Технологиялар



Pdf көрінісі
бет37/57
Дата13.05.2020
өлшемі0,97 Mb.
#67941
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57
Байланысты:
kn-SPT

АТА-АНАЛАРДЫҢ 

ҚАМҚОРЛЫҚСЫЗ 

ҚАЛҒАН 

БАЛАЛАРМЕН 

ӘЛЕУМЕТТІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ЖҰМЫСТЫН ӘДІСТЕРІ 

Бүгінгі  таңда  күнделікті  қолданып  жүрген  және  теориялық 

зерттеулерде  кең  тараған  екі  ұғым қалыптасқан,  олар: жетімдік  және 

әлеуметтік жетімдік ұғымдары. Жетімдік әлеуметтік құбылыс ретінде 

адамзат  қоғамы  пайда  болғаннан  бар.  Сан  жылдық  соғыстар, 

эпидемиялар, уайым-қайғы және т.б. бірнеше себептердің нәтижелері, 

балаларды  ата-аналарынан  айырып,  жетімдер  қатарына  әкеп  қосып 

отырған.  Қазіргі  кездегі  негізгі  себебі  болып  біріншіден,  ата-

аналардың  баласынан  бас  тартуы,  ата-аналық  құқығынан  шектелуі, 

екіншіден  әлеуметтік  соққылардың  нәтижесінде  балалардың  ата-ана 

қамқорынсыз  қалуы,  үшіншіден,  ата-ананың  тілеуінсіз  туған 

нәрестелердің тууы саналады.  

Отандық  заңда  жетім  балаларды  екі  категорияға  бөліп 

қарастырады:  

1. Жетім балалар  

2. Қамқорсыз қалған балалар.  

Жетім балалар қатарына бір не екі бірдей ата-анасынан айрылған 

балалар  жатады.  Қамқорсыз  қалған  балалар  қатарына  ата-анасы  бар, 

бірақ, олармен әртүрлі жағдайдың нәтижесінде байланыстары үзілген 

балалар 


жатады. 

Әлеуметтік 

жетімдік 

бұл 



әлеуметтік 

құбылысқоғамдағыбалалар  санынан  кӛрінеді.  Оған:  ата-аналарынан 

айрылған;  ата-ана  құқығынан  айрылған;  ата-ана  қарауынсыз  қалған; 

ата-анасы  белгісіз  кеткен  балалар  жатады.  Әлеуметтік  жетімдік  - 

отбасындағы  кризистік  жағдайдан  пайда  болатын  құбылыс  болып 

табылады.  Әлеуметтік  жетімдіктің  көбеюінің  себебі  болып:  ата-ана 

құқығынан 

айрылу; 


тұрғындардың 

тұрмыс 


жағдайларының 

нашарлауы;  нашақорлық  пен  алкогольге  құмарлық;  ата-аналардың 

денсаулық  жағдайына,физикалық  немесе  психикалық  жағдайына 

байланысты  балаларын  тәрбиелеуге  мүмкіндігі  жоқ  отбасылар 

санының  өсуі;  қалыпты  өмір  сүру  мүмкіндігі  жоқ  отбасыларының 

көбеюі; кәмелет жасқа толмаған атааналардың балаларды тастап кетуі 

табылады.  Жетім  балалар  бұл  жасы  18-ге  толмаған  немесе  ата-

аналары  жоқ  қайтыс  болған.  Яғни  белгілі  бір  себептермен  бала 

тәрбиесімен  айналыспайды,  бала  жағдайын  ойламайды.  Осындай 

жағдайларда  мемлекет  пен  қоғам  бала  қамқорлығын  өзіне  алады. 

Сонымен  ата-ананың  қамқорынсыз  қалған  бала  санатына  ата-анасы: 

қайтыс  болған;  ата-ана  құқығынан  айлылғандар;  ата-ана  құқығына 

шектелгендер; бас бостандығынан айрылғандар; бала тәрбиесінен бас 

тартқандар.  Балалардың,  оның  ішінде  жетім  балалар  мен  ата-




 

анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен заңды 

мүдделерін  қорғау  мемлекетіміз  ұстанған  саясаттың  басым 

бағыттарының  бірі  болып  табылады.  Бүгінгі  таңда  Қазақстан 

Республикасында  осы  санаттағы  балалардың  құқықтарын  қорғау 

саласына 

қажетті 

нормативтік-құқықтық 

база 

жасалынды. 



Қолданыстағы  заңнамаға  сәйкес  әрбір  бала  отбасында  ӛмір  сүруге 

және  тәрбиеленуге  құқылы.  Осы  заманғы  әлемдік  қауымдастықтың 

дамуы  мемлекеттер  арасында  шекараның  ашықтығын,  әр  түрлі 

елдердегі  адамдардың,  ұлт  өкілдерінің,  этникалық  топтардың  бір-

бірімен  еркін  қарым-қатынасын  қамтамасыз  етеді,  соның  арқасында 

біздің елімізге деген қызығушылық артуда, соның бірі – халықаралық 

бала  асырап  алу  мәселесі.  Дегенмен,  бүгінде  республикада  жетім 

балалар  мен  ата-анасының  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 

арналған  205  мекемеде  17486  бала  тәрбиеленуде.  Оның  ішінде 

денсаулық  сақтау  жүйесінің  26  балалар  үйінде  -  2134  бала,  халықты 

әлеуметтік  қорғау  жүйесінің  19  мүгедек  балалар  үйінде  -  1249  бала, 

білім беру жүйесінің 160 ұйымында - 14103 бала. Адамдардың ерекше 

категорияларымен  жұмыс  істейтін,  олардың  бойындағы  достық  пен 

сүйіспеншілік,  бір-біріне  деген  түсіністік  сезімдерін  оята  білетін 

әлеуметтік  қызметкер  және  психологтар  қажет.  Тәрбиеде  әр  балаға 

жеке  қарау  -  бұл  оқушыны  басқалардан  айырып  тұрған  жеке  бас 

ерекшелігін есепке алу ғана емес. Бұл, бәрінен де бұрын, оқушыға әр 

уақытта  және  барлық  қарымқатынастарда  жеке  тұлға  ретінде,  іс-

әрекеттің жауапты да өзінөзі тани алатын субьектісі ретінде қарау.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет