Бағдарламасының титулдық парағы Нысан пму ұс н


Дәріс №4. Үкіметтік пиар.Оның кітапхана ісімен сабақтастығы



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата29.05.2020
өлшемі132,66 Kb.
#71561
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Дәріс №4. Үкіметтік пиар.Оның кітапхана ісімен сабақтастығы.

1.Үкіметтік пиар. 

2. Саяси пиар.

Біздің елімізде қоғаммен байланыстың батыстық үлгілері 1991 жылдан

бастап   пайда   бола   бастады.   Белгілі   журналист   С.Матаев   мемлекет

басшысының алғашқы баспасөз хатшысы болып тағайындалды.Кейіннен ол

Ұлттық   баспасөз   клубын   ашты.Оның   бүгінде   Астана,Шымкент,Ақтөбе

қалаларында   филиалдары   бар1995-1997   жылдары   премьер-министрдің

баспасөз хатшысы қызметін атқарған Ә.Қосанов біздің елімізде бірінші рет

Үкімет басшысының баспасөз хатшысы қандай болуы керек екенін өз ісімен

танытты.Ел   үкіметі   соңғы   4-5   жылда   қоғаммен   байланыстың   қажеттігін

сезіне   бастағандығын   «ҚР   Мәдениет,ақпарат   және   қоғамдық   келісім

министрлігі» атауынан-ақ көре аламыз.Мұндай басқарма-бөлімдер облыстық

және   қалалық   әкімшіліктерде   кездеседі.Бірақ   өкінішке   орай   ,ол

әкімшіліктердегі қоғаммен байланыс үшін жауап беретін қызметкерлер өзінің

қызметтік   функциясын   айқын   түсінбейді.Себебі,олардың   арнаулы   кәсіби

білімі жоқ.

Қазақстан   Республикасының   Парламентінің   қос   палатасындағы

баспасөз қызметінің штатында 3-4 адам ғана жұмыс істейді.Олар өздерінің

бүкіл   қызметі   депутаттардың   брифингтері   мен   баспасөз   мәслихаттарын

ұйымдастырып   берумен   ,сондай-ақ   ірі   бұқаралық   ақпарат   құралдарының

өкілдерін акредитациялық тіркеуге алып,оларға алдағы күні қаралатын   заң

жобалары мен шағын пресс-релиздер таратумен шектеледі деп есептейді.Ал

парламент   жұмысы   туралы   қоғамдық   пікірді   жинау,талдау,болжау   жасау

қызметтерін басқа бөлімдер атқаруға тиіс деп ойлайды.

Саяси   пиар.Қоғаммен   байланыстың   дамуына   ерекше   үлес   қосатын

саяси кезең ол-сайлау науқаны.Біздің елімізде 1999 жылғы 10 қаңтарда өткен

ҚР   Президентінің   сайлауы   кезінде   ғана   пиар   технологиялар   кеңінен

пайдаланылды.Әсіресе   сайлау   науқанының   қарсаңындағы   президенттікке

үміткерлердің баспасөз бетіндегі   саяси тартыстарды көпшіліктің көңілінде

айтулы   саяси-шоу   ретінде   есте   қалды.Мысалы,Ғани   Қасымұлының     КТК

телеарнасындағы саяси ойыны ерекше әрі сәтті шыққан.

Парламенттік   сайлаулардың   ішінде   1994   жылғы   сайлауды   мамандар

Қазақстан   тарихындағы   алғаш   рет   нағыз   бәсекелестік   жағдайында   өткен

депутаттық   сайлау   деп   бағалады.Бірақ   ол   кезде   1999   жылғы   өткен

парламенттік   сайлаудағыдай   пиар   технологияларын   білместіктен

пайдаланылмағаны мамандарға түсінікті.1999 жылғы депутаттар сайлауында

бірнеше саяси пртиялар өздерінің имиджін БАҚ арқылы әсерлі түрде жасай

алды.Әсіресе,жаңадан құрылған Азаматтық партиясы қоғаммен байланыстың

шетелдік үлгілерін сауатты түрде пайдалана білді.




Бір   өкініштісі,бұл   сайлауларға   саяси   кеңесші   ретінде   Ресейдің   және

жекелеген   батыс   елдерінің   имиджмейкерлері   ғана   тартылды.Ал   отандық

сайлау   кеңесшілерінің   қызметі   ойдағыдай   пайдаланылған   жоқ.Егер   бізде

кәсіби   мамандардың   дайындалмағанын   ескерсек,бұл   түсінікті   де.Содан

кейін,көптеген   депутаттыққа   үміткерлердің   пиар   мамандарының   қызметін

қажетсінбегенін   де   айта   кету   керек.Депутаттыққа   үміткерлер     сайлау

технологияларына   емес,жоғары   биліктің   өзіне   сайлау   науқанында   қолдау

кқрсету туралы уәдесіне  кқбірек сенетін көрінеді.Яғни,бізде демократиялық

сайлау   әдіс-тәсілдерінен   гөрі   бұрынғы   әкімшілік-әміршілдік   тәсілдер   әлі

күнге дейін орын алып келеді.

Саяси   пиар   біздің   елімізде   2001   жылдың   қазан-қарашасынан   бастап

2002   жылдың   сәуір-мамыр   айларына   дейін   созылған   үкіметтік   дағдарыс

кезінде  ақпараттық соғыс нысанында айқын көрініс тапты.

Коммерциялық   мекемелердегі   PR-ға   тоқталатын   болсақ,мұнда   да

өзіндік   ерешеліктеріміз   бар.Мәселен,1990-шы   жылдардың   басында

Қазақстанда   жарнама   нарығы   қарқынды   түрде   дамыды,тәуелсіз   бұқаралық

ақпарат құралдары пайда болды,жарнама өнімін өндірушілер көбейді.Осыған

орай,жарнама   мен   пиар   тығыз   байланыста   қарастырылды,екуі   бір   деген

мағынада   ұғынылатын   болды.Сол   түсінік   әлі   күнге   дейін   кәсіпкерлердің

санасында   біржола   қалыптасып   қалғандай.Көптеген   жарнама   агенттіктері

өздерін   әрі   пиар   агенттігі   деп   таныстырады.Ірі   компаниялар   мен

фирмалардың   жарнама   бөлімдері   қоғаммен   байланыс   қызметін   қоса

атқарады.Осыдан   болу   керек   «жай   жарнама»және   «саяси   жарнама»деген

ұғымдар қалыптасқан.

Жалпы   алғанда,шетелдің   инвестор   компаниялары   болмаса,отандық

акционерлік  қоғамдар   мен  фирмалар   өнеркәсіп,сауда   және   қызмет   көрсету

салаларында   қоғаммен   байланыс   қызметін   ойдағыдай   пайдаланып

отырмағаны байқалады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет