің  фальсифицияландыру  концепциясын  келесі  тұжырымнан
бастайды - теориялық  білім  шамамен  болжамды, ол  қателікке  ұрынады.
Ғылыми  білімнің  өсуі  ғылыми  гипотезалардың  ұсынуы  мен  жоққа  келтіруді
негіздейтін  процесс. Соңғысы  фаллибилизм  принципінде  бейнеленеді. Поппер
сенеді, қанша тексерістен өтсе де ғылыми теориялар қателесуі мүмкін, олардың
мүмкіндігі  нөлге  жақын. Басқаша  айтқанда, теориялардың  бəрі  қате  деп
қателесуге  болмайды. Сонымен  бірге  ол  өзінің  жағымды  қағидасын  ғылым
философиясының  идеялық  ағымдарының  контекстіне  қоюға  тырысты.
Конвенциялық 
пікір 
бойынша 
табиғат 
заңдарын 
бақылаумен
фальсифицияландыруға  болмайды  жəне  жүйелерді  фальсифицияландырылған
немесе фальсификацияға жатпайтын деп бөлуге болмайды, бұндай бөлініс анық
емес  деп  тұжырымдайды. Сөйтіп, осы  принциптін  түсіндіруінде  кейбір
қозғалыс  бар. «Фальсификация» термині  теорияға  қарсы  келетін  эмпириялық
фактілер  арқылы  теорияны  жоққа  келтіру  деген  мағынаны  білдіреді.
Фальсифицияландыру  дегеніміз  əр  ғылыми  теорияның  фальсификацияға
ашықтығы. Фальсифицияландыру  дегеніміз  теория  оны  дəлелдейтін, яғни,
дедукция арқылы тұжырымдалынатын тек эмпириялық фактілермен бірге емес,
сонымен  қатар, теорияға  қарсы, əлі  белгісіз  эмпириялық  куəландырылмаған
потенциалды  фальсификаторлар  тобы. «Теория «эмпирикалық» немесе
«фальсифицияландырылатын» деп  аталады, ол  екі  топ  мүмкіндігін, негізгі
пікірлерді  екі  қуыссыз  топ  астына  бөлсе: бірінші, өзімен  сəйкес  емес, өзіне
лайық  емес  негізгі  пікірлер  тобы; екінші, өзіне  қарсы  емес, өзі «жіберетін»
негізгі  пікірлердің  тобы». Осы  анықтаманы  нақты  айтсақ, теория
фальсифицияландырылады, оның  нақты  фальсификаторлардың  тобы  қуысты
(бос) болмаса. Алғашқы «қияли  фальсификационизмнен» (тəжірибемен  жоққа


96
келтірілген  гипотезалар  түсіп  қалады) фальсификационизмді  жетілдіруге
қозғалыс (теориялар  ұқсастық  арқылы  тексеріледі  жəне  жақсы  дəлелделген
теориялар  түсіп  қалмай  басқа  жемісті  фактілермен  түсіндірілген  теорияларға).
Бұл  жерде  жаңа  ұғымға  сұраныс  бетке  шығады - корроборация, яғни,
теорияның  мүмкіндігін  көтермейтін, оның  фальсифициаландыруын  бұзбайтын
дəлел. Теория  корроборияландырылған  деп  саналады, одан  эмпириялық
куəліктер жиналса. Басқа тең жағдайларда теория корроборияландырылған деп
саналады: 1. потенциалды  фальсификаторлар  тобы  кең  болса; 2. қатал
тексерістен, яғни, қиын, күтпеген  эмпириялық  куəлікпен - қабылданған
теорияларды фальсифицияландыратын гипотезаларды қабылдау».
Поппер  ғылыми  білімнің  өсуін  жалпы  əлемдік  эволюциялық  үрдістің
нақты  оқиғасы  дейді. Өзінің  эволюциялық  эпистемологиясын  индуктивистік
дəстүрмен  пікір  таласта  дамытқан. Ғылыми  теориялар  индуктивтік  процестер
арқылы  құрылмайды. Біздің  ақылымыз tabula rasa емес. Поппер  болжамсыз
жəне  идеялардың «иррационалды» инъекциясын  қабылдайды. Оған  қатысты
тағы  бір  пікір - методология  эволюцияға  қарсы  қасиеттердің  иесі, себебі,
ғылыми  методология  ғылыми  білімнің  унификациясына (бірлігіне) əкеледі, ал
эволюциялық  процесс  көптүрлілікке  əкеледі. Сол  себепте, Поппердің
методологиясы 
эволюциялықтың 
ұқсастығы, өзгеру, іріктеу, бекіту
анықтамаларды кең қолданады.
К. Поппердің 
эпистемологиялық 
позициясын 
кумулятивизмнің
стандарттарына  қарсы  деп  бағалайды. Оның  пікірінше, ғылымның  мақсаты
тұрақты  түрде  өзін  жаңарту. Ғылым  мəселеден  басталады, ғылыми  теория
ғылыми  білімнің  өсуіне  қосатын  үлесі - жаңа  мəселерді  тудыру. Алғашқы
Поппер  үшін  антикумулятивизм  тəрізді, яғни, ғылымда  жоққа  келтірілген
теорияларды сақтау.
Сөйтіп, Поппер  кумулятивтік  метолологияда  қалыптасқан  бірізгілік
принципті  жоққа  келтіреді. Ғылымға  ешқандай  даму  ізгілік  тəрізді  емес, əр
жаңа теория жаңа сызықты жаратады. Ғылым тарихы «тарихи алдыңғы істердің
(преценденттердің)» жиынтығы. Поппердің  эпистемологиясының  соңғы
нұсқауына  антикумулятивистік  емес, кумулятивистік  емес  позиция (бірізгілік
пен үзілісті қабылдайды) тəрізді.
Сынау  жалпы  мағынасында  керісінші  байланыс, яғни, алғашқы
шарттарға, негіздерге, теория  мен  идеяларға, тұжырыммен  қағидаларға  назар
аудару  режимінде  рефлексияландыру  қабілеті. Сынау  принципиалдық  түрде
өзіндік  позиция  контраргументтермен  жоққа  шығарылса, яғни, оларды  жоққа
шығару. «...Əр  сынау  түбінде  əртүрлі  қайшылық  пен  сəйкессіздікті  көрсету,
ғылыми  прогресс  қайшылықты  тек  айқындау  емес  жоюшылық. Қайшылық
ғылымды прогресске əкелетін тəсіл».
Бірақ, сыншылдық  ұсынылған  идеяларды  қорғау  мен  дəлелдеу, соны
жасауға  аргументтерді  іздеу. Сынау  аргументация  жүйесіндегі  өкілдермен
«сұхбат» пен «полилогқа» қатысу. Сол қасиетінде ол плюралды.
Дж. Сороспен  келесі  сөздер  айтылған: «Бəрі  мүмкін  болу  керек, əлі
дəлелденбей, түбінде  мүмкін  емес. Оны  мен  ойлаудың  сынау  типі  деп
атаймын». Таңдау  əрқашанда  жарияланған  ережелердің  механикалық


97
қосымшасын емес, тұрақты сынау талдауға сұраныс жасайды. Ойлаудың сынау
типінде  абстракциялар  маңызды  орын алады. Латынша  абстракция ол алаңдау
болса, ал  шығарып  алу  өзінің  сапасында  нақтылықты  қарапайым  түрге
айналдырады, бірақ  ойлаудың  қабылданған  құралы  болады. Абстракциялық
құрылыстың  анықтамасы  қосымша  мəселелер  тудырады. Ақыл  нақтылықтан
алшақтаса, абстракциялардың «өзгеше  толық» өмірмен  жаратылған
мəселелердің  төңірегіне  жеткісі  келеді. Түбінде, ойлаудың  жоғары  деңгейіне
дейін  жетіп, нақтылық  өмір  мəселелері  мен  коллизиясынан «ұшып» кетеді.
Жерге  түсу  үшін, сыншыл  ойлау  абстракциялық  категориялардың
байланысының басқа анықтамасына іліну қажет, олар нақтылықта максималды
түрде  адекватты  болады. Ойлаудың  сынау  түрі  интерпретациялардың  əртүрлі
мүмкін жағдайларын ұсынады.
Рационалдылықтың  сапасы  сынаудың  қасиеті  ретінде  мақсаттың, іс-
əрекеттің, нəтиженің  немесе  байланыс  процесінің  анықтығы  мен  түсінігін
негіздейді. Сынау  рационализмнің  пафосы  эмпиризмге  қарсы  болуда  емес.
Керісінше, нақты эмпириялық жағдайлар талдауға жəне сынауға назар сұрайды.
Сыншыл  рационализм  ирационализмге  қайшы. Рационалдылықтың  стандарты
индивидтердің іс-əрекет мүмкіндігіне қатысты жинақсыздықты қабылдамайды.
Рационалды дүние түсінігінің негізінде оптималдылық жатыр.
Кант пен Гегельдің шығармаларында біз рационалдылық анықтамасының
шегінің  өсуін  байқаймыз. Гегельге  мына  сөздер  тəн: «Ақылдының  бəрін  біз
қатар  мистикалық  деп  санауымыз  қажет, себебі, ол  ақылға  симайтын  жəне
жетілмейтін  болғандықтан  емес  ақыл-парасаттың  шегінен  шығатындығы».
Поппер  айтқандай, Гегель  ақылдың  табиғатында  өз-өзіне  қайшылық  жатыр
дейді. Адам  қабілеттері  емес, рационалдылықтың  өзінің  мəні  бізді
қайшылықтар 
мен 
антиномиялармен 
жұмыс 
жасауға 
мəжбүрлейді.
Антиномиялылық, Гегельдің пікірінше, ол ақыл арқылы дамып жатқан тəсіл.
Қазіргі жағдайда  рационалдылықтың  мəселесін  талқылау  қиын  жағдайға
жатады, себебі, рационалды бағытталған  теориялар  басқа  табиғаты  бар
элементтерді  кіргізеді - рационалдылықтан  тыс, құндылық, идеологиялық,
экзистенциалды - бəрі əлеуметтік детерминацияға бағынады.
М. Вебердің  талдауына  бағынып  отырып, бюрократияны  да  қоғамды
меңгерудің  рационалды  тəсілі. Өзінің  мақсаты  бойынша  ол  заң  əріптеріне
бағыну мен  ұстануды міндет етеді. Ал заң  рационалдылықтың бірінші белгісі.
Бірақта, сыншыл  рационализм  сонша  рационалды деп  аталады, себебі, ол  тек
ақыл  деңгейіне  жетпеген  түрлерді  сынау  емес, сонымен  қатар  нақты
жағдайдағы мақсаттылық пен жəне қосымша аумақтағы ақылмен шек қою.
Ақылдың 
сыншыл 
потенциалының 
қосымша 
аумағы 
ретінде
институционалдылықты қарастыруға болады, яғни, бұған əлеуметтік реттілікті
қалыптастыратын қоғамдық институттар жатады. Сыншыл ақылдың құзіретіне
тек  персоналармен  жəне  доктриналармен  пікірталас  емес, тағы  да  əлеуметтік
институттардың  қызметіне  белсенді  өзгеріс  кіргізу - «жабық  қоғамдағы»
«бағыну» принципі  жəне  рефлексияланбай  бағыну. Поппердің  айтуынша,
ақылға  бағынып, сынау  қабілетті  қолдана  бастағанда, біз  өзіміздің  тұлғалық
жауапкершілік  үнімізді  сездік, сонымен  бірге  білім  прогресіне  ықпал  ететін


98
жауапкершілік; біз  алғашқы  тайпалық  магияға  бағынатын  қоғамға  қайтадан
келе  алмаймыз. Біз  артқа  бұрылсақ - тағы  барлық  өтілген  жолды  қайталауға
мəжбүрміз - яғни хайуан деңгейіне».
Бірақ  бұл  эпистемологиямен  əлеуметтік  танымның  кездесуінде  жалғыз
оқиға  емес. Эпистемологияда  Поппермен  ұсынылған  демаркация  идеясы -
рационалды  мен  иррационалдықты, ғылым  мен  ғылым  еместі  бөлу  ғылыми
танымның  шегінен  шықты. Демаркацияны  универсалдандыруға  себеп  пайда
болды - яғни, ашық  жəне  жабық  қоғамдар  аралығында  демаркациялық  сызық
өткізу - бірақ олардың бəріне ортақ тарихи даму процеске қатыстарын ұмытпай.
К. Поппердің  эпистемологиясындағы  орталық  идея  қоғамдық  ағзадан  да
өзіндік  түзету  сұрауға  мəжбүр  болды. Фальсификация  идеясы  əлеуметтік
талдауға  қосымша  қоғамдық  біртұтастыққа  өзіндік  түзету  үшін  маңызды
бағыттарды ашады.
Əр  қоғамда  қабылданған  идеялар  сыннан  өткізу  қажет, сонда  ғана
ақылдылар  сақталады, ал  ақылсыздар  тасталып, жаңа  əлеуметтік  стратегияны
ұсынады. Осыны  кіші  өзгерістің  түрі  деп  айтуға  болады. Сынау  өзгеріске
əкелетін рационалды жəне тиімді əсершіл құралдары.
Имре Лакатос Карл Поппердің замандасы оның теориясына скептикалық
тұрғыдан қарайды. Келешек саяси философтар мен ағартушы қызметкерлеріне
талай сұрақтарға жауап іздеу жұмысы дайын. Мəңгі сұрақтарға жауаптар əлі де
тек жорамал түрінде қалады.
Ғылыми  танымның  стратегиясына  айналған  сынау  рационализм
қағидаларына келесі тежеулер қойылады:
Бірінші тежеу - мақсатқа жетудің қажеттілігі.
Екінші  тежеу - тек  керекті  салдардың  шығуы, сонымен  қатар, тікелей
бақылаудан өткендерде.
Үшінші тежеу - салдардың зиянсыздығы, жағымдысы.
Төртінші - білу мен болжау мүмкіндігі.
Жаңа  ғылымның  дамуына  əсер  беретіндеріне - мистикалық  инсайт -
тұлғалық, индивидуалдық шығармашылық жатады.
Попперден  үш  əлемді  ажырату  сыншыл-рефлексивтік  процестің
сызықтарын анықтайды. Үш əлем - 1. шектелген физикалық жағдайлар немесе
объектілер; 2. сана, ойлау  ментальдық  жағдайлар, қызметке  қатысты
диспозициялар; 3. ойлаудың  объективтік  мазмұны - ғылыми  идеялардың
мазмұны, поэтикалық  ойлар  мен  өнер  шығармаларының  мазмұны. Яғни,
теориялық  идеялар, концепциялар, мəселелер, қиын  оқиғалар - түбінде  сынау
пікірлер, сыншыл пікірталастар жəне олардың жағдайлары.
Эпистемология ғылым философиясының теориясы ретінде өзін-өзі билеу
еркі  бар  үшінші  əлеммен  тығыз  байланысты. Ғалым  осыған  дəлел  ретінде  үш
тезисті ұсынады.
1. Дəстүрлі  эпистемология  екінші  əлемге  назар  аударған  соң  ғылыми
білімнің  зерттеуіне  ешқандай  қатысы  жоқ. Эпистемология  үшін  үшінші
объективті білім əлемін (автономды) зерттеу шешімді мағына береді.
2. Үшінші  əлемді  зерттейтін  объективтік  эпистемология  екінші
субъективтік сана əлеміне, əсіресе, ғалымдардың субъективтік ойлау процесіне


99
қатысты.
Осыларға Поппер қосымша аргументтер ұсынады:
- өрмекшінің  торы - оның  өнімі  сияқты, солай  үшінші  əлем  адамның
табиғи өнімі;
- үшінші  əлем  үстемді  түрде  өзін-өзі  билейді, соған  бағытталған  əсерге
қарамай;
- біз  жəне  үшінші  əлем  арасындағы  байланыс  арқылы  объективтік
білімнің  өсуі  мүмкін, биологиялық  өсумен, яғни, өсімдіктер  мен  хайуан
эволюциясымен объективтік білім арасында тығыз ұқсастық жатыр.
Үшінші  əлемнің  автономия  туралы  пікірден  келесі  ғылыми  білімнің  өсу
формуласы шығады: Р - ТТ - ЕЕ - Р
2
, Р - мəселе; ТТ - мүмкін қате теория; ЕЕ -
қатені түзету процесі; Р
2
 - жаңа мəселе.
«Үшінші  əлемнің  автономиясы, жəне  үшінші  əлемнің  екіншіге  жəне
біріншіге керісінше əсер беруі - барлығы білімнің өсуінің маңызды фактілері», -
деп К. Поппер тұжырымдайды.
Қорыта  айтқанда, қазіргі  ғылым  философиясында  бірдей  түрде  толық
саналатын жағдайға білімнің дамуының нақты процесі түбінде қатал бақылауға
қарсы  шығады. Ғылыми  процестің  субъектілері  жарияланған  ережемен  емес,
ішкі  мотивациядан  өткен  логикалық, верификациялық-фальсификациялық
салыстырмадан  өткен, принципиалды  түрде  жаңа  мүмкіндіктердің  болуына
ашық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет