жасау қабілеті, өзге мәдениет пен көзқарастарға құрметпен қарау, жауапкершілік,
денсаулық, достық, маңайындағы адамдарға қамқорлық таныту, өмір бойы білім алуға
дайын болу және т.б. рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.
пен эмоциялық зиятын, жеке тұлғалық қасиеттерін, ынталандырушы ортасын және т.б.
оқу пәнінің қисынында материалды міндетті түрде жүйелі және тізбектеп
41
оқушыларды сол пәнді оқуға ниеттендіретін, оқуға деген танымдық
қызығушылығы мен жағымды көзқарас қалыптастыратын ынтаның пайда болуына
бағытталған ынталандырушы функция;
меңгерілуі тиіс ғылыми білімді педагогикалық тұрғыдан өңдеуді көздейтін
трансформациялық функция;
оқушыға оқулықта баяндалған материалдан іргелес ғылымдар бойынша қосымша
ақпарат алуға көмектесетін ықпалдастырушы функция;
оқу материалымен жұмыс істеу барысында әртүрлі оқу құралдарын қолдануды
(анықтамалықтарды, есеп жинақтарын, карталарды, көрнекіліктерді, фильмдерді, оқу
құралдарын, электрондық ресурстарды және т.с.с.) қамтамасыз ететін және олардың тиімді
әрі оңтайлы қолданылуын қамтамасыз ететін үйлестіруші функция;
оқу барысын тексеруге, өзін-өзі және өзара бағамдауға және оқу нәтижелерін
түзетуге көмектесетін, сондай-ақ қажетті икемдер мен дағдыларды қалыптастыру үшін
машықтандыру жаттығуларын орындауға ықпал ететін бақылаушы-түзетуші функция;
оқушылардың білімді өз бетінше алуға (табуға) ынтасы мен икемін
қалыптастыруға, біліміндегі олқылықтарды өздігінен толтыруға көмектесуге бағытталған
өздігінен білім алу функциясы.
Достарыңызбен бөлісу: