Ќазаќстан республикасы білім жјне єылым министрлігі


Меншікті  салмақ,  тығыздық



Pdf көрінісі
бет21/48
Дата17.05.2020
өлшемі1,06 Mb.
#69177
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Байланысты:
Технологиялық минералогия пәнінінің дәрістері

Меншікті  салмақ,  тығыздық.  Заттың  салмағын  көлеміне  бөлсек 

меншікті салмақ шығыды. Оның өлшем бірлігі  г/см

3

 немесе кг/м



3

Минералдың  меншікті  салмағы  оның    ішіне  кіретін  атомдардың 



иондардың  атомдық  салмағына,  элемнеттің  иондық  радиусына,  валенттілігіне 

және  кристалдық  тор  құрылысына  байланысты.  Сондықтан  минералдың 

молекулалық  салмағы  мен    меншікті  салмағының    арасында  үлкен 

айырмашылық бар. Мысалы, мыстың атомдық салмағы күмістікінен  екі есеге 

таяу  жеңіл  (мыстікі–63,57,    күмістікі–107,88)  болса    ал  олардың    меншікті  

салмақтарының  айырмашылығы    болымсыз  ғана  (мыстікі–8,9,   күмістікі–10,5) 

болады. 

Меншікті  салмақтың  атомдық  құрылысқа  тығыз  байланысты  екенін 

графит  пен  алмазды  салыстырудан  көреміз.  Олардың  екеуіде  көміртектен 

тұрады,  бірақ  атомдық  құрылысы  екі  түрлі  болғандықтан( графиттің  меншікті 

салмағы– 2,2,  алмаздікі–3,5) алмаз ауыр. 

Минералдардың  әрбір  белгілі  топтарының  меншікті  салмағы  өзіне  тән 

шектен  асып  кетпейді.  Органикалық  минералдардың  меншікті  салмағы  1-ден 

көп  аса  қоймайды  (көмірдікі    –1,1-1,3,  мұнайдікі –  0,8).   Жеңіл  элементтердің 

тұздары мен тотықтарының меншікті салмағы 2,0-3,5 шамасында болады. Ауыр 

металдардың қосындыларының меншікті салмақтары 3,0-10,0 шегінде өзгереді.  

Меншікті  салмағы  ең  ауыр  минералдар    жеке  түрінде  кездесетін  ауыр 

металдар.  Мысалы,  мыс  (8,9),  күміс  (10-11),  сынап  (13,6),  алтын  (15-19), 

платина тобы (14-20), иридий мен осмии тобы (17-23). 



 

28 


Минералдардың  меншікті  салмақ  аралығындағы  айырмашылық  кен 

байыту саласында кеңінен қолданылады. Осыған негізделген әдісті гравитация-

лық байыту әдісі деп аталады. 

Кеннің  негізі  алюмосиликаттан  тұрады  .Оны  құрайтын  минералдардың 

меншікті салмағы орташа 2,6–2,7. Ал бағалы минералдардың  меншікті салмағы 

3,0-тен  кем  болмайды,  демек  оларды  бос  жыныс минералдарынан  оңай  бөлуге 

болады. Гравитациялық әдіспен алтын, темір, вольфрам, қалайы, кендері, көмір 

және т.б. байытылады. 



Магниттік. Минералдар осы қасиетіне қарай үш топқа бөлінеді: 

1) ферромагнитті,  яғни күшті магнитті,  

2) парамагнитті, яғни әлсіз магнитті  

3) диамагнитті болып.  

Ферромагниттік  қасиеті  бар  минералдарға  жататындар:  магнетит, 

никельді темір, ферроплатиналардың  кейбір түрі. 

Магнитттік қасиет минерал құрамына магниттік моменті бар атомдардың 

кіру  не  кірмеуіне  тәуелді.  Атомдарында  магниттік  моменті  бар  элементтерге 

жататындар:  темір,  никель,  кобальт    және  маргенец.  Бірақ  олар  құрамдарына 

кіретін  кез  келген  минералдарда  магниттік  қасиет  бола  бермейді,  Олай   болса 

оған  басқада  факторлар  әсер  етеді.  Оларға  жататындар:  магнитті  моменті  бар 

атомдардың белгілі қосылысында  валенттіліктерінің және атомдар арасындағы 

байланыс түрлері. 

Мысал  үшін  темірдің  екі  минералын  магнетит  және  гематитті  алайық. 

Бірінші минералдың магнитті қасиеті күшті  ал екіншісінікі  болымсыз.  Екеуіде 

оттектен  тұрады.  Олардың  айырмашылығы  -  темір  атомдарының  валенттілігі 

екеуінде екі түрлі гематит үшке тең ал магнетитте аз және олардың кристалдық 

құрылымдары  әр  түрлі.  Жалпы  заттардың  магниттік  қасиетін  анықтайтын 

белгілі бір теориялық заңдылық жоқ. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет