Д. Б. Тойматаев Ғылым тарихы мен философиясы


Ғылыми білімнің деңгейлері



Pdf көрінісі
бет97/122
Дата12.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#67408
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   122
Байланысты:
toymataev

Ғылыми білімнің деңгейлері - пəндік, əдістік, қызмет тұрғысынан ерекше
болатын  ғылыми  білімнің  түрлері; өзгеше  ғылыми  пəндік  шеңберінде  ортақ
жүйе  құрастырады. Əр  жетілген  нақты-ғылыми  пəнде  келесі  үш  деңгейді
көрсетуге  болады: эмпириялық, теориялық  жəне  метатеориялық. Олардың
арасындағы бірлік əр ғылыми пəннің өзгеше дербестігіне, тұрақтылығына жəне
өзіндік негіз арқылы дамуына ықпал етеді.
Факт - эмпириялық  жəне  теориялық  білімді  құрастыруда  қатысатын
тəжірибе буыны; бағдарлама құралдарымен бейімделген эмпириялық нақтылық
(мəтіндер, формулалар, фотосуреттер, бейнетаспалар 
т.б.). Факт


191
гносеологиялық тұрғыда көп қырлы құрылыстың иесі: 1) объективті бар (нақты
үрдістер, жағдайлар, қатынастар, қасиеттер  т.б.); 2) бағдарламаны
құрастыратын (бағдарлама  бетістірушілері); 3) фактілердің  практикалық
детерминациясы (бақылаудың, өлшеудің, эксперименттің сандық жəне сапалық
мүмкіндіктері); 4) фактілердің  когнитивтік  детерминациясы (теорияның
алғашқы абстракциясынан, теориялық, психологиялық жəне əлеуметтік-мəдени
ұстанымдарынан тəуелділігі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет