1.Қазақстандық 3 аспект.
-PR Технологияларының да және қызметінің де сапасының артуы.
ретінде оқу бағдарламасына енгізілді.Осы мамандықтың негізінде біздің
факультетімізде 2001-2002 оқу жылының басында «БАҚ менеджменті және
жарнама» деп аталатын жаңа кафедра ашылды. Журналистика факультеті
аталмыш жаңа мамандық бойынша екі рет оқуға талапкерлерді қабылдады.
1990 жылдардың басында бұл мамандық Қазақстанда КИМЭП-те ғана
дайындалатын. 1998 жылдан бастап Алматы менеджмент мектебінде де
оқытылатын болды.
Оқу ісіндегі ең басты мәселе-практик-оқытушылардың аздығы. Екінші-
оқулық мәселесі. Бізде Қазақстан жағдайына байланысты жазылған бірде-бір
оқулық жоқ. Сонымен қоса біз, студенттер мен оқытушылар қауымы оқу
процесіне қатысты материалдарды орыс тілінен қазақ тіліне аударып оқуға
мәжбүрміз. Бірақ бұл жақын болашақтың еншісіндегі іс деп ойлаймын.
PR ғылымы туралы сөз етсек,онда сайлау технологияларына қатысты
саясаттану ғылымы бойынша бірнеше кандидаттық еңбектер қорғалды.2001
жылы белгілі саясаткер Е.К.Ертысбаев докторлық еңбек жазды. ҚазМҰУ-дің
доценті Л.Ф.Адилова еліміздің танымал саясаткерлерінің имиджін зерттеп
жүр. Саясаттану ғылымдарының докторы Ғ.Ж.Ибраева БАҚ және пиар
байланысы жөнінде ізденіс жасауда.
Қазақстан пиары Ресейдің қоғаммен байланысынан бірнеше жылға
артта қалып келеді.1991 жылы Ресейдің қоғаммен байланыс жөніндегі
ассоциациясы құрылған.Мұндай ұйым бізде 1998 жылдың басында пайда
болды.Оның өзінде бұл ұйым еліміздегі президенттік сайлау қарсаңында бір-
ақ рет ғылыми конференция ұйымдастырды да,содан кейін із-түссіз жоқ
болып кетті. Сол кезде бірқатар отандық пиар-агенттіктер бой көрсетті.
Олардың қатарында Гиллер институтын, «SR» қоғаммен байланыс жөніндегі
агенттігін , «Ренессенс» консалтингтік агенттіктерін атап өтуге болады.
Ресейдің жоғарғы оқу орындарында «қоғаммен байланыс» мамандығы
1995 жылы ашылған.Бүгінде ол елдің 40 шақты жоғарғы оқу орындарында
аталмыш мамандарды дайындауда.1997 жылы «Советник» атты журнал
ашылған.Бізде «Технология управления»журналы 2001 жылы жарық
көрді.Оның өзін таза қоғаммен байланыс саласына арналған басылым деп
атауға келмейді және осы журналды көпшілік әлі күнге дейін біле бермейді.
Қоғаммен байланыс саласындағы келеңсіздіктер мұнымен бітпейді: сайлау
алдындағы науқандар кезінде отандық саясаткерлер ресейлік немесе
украиналық құрылымдардың қызметіне жүгінеді екен,бұл өз кезегінде
отандық пиар өндірісінің нашар дамығанын немесе осы ұғымның бізідң
елімізде әлі де болса қалыптаса алмай жатқанын көрсетеді.
Бұл отандық нарықтың кішігірім болуымен байланысты. Себебі,
Қазақстанда 16 млн. адам тұрады. Шетелде бар мүмкіндіктер бізде жоқ.
Алайда, отандық компаниялар шетелдік әріптестерінің жұмысын әрдайым
бақылап, олардан үйреніп отырады. Яғни,елдің аумағына халықтың саны
сәйкес келмейді. Ол өз кезегінде қоғаммен байланыс саласының
мамандарына деген сұраныстың көлеміне елеулі әсер етеді. Сұраныстың
аздығымен қоса,сұрау салушы топ өзге елдің мамандарына жүгінетін
көрінеді. Сұраныстың аз болуының тағы бір себебі,жұртшылық қоғаммен
байланыс саласы мамандарына тек қана саяси науқандардың кезеңінде ғана
жүгінеді. Дегенмен де тәуелсіздік алғанына 20 жыл ғана болған ел көші жүре
түзелер.
Достарыңызбен бөлісу: