Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық



Pdf көрінісі
бет6/57
Дата18.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69462
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
2 Матем. Мұғалімге арналған нұсқаулық

 

 


 

 



ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ 

 

«Біздің  міндетіміз  –  білім  беруді  экономикалық  өсудің  жаңа  моделінің  орталық  буынына 



айналдыру.  Оқыту  бағдарламаларын  сын  тұрғысынан  ойлау  қабілетін  және  өз  бетімен  іздену 

дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.» 



«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті 

Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

 

Соңғы уақытта табысты болу үшін оқушыларға білім қаншалықты қажет болса, дағды 



да  соншалықты  қажет  деген  ойдың  жақтастары  көбейіп  келеді.  Бұл  оқушылардың 

ақпаратты  есте  сақтап,  алған  білімдерін  ұғынуын,  түсінуін  және  әртүрлі  салада  қолдана 

білуін  талап  етеді.  Алған  білімді  күнделікті  өмірде  қолдану  оқушыларға  «ХХІ  ғасыр 

дағдысы»  деп  жиі  айтылып  жүрген  кең  ауқымды  құзыреттілікті  меңгеруге  мүмкіндік 

береді. 

ХХІ  ғасыр  дағдылары  деген  ұғымның  бірнеше  анықтамасы  бар.  Бұл  Бағдарламада 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау 

және іріктеу жобасының шеңберінде жасалған құрылым пайдаланылады. Бұл ретте құзырет 

«жай  ғана  білім  мен  дағдыдан  анағұрлым  күрделі.  Ол  белгілі  бір  жағдайларда 

психологиялық  ресурстарды  (оның  ішінде  дағдылар  мен  өмірлік  ұстанымдарын) 

жұмылдыра және соған сүйене отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. 

Мысалы,  тиімді  қарым-қатынас  құру  қабілеті  жеке  адамның  тіл  білуіне,  ақпараттық 

технологиялар  саласындағы  тәжірибелік  дағдыларына  және  оның  өзгелермен  қарым-

қатынас құра алуына сүйенетін құзырет болып табылады». 

Жаңартылған  оқу  бағдарламаларында  оқушылардың  бойында  қалыптастыру  қажет 

келесі құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте): 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет