тілінде қазақ тілінің басқа говорларында кездесетін сөздермен қатар, оларда
адамды айтады.
13
қабығы. Өзбек тілінде пучоқ - жемістің, жұмыртқаның қабығы
1
. Қарақалпақ
тілінде пошақ – қабық, п1лле
2
.
Бұл сөздің XV ғасырдағы мағынасы жоқарыдағы мағыналарының
біріншісіне с1йкес келеді. Басақ – егіннің басы, д1ні (колос)
3
. Осыған қарап,
пошақ сөзінің алғашқы мағынасы д1н, ұрық болған. Ал
қабық мағынасы
кейін пайда болған болуы мүмкін.
Жай диалектіде үй мағынасында қолланылады. Парсы тілінде джа
немесе джай түрінде айтылып, орын мағынасында жұмсалады. Парсы тілінен
түркі тілдерінен ауысқан болуы мүмкін. Жергілікті қазақтар тілінде І. үй. ІІ.
орын. ІІІ. тыныштық. Там І. бөлме мағынасында; ІІ. үй мағынасында; ІІІ.
үйдің төбесі мағынасында. Дасымал I. Қазан жуатын шүберек. II. Үйдің
қабырғасының бетін сылайтын, тегістеп жуатын шүберек. III. Жағымпаз,
жарымсақ
мағынасында
қолданылады.
Осы
үшінші
мағынасымен
байланысты «біреудің дасымалын сықпа» деген фразеологизм қалыптасқан.
Қарақалпақ, өзбек тілінде ыдыс-аяқ жуатын шүберек мағынасында
жұмсалады.
Қарақалпақ қазақтары тілінде көп мағыналы сөздер мол-ақ. Жоғарыдағы
айтып өткен сөздердің екі-үш мағынасын кездестіреміз және әуелгі кезде
белгілі бір затқа берілген атау, кейінгі пайда болған заттардың алқашқы
затпен атқаратын қызметінің, не құрылысының ұқсастығының нәтижесінде
алғашқы заттың атауын пайдалана отырып, говордың лексикасында көп
мағыналы сөздер категориясы көрініп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: