40
ОҚУЛЫҚПЕН ЖӘНЕ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНМЕН ЖҰМЫС
Оқу-әдістемелік кешен (бұдан әрі – ОӘК) – оқушының пән бойынша білім мазмұнын
игеруін қамтамасыз етуге бағытталған оқу және әдістемелік материалдар жиынтығы.
Қазақстанның жалпы білім беретін мектептеріндегі «Математика», «Алгебра» және
«Геометрия» пәндері бойынша ОӘК үш компоненттен тұрады: оқулық, мұғалімге арналған
нұсқаулық және жұмыс дәптері.
ОӘК оқушыларда оқылатын пәнге деген қызығушылық қалыптастырып, сын
тұрғысынан ойлау дағдыларын дамытуға, оқушыларды зерттеуді қажет ететін мәселелерді
шешуге тартуға мүмкіндік беретін белсенді оқуға негізделген. ОӘК-те ұсынылған
материалдар ғылымилық және жүйелілік қағидатына, оқушылардың жас ерекшеліктеріне
сәйкес келеді.
Достарыңызбен бөлісу: