бірнеше вариант күйінде айтылуы себепсіз, жай бола салған құбылыс емес.
әдеби тіл мен диалектілерінде кездесетін синонимдердің шығу төркінін сөз
территориясындағы зерттелген басқа говорлардан ерекшелігі – көптілділік.
Говорға тән байырғы сөздермен бірге басқа тілдерден кірген сөздер жарыса
8
Iстің аяқталуын білдіретін говордағы құтару (бітіру), сауу (ақшаны
жұмсау) деген диалектілік сөздер жиі қолданылып отырады. Жергілікті
халық тілінде күнделікті тұрмыста, өзара қарым-қатынаста синонимдердің
қолданылуы бір тегіс емес. Олардың кейбіреулері жарыса, жиі ауызға
алынып отырса, ал енді біреулері сирек айтылады. Мәселен, кесел, дәмкәс,
битап (ауру, науқас) сөздердің күнделікті қолданылуда жиі де жарыса
кездесетіндері дәмкәс, битап. Ал кесел сөзінің қолданылуы алдыңғы екеуіне
қарағанда сирек. Бардамлы, құрғын (күйлі) сөздерінің алдыңғысы аралас
отырған қазақтар тілінде көп кездеседі. Ал қардар, мүтәж (мұқтаж)
сияқтылары әр уақытта тең дәрежеде, жарыса пайдаланылады.
Сонымен қатар диалектіде кездесетін синоним сөздерді тіліміздегі
вариант,
дублеттер
тілдік
категориялар
тұрғысынан
фонетикалық,
лексикалық, грамматикалық болып үшке бөлінеді.
Фонетикалық дублеттер: Сүйінші–шүйінші, ұнасы-үнасы, зембіл–
зәмбер, гешір–гәшір, келле-кәлле, сорпа-шорпа, қарбыз-қармыз, жылмала-
кілмала т.б. Бұл дублеттердің әрбір сыңары бір-бірінен фонетика жағынан
яғни жеке дыбыстардың түрліше дыбысталуы арқылы бөлектенеді.
Лексикалық дублеттер: Бұл топқа сыңар сөздердің әрбір компоненті
дыбысталу жағынан бір-біріне ұқсамайтын сөздер жатады: аяқташпа,
деңгене (малды жіліктеп сойып бөліп алу), әйдік, нән (үлкен), қолша, дүңгір,
бидон, шелекше (сүт құятын ыдыс).
Говорда ұшырасатын синоним сөздер тек бұлармен шектелмейді. Олар
көлемі жағынан лексикалық ерекшеліктегі категориялардың қай қайсысынан
да басым жатыр. Солардың кейбіреулерін атап өтейік:
Лауа кесе, ным кесе, кла кесе, көкнар кесе (үлкен сорпа құятын кесе);
бардамлы, құрғын (күйлі); бақыраш, сарқым, шәңгіл, шөлмек (су ішетін
ыдыс); май нан, шелпек, жайма нан (майға пісірілген нан); қардар, мүтәж
(мұқтаж); ұнасы, кеспек, үзбен (қамырдан кесілген нан); қырма, керсен,
шанақ (кішкене табақ); шылапшын, леген, ләгән (кір жуатын ыдыс); сыпа,
тапшан (жазда отыруға арналған орын); әйдік, нән (үлкен), аяқташпа
9
(малды сойып, жіліктеп бөліп алу); дәбдебе, тәнтәнә (гу-гу әңгіме); сүзекі,
шолпы (қамырды сүзуге арналған бұйым); қолша, дүңгір, бидон, шелекше
(сүт құюға арналған ыдыс); зәңгі, баспалдақ, саты, тепе. Қорыта айтқанда,
диалектідегі синонимдердің негізгі көзі басқа туыстас тілдерден атап айтсақ,
бәрінен бұрын қарақалпақ тілінен кірген сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: