Оқу бағдарламасына өзгеріс енгізудің маңызы
Технология, коммуникация және ғылым салаларындағы елеулі өзгерістер әлемдік
экономикаға айтарлықтай ықпал ете отырып, әрбір азаматқа ХХІ ғасырда табысты болу
үшін қажетті білім мен дағдыларды алға тартады. Қарқынды жаһандану, сондай-ақ, ұлттық
экономикаға да ықпал етуде және қазіргі уақытта экономикалық дамуды қамтамасыз етуге
бағытталған халықаралық бәсекелестік артты. Женевадағы Халықаралық еңбек ұйымының
(2006) баяндамасы мұның жеке азаматтар үшін маңыздылығын көрсетті: «... көлік және
коммуникация саласындағы елеулі жетістіктермен қатар, сауда мен капитал ағымын
ырықтандыру: өз еңбегінің жемісін сату үшін әлемдік нарықта өзара бәсекелестіктегі
жұмысшылар мен жұмыс берушілердің саны күннен-күнге артып келе жатқандығын
көрсетеді» (VII б.). Жаһандану тек жұмыс орындарына әсер етіп қана қоймай, сонымен
қатар, оның қолжетімді жұмыс түрлеріне және сәйкесінше, жұмыс табу үшін қажетті білім
мен дағдыға да әсері артып келеді.
Гриффин және басқа авторлардың (Griffin, P., McGaw, B. and Care, E., 2012) айтуы
бойынша: «...экономикасы дамыған елдерде өнеркәсіптік өндірістен ақпараттық қызмет
көрсету және байланыс қызметін көрсетуге ауысып жатқаны айтарлықтай байқалды» (17-
б.). Білім беру жүйесін жаңартуға арналған бұл экономикалық дәлелдерге қоса, қазіргі ХХІ
ғасырда басқа да негіздер бар: өзара қарым-қатынастың арттыру; әлеуметтік өзгерістер; ауа
райының өзгеруімен байланысты проблемалар; бүкіл әлемдегі халық санының қарқынды
өсуі; шектеулі ресурстарға деген сұраныстың өсуі; осылардың барлығы мектеп оқушылары
қазіргі заманда және келешекте табысқа қол жеткізу үшін бұрынғыға қарағанда анағұрлым
көп дағдыларды меңгеруі қажет екенін көрсетеді.
Білім – елдердің бәсекелестікке қабілетті болуын қамтамасыз ететін ең тиімді әрі ұзақ
мерзімді стратегия. Көптеген авторлар, соның ішінде Виллем Те Вельде (Willem te Velde,
2005) жаһанданудың қазіргі кезеңінде жоғары сапалы білімнің қажеттігі туралы өз
пікірлерін айтты. Қазіргі таңда экономикалық өсу және азаматтардың әл-ауқаты үшін
білімнің айтарлықтай маңызды екенін бүкіл әлем мойындауда. М. Муршед және басқа
авторлар (Mourshed, M. et al, 2010) жоғарыда аталған мәселелерді шешу мақсатында өзгеріс
енгізу үдерісіне қатысатын жүйелердің саны артып отырғанын, білім беруді
реформалаудың қарқынды артып келе жатқанын атап көрсетті.
Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы
мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені
үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сияқты негізгі сауалдар
6
туындайды. Бұл сауалдар оқу бағдарламасымен және оқу бағдарламасын жүзеге асыруда
қолданылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жоғарыда сипатталған жаһандық
проблемаларға жауап бере алатындай жұмыстар республикалық деңгейде жүргізілуде. Оқу
бағдарламасындағы ұлттық стандарттарға, бағалауға, оқулықтар мен оқыту әдістеріне
қатысты білім беру саласындағы өзекті құндылықтар мен мақсаттар мектеп оқушыларының
жалпы үлгерімін арттыруды, сондай-ақ инновация мен көшбасшылықты енгізу үшін талап
етілетін дағдыларды дамытуды, мектеп мәнмәтіні арқылы ұлттық сананы қалыптастырып,
іске асыруды және ауқымды халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесуді көздейді.
Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін
қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндер бойынша орта білім берудің
(бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартын бекіту, үлгілік оқу бағдарламаларын әзірлеу осы үдерістің бір бөлігі болып
табылады. Математикалық білім негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп
бағдарламасында жетекші орын алады, бұл математиканың тәжірибелік маңызымен,
адамның қалыптасуы мен ойлауындағы мүмкіндіктермен, қоршаған әлемді танудағы
ғылыми әдістер туралы түсінікті қалыптастырумен айқындалады.
«Математика», «Алгебра» және «Геометрия» пәндерін табысты оқыту мұғалімнің
кәсіби тәжірибесіне және біліктілігіне, оқыту үдерісінің нәтижесіне баса назар аударуына
тікелей байланысты. Қазақстан Республикасында орта білім беру мазмұнын жаңарту
аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсы жаңартылған мазмұнды іске асыратын
мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған.
Достарыңызбен бөлісу: |