37
Портфолиода сондай-ақ, білім алушылардың бағалау критерийлері бар бөлім/ортақ
тақырыптар бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау кезінде орындаған жұмыстары, балл
қою кестелері, білім алушылардың рефлексиялары, мұғалімнің ұсыныстары көрсетілген кері
байланыстары болуы қажет.
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен,
оқушылардың оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын
дамытуға деген уәжін қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеуде
қалыптастырушы бағалаудың әр сабақта қолданылатындығы ескерілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: