38
оқушылар біледі деп күтілетін алдыңғы білімі, бөлімнің мәнмәтіні және бөлімнің қысқаша
сипаттамасы жазылады. Бұл оқу бағдарламасынан алынған оқу мақсаттарына сәйкес келетін,
сабақ кезінде қолдануға ұсынылған бірқатар жаттығулармен бірге беріледі. Белгілі бір
тақырып үшін ұсынылған барлық жаттығуларды бірден алдын ала зерделеп шығу пайдалы
болмақ. Бұл ретте өз оқушыларыңыздың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында кез
келген жаттығуды өзгертуге болатынын естен шығармау қажет (айталық, жаттығуды сіздің
жағдайыңызға анағұрлым сәйкес келетін немесе лайықты басқа жаттығумен ауыстыру).
Сонымен қатар, оқушыларға орындау оңай немесе қиын болатынын ескере отырып, белгілі бір
жаттығуларды орындауға көбірек уақыт беріп, ал кейбіреулеріне аз уақыт беру мәселесін де
алдын ала шешіп алған дұрыс болады. Сабақ жоспарына орындау міндетті болып табылатын
бұйрық нысанындағы құжат ретінде емес, бағыт-бағдар көрсететін көмекші ретінде қараған
маңызды, оқушылардың қажеттіліктерін мүмкіндігінше толық қанағаттандыру мақсатында
жоспарға өзгеріс енгізу қажет болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: