ФИЗИКА • КҮШТЕР • ҚЫСЫМ
8
• Тест
Газ заңдары
Тереңдетілген
Негізгі
• Келесі газдардың қайсысы біз тыныс алатын
ауаның құрамында кездеспейді?
A – азот
B – аммиак
C – көмірқышқыл газы
D – оттегі
• Ауа қысымы ненің әсерінен болады?
A – ауадағы бөлшектер
салмағынан
B – денелер ауа арқылы өткенде
пайда болатын үйкеліс әсерінен
C – беттік ауданмен соқтығысатын
бөлшектерден
D – ауа бөлшектерінің арасындағы
тартылыс күшінен
• Неліктен сүңгігіштерге баллоннан тыныс алу
үшін арнайы аппарат қажет?
A – газ қысымда орналасқан және
ол босатылғанда газ беріледі
B – баллоннан ауаның босауы қиын
C – сүңгігіш тыныс алар алдында
газ қыздырылған болуы тиіс
D – ауа баллоннан шыққан уақытта
өте ыстық болады
• Белгіленген тұрақты көлемге газдың көбірек
молекуласын қосқанда, не болады?
A – қысым төменейді себебі
бөлшектердің қозғалатын кеңістігі
азаяды
B – кейбір газдар үшін қысым
төмендейді, ал басқалары үшін
жоғарылайды
C – молекулалар контейнермен
соқтығысатындықтан, қысым
жоғарылайды
D – бөлшектер бір-бірімен жиі
соқтығысатындықтан қысым
жоғарылайды
• Газдың температурасы қысымға қалай әсер
етеді?
A – температура
жоғарылайтындықтан қысым
төмендейді
B – әсері жоқ
C – қысымның жоғарылауы
немесе төмендеуі қолданылатын
газға байланысты
D – температура
жоғарылайтындықтан қысым артады
• Температура газдағы бөлшектер
жылдамдығына қалай әсер етеді?
A – температура жоғарылаған
сайын бөлшектер жылдамдығы
артады
B – жылдамдықтың жоғарылауы
немесе төмендеуі қолданылатын
газға байланысты
C – температура жоғарылаған
сайын бөлшектер жылдамдығы
төмендейді
D – температураның бөлшектер
жылдамдығына әсері жоқ
|