ФИЗИКА • КҮШТЕР • ҚЫСЫМ
7
Қосымша сұрақтар
С13. Ұшақ бортындағы ауа қайдан алынады?
Кабинадағы жоғары қысымды ұстап тұру үшін ұшақ ауаны сырттан алуы қажет. Бұл әдетте қозғалтқыштардан
“ауа сорғылары” арқылы алынады. Қозғалтқыштар ауаны сорғандықтан, ол сығылып, температураның
жоғарылауына алып келеді. Бұл ыстық ауа суытылып кейін салонға беріледі. Кабина ішіндегі ауа ұшақтың
артқы бөлігіндегі клапондар арқылы шығарылады. Ол қажетті қысымды ұстап тұруға көмектеседі.
Кейбір заманауи ұшақтар қозғалтқыштан ауа сорғыларын қолданбайды. Оның орнына, олар қажетті қысымды
ұстап тұру үшін ауа жіберетін электр ауа компрессорларын қолданады.
• Неліктен сүңгігіштерге қысым әсер етеді?
Сүңгігіштер су астына сүңгігенде, олар өз үстіндегі ауа салмағының
әсерінен пайда болатын қысымға төтеп беруімен қатар өз үстіндегі су
салмағының әсерінен пайда болатын қысымға төтеп беруі қажет. Су ауамен
салыстырғанда тығызырақ болғандықтан, қысым өте жылдам жоғарылайды.
Тек 10 м тереңдікте сүңгігішке жер деңгейінен екі есе үлкен қысым әсер
етеді. Әр 10 м сайын сүңгігішке әсер ететін қысым 100 000 Пa-ға
(≈1 атмосфера) өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |