Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ



Pdf көрінісі
бет20/104
Дата28.05.2020
өлшемі1,59 Mb.
#71417
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104
 
Дәлелдеу 
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану – білім беру 
бағдарламасының  өзекті  аспектісі.  Осы  ойлау  дағдыларын  қалыптастырудың  маңызды 
тәсілдерінің  бірі  –  дәлелдеу.  Дәлелдеу  кез  келген  пікірталас  бастау,  жүргізу  және  оны 
бағамдау үшін маңызды, әсіресе информатиканы оқытуда  оның  маңызы өте зор, себебі онда 
берілген  мәселенің  бір  шешімі  болғанымен,  тапсырманы  әртүрлі  құралдар  мен  тәсілдер 
арқылы  орындауға  болады.  Сондай-ақ  бұл  Қазақстан  Республикасындағы  жаңартылған 
жалпы білім беру бағдарламасында басым болып табылатын құндылықтар мен дағдыларды, 
мысалы,  шығармашылық  және  сын  тұрғысынан  ойлау,  қарым-қатынас  жасау  дағдыларын 
дамытудың негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады. 
Сыныпта  оқытуда  кеңінен  қолданылатын,  өзара  әрекеттесудің  түрлі  жағдайларында 
қалыптасатын және жүргізілетін оқудың екі саласы бар; бұл монологтік және диалогтік оқу 
(Alro & Skovsmose, 2002). Монологтік көзқарас заттарды абсолюттік материя ретінде түсінеді 
және бұған дейін алынған білімнің негізінде қалыптасады, ал диалогтік көзқарас білімді оқу 
барысында  жүретін  үдеріс  ретінде,  дәлелдеу  барысында,  яғни  пікірталас  пен  келіссөз 
барысында  қалыптасатын  білім  ретінде  қарастырады.  Дәлелдеудің  үлгісі  мен  күрделілігін 
сипаттау  жөніндегі  Толминнің  (Toulmin,  1958)  жемісті  жұмысы  білім  беру  саласындағы 
зерттеулерге, соның ішінде зерттеуге негізделген оқуды пайдалануды бағамдауға ықпал етті 
(мысалы,  Simon  et  al.,  2006;  Katchevich  et  al,  2013).  Зерттеуге  негізделген  оқу  барысында 
оқушылар,  қажет  болған  жағдайда  мұғалімнің  көмегімен,  идеяларды  түсіндіру,  талқылау, 


28 
оларға  қарсы  шығу  және  өз  ойларын  қайта  қарау  арқылы  пікірталасқа  араласа  отырып, 
белсенді рөл атқарады (Goos, 2004). 
Сыныптағы  әңгіме  түрлері  мәселесі  отандық  әдебиетте  де,  шетелдік  ғалымдардың 
еңбектерінде де көптеп кездеседі. Шәкәрім Құдайбердіұлы «оқытудың ең үздік тәсілі – әңгіме, 
ол  мұғалімнің  тәлімгерлік  шеннен  түсіп,  оқушылармен  тең  дәрежеде  ақиқат  іздеушіге 
(оқудағы  болса  да)  айналады»  деген  болса,  «мұғалім  балалармен  сөйлескенде  ашуланбай, 
күйгелектенбей,  сабырлықпен  сөйлеп,  шұбалаңқы  сөздермен  керексіз  терминдерді 
қолданбастан,  әрбір  затты  ықыласпен,  қарапайым  тілмен  түсіндіру  керек»  дейді  Ы. 
Алтынсарин  (2004).  Л.И.Божович,  В.В.Давыдов,  Д.Б.Эльконин  бастауыш  сыныптарда 
балалардың құрдастармен жақындығына қарамастан, ересек адам, әсіресе мұғалім олар үшін 
бедел  иесі  болып    табылатындығын    көрсетеді.  Егер  кіші  мектеп  жасындағы  балалар  үшін 
ұстаз барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын 
болса, ал ересек балалар, яғни жоғарғы сынып оқушылары ұстаздың әрбір қимыл-қозғалысын, 
іс-әрекеті  мен  сөйлеген  сөзіне,  оның  ақыл-кеңесіне  өзге  адамдармен  қарым-қатынасына, 
шәкірттерге қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. 
Сонымен  қатар,  Нил  Мерсердің  диалогтік  әңгіме  мен  кері  байланыстың 
артықшылықтары тақырыбына арналған көптеген еңбектері бар (мысалы, 2008).  
Негізінен мұғалімнің басымдығымен өтетін кейбір сабақтарда оқушыларға өздері көріп  
зерделеген  көрнекі  материалды  қайталап  сипаттау  ұсынылады.  Жаңартылған  білім  беру 
бағдарламасы  бойынша  оқытуда  әлеуметтік-мәдени  тәсілге  басымдық  беріледі,  сабақ 
барысында  пікірталас  пен  ұжымдық  дәлелдеуге  барынша  назар  аударылады  (Miller,  1987; 
Brown&Renshaw, 2000). Мұндай сабақтарда оқушы басқа оқушыларға тұжырымын өз сөзімен 
түсіндіру үшін бірқатар сұрақтар мен топтық талқылауды пайдалана отырып, проблемаларды 
шешу  үшін  бірлесіп  жұмыс  істейді.  Мұғалімдер  оқушылардың  берген  түсініктемелеріне 
құрметпен қарап, оның құнды екенін түсінуі, проблеманы шешудің осындай ерекше тәсілдері 
басқа оқушылардың проблеманы түсінуіне көмектесе алатындығын мойындайды. Ұжымдық 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет